ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ қоғамының мемлекеттік құрылымын жаңа, әрі өркениеттілік тұрғыда қалпына келтіруге тырысқан Алаш қайраткерлерінің ел ішінде сенім артқан әлеуметтік тірегі қазақ байлары болғаны талас тудырмайды. Алаш қозғалысының халық арасында кең таралуына, Алашорда автономиясы жарияланғаннан кейін жергілікті қазақ комитеттерінің берік орнығуына аталмыш әлеуметтік топ өкілдері өз септігін тигізді. Бұрынғы Ресей империясының территориясында патшалық билікті алмастырған атқарушы үкімет тарапынан мойындалмаған Алаш автономиясы қазақ қоғамының негізгі экономикалық тірегі саналған қазақ байларына арқа сүйеді. Жаңадан құрылған Ұлттық Алашорда автономиясының қаржылық және материалдық қажеттіліктері қазақ байлары тарапынан өтеліп отырды.
Автор: admin
Батыры бар ел жаудан қорықпайды. Шешені бар ел даудан қорықпайды. Төресі бар ел ханнан қорықпайды. Жәнібек Бердәулетұлы. Жоңғармен соғыс аяқталып, қазақтың біріккен қосынының тарап, әр ру өз жүйесін күйттеп кеткен жағдайда, Алтай мен Сауырдың Ресей мен Қытайдың мемлекеттік саясатына тартылуына байланысты бұл өлкеде қоныстану үшін Жәнібек бастаған Абақ Керей қауымы бірқатар түйінді мәселелерді шешуі қажет болды.
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі порталының хабарлауынша eGov туралы 2013 жылы қазақ немесе орыс тілдерінде эфирге шыққан немесе жарияланған материалдары бар қазақстандық журналист және блогерлерге байқау жариялайды

