Автор: admin

Батырлардың ескерткіші ашылды   «Мың өліп, мың тірілген» қазақтың өткен тарихы — біз үшін мол шежіре, үлкен сабақ. Бұл туралы бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Сұраншы мен Саурық батырларға қойылған ескерткіштің ашылу рәсімінде айтылды. «Дана халқымыз «Тарихқа жүгінсең, танымың кеңейеді» дейді. Жас ұрпақты ізгілікке, отансүйгіштікке бастайтын киелі орын — еңселі ескерткіштің ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Жетісу жерінде кешегі Қарасай, Наурызбай, Қабанбай, Райымбек батырлардан үзілмей келе жатқан батырлықтың алтын арқауын Саурық Ыстамбекұлы мен Сұраншы Ақынбекұлы жалғастырғанына тарих куә. Қос батыр ХІХ ғасырда Қоқан бектері мен қырғыз манаптарының үстемдігінен елді азат етіп, ғұмырларын ат үстінде өткізді», — дейді Алматы…

Read More

Жағырапиялық аумағы жағынан күн шығысында Тынық мұхиттан басталып, батысында Ақ теңізге дейін созылған ұланғайыр алқапты алып жатқан сайын дала мен ұлы үстірт ежелден түрік халықтарының мекені болды. Ал олардың түп тамыры түмен-түмен жылдарға тереңдеп кететін телегей теңіз тарихына тілі арқылы бойлап, таным-талғамымызды байытамыз. Осы тұрғыдан келгенде бұдан мың жыл бұрын жазылған, ұлы ғұлама, бүкіл түрік әлеміне ортақ бірегей тұлға Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінің құнарлылығы бүгін де өзінің құндылығы мен сапасын жоғалтқан жоқ. Тарихи жаңаруға байланысты еңбекке деген ынтық ықылас күннен-күнге арта түсті. 

Read More

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйеккүні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

Read More