Автор: admin

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ Кезінде тағдырдың талайымен ата­мекеннен жырақ, сыртта қалған қан­дас­тарымыздың мәселесі кімді де болса тол­ғандырары анық.  Нақты деректерге сүйенер болсақ, шекараның ар жағында 5 миллионнан астам қазақ әлемнің 44 мемлекетінде тарыдай шашылып жа­тыр. Олардың өмір сүріп жатқан ортасы қандай, қандастарымыз ата-баба тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап отыр ма? Әлде өзге ұлттарға жұтылып бара ма? Оларды елге шақыруда қазақ билігі қандай тірлік атқаруда? Сыртта қалған қаракөз ба­уырларымызбен қарым-қатынас қандай жолға қойылған? Олардың мұң-мұқ­та­жына Қазақстан дипломатиялық жол­дармен үн қатуда ма? Сұрақ көп. Жауапқа кел­генде кібіртіктеп қаламыз. Неге?

Read More

Тағдыр Жетiсудың XIX ғасырдағы саяси тарихында, сонан кейiн жалпы, қазақтың әдебиетi мен мәдениетiнде өшпес iз қалдырған тұлғалардың бiрi, сөз жоқ, Абылай ханның ұрпағы – Тезек төре. Осы ардақты, атақты бабамызды кеңестiк қызыл саясаттың арқасында “елдi қанаған зорлықшыл адам” ретiнде “танып” келге­нiмiз де – өмiрдiң ащы шындығы. Тезек төренiң ел басқарудан басқа да әдебиеттегi, жалпы тарихтағы үлгi тұтарлық жақтарына үңiле қарай алмағанымыз – өткен уақыттың әсерiнен туындаған үлкен қателiгiмiз. Қазiргi уақытта Тезек төренiң өмiр жолын, ел үшiн еткен еңбегiн зерттеп жүргендер баршылық. “Тезек төре” деп аталатын арнайы қор да ашылды. Осы қордың қолдауымен Тезек төре туралы кiтап та жазылып жатыр. Қазақ, қырғыз хан атаған осы…

Read More

Үмiткерлер мен күдiктiлер Жақында “Республика” ақпараттық-талдамалы порталының редакциясына хат жолдаған оқырман елде мемлекеттiк төңкерiс дайындалып жатқанын, күзде Қазақстанды Назарбаев емес, басқа бiреу билейтiнiн жазыпты. Өзiн “Болжамшы” деп атаған оқырман бұл ақпаратты жақсы танысынан естiп-бiлiптi. “Республиканың” редакциясы “хатта айтылған болуы мүмкiн оқиғалар елдегi қоғамдық-саяси жүйенi түбiрiмен өзгертуi ықтимал болғандықтан, оны жариялауды жөн көрген. “Оның үстiне редакцияның қолындағы ақпараттарға қарағанда, хатта жазылған кейбiр мәлiметтер расымен де орындалуы мүмкiн”, – дептi “республикалықтар”.

Read More