
Чехияның Прага қаласында қазанның 26-сы мен қарашаның 2-сі аралығында өткен пауэрлифтингтен Әлем чемпионатына қатысқан моңғолиялық қандасымыз Бердімұрат Абдулханифұлы алтын медаль иеленді. Бұл туралы Kaznews.mn хабарлап отыр.
Бердімұрат Абдулханифұлы 1992 жылы Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласына қарасты Налайхан ауданында дүниеге келген. Чехия астанасында өткен бұл жолғы чемпионаттан Моңғолия құрамасы 19 алтын, 11 күміс, 5 қола медалға ие болып, командалық жалпы есепте 3-орынға тұрақтап қайтыпты.
baq.kz


