BAQ.KZ — Ақын Мұратхан Шоқан 1974 жылдың 25 ақпанында ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағы Толы ауданы Ақбелдеу ауылында туған. 1994-1996 жылдары Шыңжаң университетінің қазақ әдебиеті мамандығы бойынша білім алған ол еңбек жолын ұстаздықпен бастайды. 2001 жылы атажұртына оралған Мұратхан бұл күнде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Жиырманың жалыны», «Маған көктем сыйлашы», «Жүрекке жүгіну» және «Тазалыққа ұмтылу» сияқты жыр жинақтары мен «Жаратылыснама» атты философиялық кітаптың авторы.
Автор: admin
Қазақстан президенті Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық кеңес жиынында Кеден Одағындағы экономикалық кедергілерді айтып, Ресейдің интеграциялық процестерді саясиландырып отырғанын сынады. Солдан оңға қарай: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Ресей президенті Владимир Путин. Минск, 24 қазан 2013 жыл. Қазанның 24-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь астанасы Минск қаласында өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес жиынында «Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің жұмысы саясиланған және комиссия мүшелеріне Ресей тапсырма береді» деп сынады. Бұл туралы қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр.
Қазақстанның бұрынғы парламент үйі. Алматы. Бүгін, 25 қазан — Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған күн. Осыдан 23 жыл бұрын, 1990 жылдың 25-қазанында Жоғарғы кеңес сессиясында мемлекеттің егемендігін айқындайтын тарихи құжат «Қазақ ССР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданды.

