Автор: admin

Футболдан 2014 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алған 32 ел анықталды. Оның бірі – жарыс өтетін Бразилия. Украина мен Франция құрамасы арасындағы матч. Киев, 15 қараша 2013 жыл.  Руслан МЕДЕЛБЕК Футболдан әлем біріншілігіне іріктеу 2013 жылы қарашаның 20-cы күні аяқталды. Іріктеуге 203 ел құрамасы қатысты. Чемпионатқа баратын 32 елдің арасында әлем чемпионаты жолдамасын алғаш иеленген Босния мен Герцеговина, әлем біріншілігіне соңғы рет 1998 жылы қатысқан Колумбия да бар. Бұл жолғы жарысқа 2002 жылдан кейін іліне алмай жүрген Бельгия мен Ресей де бармақ.

Read More