«Елу жылда ел жаңа». Ал ширек ғасырда ше? Тәуелсіздік алғалы бергі уақытта қазақтың болмысы қаншалықты өзгерді? Кеңестік империя қалдырған аға ұлтқа бас ұру салтынан арылып, өзінің дара болмысын көрсете алатын, өзгелермен терезесі тең түрде сөйлесуге қабілетті ұрпақты, білімді, білікті, еркін, әділ буынды қаншалықты тәрбиелей алдық? Тәуелсіздігіміз саяси санамызды қаншалықты өзгерткенін білгіміз келгенде бүгінгі жағдайымызды бір екшеп алатынымыз бар. Осы күнгінің мысалын бұрынғыша өріп көрсек, қалай?
Автор: admin
Баяғыда, бала кезімде естіген өзгеше бір сөз қайта-қайта ойыма орала беретін болды. 1951 – бұдан алпыс екі жыл бұрынғы кеп. Мен он бір жастамын, 5-класта оқимын. Кезекті география сабағында мұғалім Америка құрылығын еуропалықтардың ашуы, жаулауы, игеруі және ондағы құлдық тәртіп туралы әңгімеледі. Менің (болашақ пәленбай деген жазушы) тарихи танымым, әдеби білігім өз жасым ғана емес, өз тұсымнан да біршама жоғары еді – орта мектеп оқулықтары бойынша адамзат тарихынан жалпылай дәріс алғам және әлем әдебиетінің қазақ тіліне аударылған елеулі шығармаларын түгелдей дерлік оқып тауысқам, оның ішінде Америкадағы нәсілдік жағдай туралы Гарриет Бичер-Стоудың романы да бар. Енді, мұғалім қара түсті зәңгілерді Африкадан…
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме дейін» кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында «Есім ханның ескі жолы» атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік…

