Республикалық «Желтоқсан ақиқаты»
қоғамдық бірлестігінің Төрағасы
Жақсылық Тусайұлы ЖЕКСЕМБАЕВПЕН сұхбат
—————сүхбат—————————
— Сіздің жалындаған жастық өміріңіз 1986 жылғы Алматыдағы Қазақ жастарының отаншылдық көтерілісінің сұрапыл күндерінің бел ортасында жүріп, Қазақ елі тарихында ұлт азаттық көтерілісінің алдыңғы легінде болған күрескер аға – буын уәкілі ретінде отан тарихымызда, кейінгі ұрпаққа ұлттық мақтаныш болатын 1986 жыл 17 -18 желтоқсан күндерін өз көзіңізбен көріп, көтеріліс тауқыметін бастан өткерген азамат ретінде көзбен көрген ауыр күндер туралы қысқа да нұсқа айтып берсеңіз .
— Әлхамдулиллаһ , Алла –тағала қазақ халқын елдікпен ерлікке лайық намысты қауым етіп жаратқандықтан; Қазақ бір талай ірі уақиғалардың туын көтерген іргелі мемлекет бола білді. Бұған ешкімнің де таласы жоқ . Біз ата — бабабамыздан қанымызға сіңісті қаһармандыққа мұрагер бола білдік. Мұның дәлелі 1986 жылғы желтоқсан көтерілісіне қатынасқан жастар осыны толық дәлелдеді. Атап айтқанда Қазақ ұлты өзінің қаһарман халық екендігін әлем алдында әйгілеу тұрғысынан Алаш ұранды Ата — Қазақ елдік , ерлік рухы мұқалмаған ынтымағы берік қауымға тән күрескерлігін осы тұста толық байқата білді. Алайда қазақ елін отаршылдық тәсілмен жалбызбалап басып алған келімсектер жүздеген жылдар бойы , қазақты біртіндеп жойып жіберіудің «қатын патша Екатерина жасатқан полажениесін» ұтымды пайдалана білген ресей жандаралдары, Алаштың ұлан байтақ өлкесін, ұшан теңіз байлығын басып алу сынды әккі тәсілін ешқашанда тоқтатқан емес . Алайда отаршыл жойттар кейінгі бір ғасыр аламайында өздерінің Қазақ еліне көрші екенін де ұмыта бастады. Оның үстіе қызыл тулы креміл өздері орнатқан «советский союз» деген құдайсыз жүйені құламастай берік қорған санаса керек, сол бір тоталитарлық үстемдік арқылы 1930-шы жылдар Колашакиншілдер қолдан жасаған ашаршылық апат арқылы 3 милионнан астам қазақты қырып салды. 1936 – жылдардан бастап ұлт көшін бастаған игі жақсылармызды шетінен «халық жаулары» деген далбаса айыппен абақтыларға тоғытып, жер аударып қиян
шетке айдау арқылы қырып – жойып, телім – телімін шығарып тентіретіп жіберді.
Ал 2 – інші дүниежүзілік соғыстың қан кешуінде , жойттардан да жуан шыққан германия фашистеріне қарсы, совет одағын қорғау үшін осы соғысқа қатынасқан Қазақтар 700 мыңға жуық атпал азаматынан айрылды. Алайда сол бір қисапсыз қызыл қырғынға толы тағдырлы жылдар барысында «мың өліп мың тірілген» жаны сірі ұлтымызды әбден шынықтырған түнекті жылдар, қазақты батыр халыққа айналдырды. 1970-ші жылдардан кейін қазақтар ұлтымызға қадырлы Д Қонаевтін ел басқарған жылдарында тұрмыстық жақтан еңсесі көтеріліп есін жия бастаған тұста , қазақ еліне креміл шонжарлары Дінмұхаммед Қонаевті түсініксіз жағдайда «Пенсияға жібердік» деген сылтаумен мәртебелі орын — тағынан құлатып , орнына қайдағы бір Г. Колбин дегенді қонжита салды . Міне сол 1986 жыл желтоқсан айында Алматыдағы Қазақ жастары, отаршылдық езгінің қара бұлты қазақ аспанын торлаған алманғайып шақта , алматының орталық алаңына шыққан қазақ жастарың «Елді өз халқымыздан шыққан көсем басқарсын» деген қаһарлы даусы саңқ ете түскенде ,әлем халқының назары Алматыға ауа бастады .
Мен ол кезде 28 жастағы халық шаруашылығы университетінің студенті едім. Менің сол кездегі замандастарымның отаншылдығы мен ұлттық мақтанышында мін жоқ еді. олар жаңа ғасырға тән білімдарлығы мен бірге сахаралық этно ғұрып әдеттері мен ұлттық ұстанымына тән — үлкенге құрмет, кішіге ізет – мейірім , сырттан келген сыйлы қонақты немесе түрлі себеппен басқа елден көшіп келген эмигранттарғада бауырмалдық көрсетуде «қоң етін кесіп беретін» аузын ашса көмейі көрініп тұратын халықтың ұрпағы едік. Алайда 1986 –жылы Желтоқсанда шектен шыққан отаршыл жүйе ойранымызды шығарып төбемізге қамшы үйірді. Сол тұста қазақ жастары швеинистік пйғылы әбден асқынған жойыттарға батыл дауыспен тоқта деп мінез көрсете бастадық. Бұл өзі кеңес одағы деген қызыл империяның ноғаласы әбден өсіп, олардың алжыған көсемдері аузындағы тісіне ие болудан қалған сайын коммунизм елесінің күлі көкке ұшып , СОКП-ның соры қайнап, сорпасы төгілгелі тұрған кезі еді . Міне сүйтіп, сыртқа сыр білдірмеседе кремілдің төбесіне тапа — талтүсте жәй түскендей болды. Әлбетте қазақ ұлты өздерін орынсыз басынған келімсектерге шексіз бағына бермейтін, намысын қорғау жолында отан үшін орнымен өт кешетін жауынгер халық екенін басқаны қайдам одыраңдаған жойыттар 1986 жылға дейін жете түсінбепті . мұның мысалы қазақ жастары ойламаған жерден отаршылдық өктемдікке өркенниетті түрде наразылық білдірді. Алайда қызыл жүйе, қазақ жастарын тарпа бас салып сабай бастады . Ұлдарды басқа теуіп, қыздарымыздың шашын жұлған қызыл жағалы жендеттер алаңда қан төгуге дейін батылы жеткен сәтте, жас қазақтар әділетсіздікке қарсы қарсылық білдірді. Міне осылай 1986- жылғы Желтоқсан көтерілісіндегі жан түршігерлік жауыздық қылмыстарды , өз кезінде айтуға аузымыз бармаған жан шошырлық сорақылық ; алаңдағы құралды сақшылар қазақ қыздарын , ұрпақ өсіріп (бала тауып) ұлт анасы болатын қастерлі мүшесін етікпен тепкілеген зұлымдық туралы , Қазақ қыздары «әдеп сақтау» тұрғысынан тірі жанға айтудан ұялған . яғни бұл сұмдықты біздің қыздар 2000 — жылдардан кейін ғана айта бастады ғой. Егер бұл жауздықты қазақ ауыл, аудандары сол кезде естігенде, коммунистік зұлматқа қарсы тұтас қазақ елімен бірге кеңестік Түрік республикалары да дүр сілкініп , креміл шовенистеріне лағынет айтып жойттарға қарсы, тұтас кеңес одағы көлемінде сұрапыл соғыс — жаңжалдар бұрқ ете қалар еді .
— Еліміз тәуелсіздік алған 21 жыл ішінде 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін нағыз отаншыл Қазақтар — халықымыз тарихындағы ұлт-азаттық көтерлістердің бірегей шешуші тұсы һәм айқын сипаты осы кезең болды деп есептейді. Алайда бүгінгі Қазақ елі билігінің жоғары саласында , « Желтоқсан көтерілісі» деген сөзді естуден үрейленіп осы бір тарихи шындықты естіген сайын қуыстанып жүре тыңдайтын құлмінез жандар туралы не айтасыз ?
——— Әрине, тарихи шындық тұрғысынан қос ғасыр тоғысында азат ойдың жеңісін жақындата білген ; 1986 — жылғы желтоқсан айын да Алматыдағы қазақ жастарының ұлт азаттық көтерілісі, кеңестік жүйенің отаршылдық үстемдігінен мезі болған ежелгі тұтас Түркістан құрамына жататын халқтарды беймаза ұйқыдан оятты. Қақзақ елінің жас – түріктері тоталитарлық қоғамнан құтылудың жолын ашыуда қан батырлық бастаманың сардарлық легі болып қалдыптасты. Осы бір тарихи уақиғамен тағдырлас болған текті жандардың жөні бөлек. Алйда қазақ жастарының «аққан қан төгілген көз жастарын» көре тұрып , күні үшін күлік жеп қандас жас қазақ бауырларын наркоман бүлікшілер ретінде ұрып соғып жазалауға жол берген уақиға тұсында , келімсек күштерге адал қызмет көрсетіп қол шоқпар болған жандар, қазіргі қазақ елі билігінде бұрын соңды болған жоқ деп айтуға аузы баратын «бір бұлбұл»- Қазақ елі аумағынан табыла қоярма екен? Атай көрмеңіз — әлем білген әйгілі шындықты жоққа шығару мүмкінде емес ! Олай болса , Желтоқсан көтерілісін жаныштауда кремілдің қара сойылын соғып , отаршыл күштерге қолқанат бола білген ат төбеліндей жетесіздер , бұл күні ҚР –дың май шелпек саласы мен биліктің қан — тамыр буындарында қой терісін жамылып , бастық болып ортамызда жүр. Егер олардың азаматқа тән ар – ұяты бар болса , алдымен Алладан кешірім сұрап тәубаға келіп , онан кейін халықтан ғафу өтінген болар еді . Амал қанша біз ойлағандай ол қауымда азаматқа тән азат ойға лайық мәрттік әзірге байқалмайды. Ал олардың аты-жөні мен ата-тегін ашық айтудың өзі, бүгінгі таңда нағыз мемлекетшіл – ұлтшыл азаматтардың жеке басына қауып тудыруы да бек мүмкін. Сол үшінде мемлекет құрушы ұлттың отаншыл күштерді сенімді сүйеніш еткісі келмейтін орыс-топай саяқ топ , тек қарақан бастары мен тойымсыз қарындарының қамын күйіттеп , бір кезде өмірі де өңірі де басқа тарихи отандарынан қызыл режимнің қыспағымен амалсыз келген келімсектерден ақсақал жасақтал — «Қазақстан ассамблеясы» деген жағымпаз жандарды, Қазақ елінің ұлттық мінбесіне шығарып ақылгөйсітіп, оларды ел төріне шыға ыкелімсектер ассамблеясын қазақ мемлекетіндегі мәртебелі ордаға айналдыра бастады. Ал қазіргі билік тәуелсіздік жолында жанын отан үшін отқа салып, азаттық үшін арпалысқан қайраткер тұлғалар мен отаншылдыққа ода боларлық қоғамдық ұйымдардың ынталы пікір қуаттамаларымен санаспайтын болды. Сондай — ақ хақ Алланың жәрдемімен азаттыққа қолы әрең жеткен шаршаңқы қазақ қоғамын шет елдік мырзалардың көлгірсіген дипломатиялық уәделері қазақты оп-оңай ұшпаққа шығара қоятындай –ақ халықаралық аляқтармен төс қағыстырған қазақтан шыққан — қағаз жолбарыстар жиын тойлар мен мағанасыз мерекелерден басы айналып, ұлтымыздың қасиетті құндылықтарынан сырт айналып құрып бара жатқанын сезбейтін секілді.
Осы себепті Астанамызды асыра мақтап, аулымызды кино –коадиямен өлтіре мазақтайтын жырындылардің айлакерлігіне жжол берген билік Қазақ елінің ұлттық қауіпсіздігін шайқалтуға мүдделі сыртқы күштердің шебер ойластырған түлкі бұлаңына алданып , Құдай сыилаған ұшан теңіз жер асты байлығымызды бөгде елдердің бөліп алыуына деиін беимдеген Астаналық «ақ патшалардың» парақорлығынан « қалың елім қазақым қайран жұртым » күндердің бірінде сан соғып қалмаса жарар еді .
——— Әлемдік тәжірибенің басты құндылығы әр қандай тәуелсіз ел отандық төл тарихын бастан кешіре отырып , мемлекет құрушы ұлт ретінде — ғасырлар бойы қалыптасқан қаһармандық даңқына сай , ата — бабаларының ұстанған діни сенімі мен отаншылдық ерлігін, салт – санасын, ана тілін қалыптастырған өз ұлтының ардагер тұлғаларын өте жрғары қастерлей білген. Ал әлемдік үрдіске өлшем болған осы ғылмый тұжырымды дұрыс пікір деп санасақ , қазақ еліндегі АРДАГЕРЛІК мәтебенің сипаты қалай болғаны дұрыс деп бігеніміз жөн ?
—— Әрине , шымырлаған шындықтың шетінде тұрып сөз айтсақ , ең алдымен әр қандай елдің ұлттық мақтанышына лайық жаужүрек (Авангард) күштері , сол елді құрушы ұлттық ардагерлері болып саналады . Бұл екеу ара қысқа сұрақ жауапқа сыймайтын өте терең мағыналы текті әңгіме болғандықтан біз бұл күні ҚР –да қалыптасқан Ардагерлік мәртебеге қатысты тұлғаларды қысқа да нұсқа тілге тиек етіп көрелік .
1 – інші кезекте дүние жүзілік 2- інші соғыс дәурінде бізге тағдырлас болған кәдімгі аңқылдаған қарапайым орыс бауырларымыз «Великой Отечественной Войны» деп қастерлейді. Бұған талас жоқ бізде «Пожалуйста» деп шын ілтипатпен қолдаймыз. Өйткені осы мәселемен үндес ескі ережені құрметтеу еліміз тағдырына жазылған әлемдік шындық. Бұл соғыста аттары әлемге машһұр болған Қазақтың қаһарман ұл қыздарынан ; Бауыржан Момышұлы , Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов , Әлия мен Мәншүк апаларымыз қатарлы бірнеше ондаған қаһармандар қазақ елін асқан батыр, ерекше ержүрек халық екендігін жалпақ әлемге паш етті . Дегенмен дүние жүзілік 2-ші соғысқа қатынасқан «қара орыстардың» көзі тірлері мен олардың марқұм болған қарыуластары соғыстың ең жанкешті нүктелерінде Р Қошқрбаев сияқты ту тігер шешіуші шәйқастар өтінен қазақ жауынгерлер қатынаспаған бірде бір сұрапыл шайқас жоқ . Сол үшінде Ардагер деп қастерлеуге лайық «Фронтовиков» аталар керек десеңіз бейбітшілікті сүйетін халықтар үшін бүкіл әлем таныған жауынгерлік өмір қалыптастырған жаһандық құбылыс болғандықтан бізде, халқымыздың жауынгерлік келбетінің дәлелі ретінде «Қазақ батырларын» Ардагер деп құрметтеп ұлттық мақтаныш санаймыз. Қазақ елінде 2 – дүниежүзілік соғысқа қатынасқан көзі тірі қарияларымыз қай қырынан алсақта батырлар деген құрметке лайық жандар. Сондай — ақ қазақ ұлты намысы мұқалмаған ерлігі арқылы соғыс тарихының жеңімпаздар шежіресінен өзін мемлекет ретінде тұтас әлемге дәлелдеумен бірге « интернационалдық» тұрғыдан да ардагер деген құрметке лайық тұлғалар деп білеміз .
Сондай — ақ Германия ашқан фашистік әділетсіз соғыс майданында фашистер тарапынан тұтқындалып немістерден де орыстан да қорлық көрген және соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдар да КГБ секілді қаткез- қазымыр тыңшылық мекемелерден «сатқындар» деп жала жабылған шын мағанасында өздерін «Түркістандық алаш азаматтарымыз» деп санаған аталардың алтын бастары және олардың туыстарымен бала – шағалары, сан алуан қуғын – сүргін азабын ұзақ жылдар бастан кешіргендіктен оларды да жоғарыдағы « алғашқы майдандастарынан » бөле қарамай нағыз ардагерлер санатына қосуымыз керек .
2 –іншіден; Қазіргі кезде түгелге жуық мына жарық дүниеден өтіп кеткен алаш ардагерлері мен 1930 жылдардың ар жақ бер жағында полшевиктер тарапынан аяусыз жанышталған «алаш ордашылдар», «халық жаулары» атанған ақындар, ұлтымыздың қоғамдық ғылымының көшін бастаған хазірет – ишан молдалар, әр өңірдің болыстары мен халқына қадырлы бай – бағылан оқымысты мырзалары, ақын – жазушы, әнші, күйші , жыраулары тағы басқа отаншыл ел жақсылары мен олардың АЛЖИР-ға барып азап көрген, Карлактта болып қасірет шеккен, Ит-шеккен (Магданда) тентіреп жастық ғұмырларын саяси қуғын — сүргінде өткізген сол бір «АРДАГЕР – арысарымыздың» заңды мұрагерлеріне жататын қазіргі кезде өздері де шал кемпірлік жасқа келген бір кездегі , «игі жақсылардың » жазықсыз жапа шегіп, шерменде болып саналы өмірлері өксуімен өткен ұл қыздары , сондай – ақ кеңес одағының кесел- кесепатқа толы қуғын-сүргін жылдары амалсыздан бас сауғалап , шет елдерге эмиграцияға кеткен отандастардың (көпке танымал көрнекті тұлғалардың) елге орлаған ұл қыздары ( 40 пен 80 жас аралығындағы оралмандар) , Бұлар да түгелімен отаншыл ардагер азматтар санатына жататын қауым атаныкға тиіс .
3-іншіден Елімізде «Ауған соғысының ардагерлеріміз» дейтін баурларымыз туралы күмлжудің мүлде жөні жоқ . Өйткені , Ауғанстан кеңестік елдердің қатарында болмаған тәуелсіз жүмрият болғандықтан Ауған соғысына қатынасып жан түршігерлік азаптар көрген қазақ азаматтар, отарланған «Қаз ССР-ның» бодандалған бұқарасының ұл қыздары еді. Осы бауырларымызды кеңестік жүйе әділетсіз соғысқа зорлап апарғандықтан, бұларды-да — саясый қуғын сүргінге толық ұшыраған тағдырлы «Ардагер» тұлғалар санатына жатқызу орынды.
4- іншіден; ҚР- ндағы соңғы 30 жылдан бері әлеуметтік жақтан қамқорлықпен жеңілдіктерге лайық өкімет тарапынан заңдастырылған еңбек ардагерлері мен қаһармандар , Батыр аналар, мүгедек , зағип жандар тағы басқада қамқорлыққа лайық азаматтар яғни жеңілдіктер мен әлеуметтік көмектерге лайық 12 түрлі нысанға жататын азаматтар да қазіргі зейнетақыларының жемісін көріп отырған құрметті жандарға ешкімнің де таласы жоқ . Сонымен бірге бұлардың ішінде-де ұлт ардагерлері деген рухани мәртебеге жататын тұлғалар өте көп.
Міне осы жағдайларға байланысты қазақ еліндегі кеңестік дәуірде әр алуан қуғын – сүргін көріп жапа тартқан қазақтарды, ардагер мәртебесіне лайық деп қастерлеу Қазақ қоғамы өзін – өзі силау тұрғысынан ерекше назар аударуға тиіс текті мәселе . 1930 -1986 жылдар аралығында, отаршылдық үстемдіктен сан алуан қуғын-сүргін көрген қазақтардың саяси сипатын тәуелсіздік үшін өмірлерін арнаған ұлттық ой санасы қалғымаған нағыз күрескерлер болғандығы үшін оларды «АРДАГЕР» деген атаққа теңелдіру басы ашық ұлттық құндылық болғандықтан оларды құрметтеу мәселксі мемлекеттік заңнамалар деңгейінде қабылданған ел өкіметінің құзыратында қандай заңнамалық қуатты күші бар құжаттар пәкеті барынан толық хабарымыз жоқ .
— Біз саясатшы емеспіз десек те өз пікіріміздің шама шарқына сай бір талай күрмеуі көп күрделі жақтарды қаузап жатқан секілдіміз .
— Әрине , біз тәулсіздік жолында күрескен аға буынның ізін басқан желтоқсан қозғалысының ыстық суығын бастан кешірген азаматтар болғандықтан азаматтық қоғамның сөз бостандығын пайдаланып, Қызыл империяның тұсында саяси қуғын — сүргін көруші, «ұлт-азаттық күресінің ардагерлері деген мәртебеге лайық тұлғаларды» ұлт мақтанышы деп тану жағын ел билігінің назарына сала отырып, ұлттық намысқа тән толғанысымызды ашық һәм ашынып сөз еттік . Отарсыздандырыу қозғалысы жүрмеген Қазақ елінде дәл осы «желтоқсаншылардың ардагерлік мәртебесінен Астанадағы лақса полшаевиктер қатты үрейленед. Мәселенің мәні міне дәл осы болып тұр .
—Құдіреті күшті хақ Алла халқымызға өзі алып берген тәуелсіз ел болыу бақытын ұзағынан сүйіндіріп ; ұлтымызға ұран болған тек — « бір Аллаға деген иманы кәміл ел мықты» деген отаншыл тұжырымға ортақ үн қоса отырып ; Алаш ұранды ата – бабаның ақ-батасын ту еткен таза қанды АРДАГЕРЛІК мұратқа адал болу сынды дұрыс жолға бастай көр демекпіз .
Сүхбаттасқан Тілеухан әл — МАЖНЕИ
«Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төр-алқа мүшесі .



