Алматыда жас тілшілердің республикалық бесінші форумы өтіп жатыр. Екі күндік форумға келген мектеп оқушылары, студенттер және блогерлер журналистердің дәрісін тыңдап, әртүрлі мәселелерді талқылайды. Алматы, 25 қыркүйек 2013 жыл. (Фотогалереяның авторы — Бегім Ораз-Мұхаммед)
Автор: admin
Абылай ханның 300 жылдығына арналған іс-шаралар еліміздің әр аймақтарында кеңінен аталып өтуде. Ханның мерейтойына арналған ауқымда 5 қазанда басталады. Үш жүздің басын қосқан, қазақ пен қалмаққа бірдей хан болған Абылайдың тойы Көкше өңірінде өтеді. Қазаның 5 күні басталатын тойға еліміздің өнер және мәдениет қайраткерлері, мемлекет және қоғам зиялылары қатысады. Абылай ханның туғанына 300 жыл толуына орай өтетін салтанатты кеште ҚР халық әртісі Т.Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қайрат Байбосынов, ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және өзге де өнепаздардың қатысуы жоспарланған.
Ілияс ИСАЕВ, қаржыгер: Бұл мәселе бізде бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Осыдан бірер ай бұрын, тамыз айында Ресейдің Орталық Банкі көтерген. Олар бұдан былайғы жерде Қазақстанға қарай бағытталған валюталық айналымға бақылау қою керек немесе немесе Қазақстанға қарай валютамен ақша аудармау қажет» деген. Содан кейін барып Ұлттық Банк төрағасы Г. Марченко осыған жауап ретінде «теңгенің бағамын мульти-валюталық корзинамен теңестіреміз» деді. «Кедендік одаққа мүше елдер заңсыз қаржы айналымына айналып бара жатыр» деген мәселені Парламентте Гүлжан Қарақұсова көтеріп отыр.

