Қазақстан тарихына қатысты көне дерек көздерін жинастыру мақсатында осы жылдың тамыз айында Қытайдың бірнеше өлкесінде ғылыми сапарда болдық. Пекин, Хөххот, Шиань, Донхуаң қалалары және ҚХР Ішкі Моңғол Автономиясы Иньшань тауы мен Дархан-маумиң даласында қазақтың ежелгі тарихына қатысты маңызды деректерді іздестіріп таптық.
Автор: admin
Елбасының бастамасымен ұлттық тарихты түбегейлі зерттеу жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, тарих саласының ғалымдарымен бірлесе зерттеу жұмыстарын қолға алды. Ол жұмыстарды 10 қадам бойынша жүргізу нақтыланды. Соның 3-қадамы – ғылыми-зерттеу құрылымдарын ашу. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің жанынан биыл «Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделейтін» және «Дүниежүзі тарихын зерттеу» орталықтары ашылды. Бұл екеуі –республикалық деңгейдегі орталықтар. Сонымен қатароқу орнында халықаралық геоархеология зертханасы да жұмысын бастап кетті. «Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделейтін» республикалық орталық қазірдің өзінде 17 ірі ғылыми жобаны дайындап жатыр.
Қазақ басылымдарының қатары «Мағжан» әдеби-көркем қоғамдық-саяси журналымен толықты. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің тікелей қолдауымен жарық көрген журналдың тұсаукесері елордадағы Ұлттық кітапханада өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, қоғам, өнер қайраткерлері, астаналық зиялы қауым өкілдері мен студент-жастар қатысты. Жиынды кіріспе сөзбен ашқан белгілі өнер жанашыры, ақын, сазгер Баянғали Әлімжанов биыл ұлы ақынның туғанына 120 жыл толуына байланысты республика, облыс деңгейінде көптеген іс-шараларды4 болып өткенін айтты. Олардың қатарында «Мағжан көктемі» ІІ республикалық өнер фестивалін, ол туралы түсірілген көркем-деректі фильмді, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды атады. Сосын сөз кезегін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтахановқа берді. Өзі де руханият десе ішкен асын жерге…

