Автор: admin

Джеки Чан (陳港生) — Атақты әртіс, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, әнші. Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бас-тан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып,Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз…

Read More

  1465 жылы Қазақ хандығы құрылып, ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында қазақ халқы қалыптасып, «қазақ» сөзінің халық аты ретінде берік орныққаны тарихтан мәлім. Сол заманнан бері «қазақ» атауы туралы, оның шығуы, пайда болуы жайлы алуан түрлі пікірлер айтылып та, жазылып та келеді. Біз бұл туралы 1974 жылы «Қазақ тілі оно­мастикасының негізгі проблемалары» атты докторлық диссертациямызда жан-жақты зерделесек, оны 1982 жылы жарық көрген «Очерк казахской ономастики» атты еңбегімізде жарияладық. Осының негізінде «Жұлдыз» журналында (1983, №3) толық та көлемді мақаламыз жарық көрді. Осы мақаланы қытай ғылым торында (Түркі тілдерін зерттеу хабаршысы. Пекин, 1989, №4, 14-15-б.) қытай тілінде шы­ғар­ғаны бар. Сол…

Read More

Уәлихан ӘБДІБЕКОВ, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, физика-математика ғылымдарының  докторы, профессор: – Профессор мырза, биыл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығын тойламақшымыз. Осыған орай мынадай сұрақ туындайды. Соңғы жылдары, әлемде тарих тереңіне үңілуге мүмкіндік беретін  жаңа зерттеу әдістері пайда болды ма? Болса қандай? Қазақстанда сол жаңа зерттеу әдісін қолданып жүрміз ба? – Соңғы 5-6 жылда әлемде тарихты адамның геномы немесе генетикалық әдіс бойынша зерттеуге кірісті. Жалпы, құ­ны 3 миллиард АҚШ доллары тұратын  ха­лық­аралық  генография жобасы бойынша жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қазіргі адамдар осыдан 400 мың жылдай бұрын пай­да болыпты. Алғашқы адамдардың бірі шығыс Африкада дүниеге келген. Осыдан…

Read More