Автор: admin

Бүгінде әлемнің назарын аударып, саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақсыздығымен аты шыққан Ауғанстан XVIII ғасырда Орталық Азияда алып ел болды дегенге ешкім сене қоймас. Өзара ішкі талас пен сыртқы күштердің стратегиялық  ойындары әсерінен соғыстардан көз ашпаған ауғандар қазіргі таңда шекарасы шектеспегенімен Қазақстан Республикасымен сенімді қарым-қатынас орнатып, еліміздің қолдауына ие болып отыр.  Мұндай байланыстардың тарихы өткен ғасырларға кетеді.

Read More

Қағанаттың қазынасын іздеу Таяуда Шығыстану институтының бір топ ғылыми қызметкерлері Қытайдың Бейжің және Сиань қалаларына арнайы археографиялық іс-сапармен барып, Қазақ-Қытай қатынастарының тарихы бойынша архивтік құжаттарды табу және жинақтау, несториандық жөнінде аса құнды тарихи ескерткіштерді, қазақтардың тарихы мен мәдениетіне қатысы бар түркі тайпаларының көне эпиграфикалық ескерткіштерін айқындап қайтты. ҚР Ұлттық тарихты зерттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген мәжілісінде Мемлекеттік Хатшы Марат Тәжин архивтік материалдарды объективті зерттеудің арқасында өткенімізді қайта саралау қажеттігін алға тартқаны белгілі. Мемлекеттік Хатшының осы тапсырмасы аясында институт қызметкерлері жолға шығып, олжалы оралды. 

Read More

  Корей түбегінің қазіргі мазасыз күйіне бірден-бір себепші ол – Солтүстік Корея. Көсемі Ким Чен Ын. Әлемдік саясатта Ким Чен Ынның басты мақсаты – бүгінгі саяси режімді құлатып алмау және мемлекетін держава ретінде қалыптастыру үшін күш салу. Алайда режімнің қазіргі жағдайы қауіпті… 

Read More