Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тарих»ҰЛЫ АЛТАЙДАН – АНАДОЛЫҒА Еркіндік жолындағы көш туралы фильм түсірілмек
Тарих

ҰЛЫ АЛТАЙДАН – АНАДОЛЫҒА Еркіндік жолындағы көш туралы фильм түсірілмек

30/09/20130
ҰЛЫ АЛТАЙДАН – АНАДОЛЫҒА Еркіндік жолындағы көш туралы фильм түсірілмек

ҰЛЫ АЛТАЙДАН – АНАДОЛЫҒА Еркіндік жолындағы көш туралы фильм түсірілмекТүркияда тұратын қазақтардың ұзақ-салқар көш тарихына назар аударғанда, бұл көштің қазақтың еркіндік жолындағы теңдессіз ерлігі екенін көреміз. 1930 жылдардың екінші жартысында басталып, 1952 жылы Түркияда аяқталған осы көш көркем фильмге арқау болуда. “Aldongar Production” компаниясы фильмнің сценариін жазу үшін 20-22 қыркүйек күндері Алматыда бірқатар тарихшылар мен жазушылардың басын қосты.

Бұл семинарға Мемлекеттік тарих институты директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Нәбижан Мұхаметханұлы, Түркия қазақтарының көш жетекшілерінің бірі Елісхан батыр жайында “Қаралы көш” атты роман жазған Жәди Шәкенұлы, Көш жетекшілерінің бірі Дәлелхан Жаналтайдың немере інісі Насыр Жаналтай, Түркиядан Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, Әбдіуақап Қара, жазушы Қызырбек Ғайретұллах, жазушы Исмаил Женгиз және кино саласының мамандары қатысты.

Продюссер Әлия Уәлжанова жиналыс­ты ашқан сөзінде Түркия қазақтарының көшін тал­қылау үшін осы жиналысты ұйым­дастыр­ғандықтарын айта келе: “Көптен бері осы тақырыпта фильм түсіру ойда жүр еді. Өйткені шетелге шыққан қазақтар көп қиыншылықтар көрді. Әсіресе, Түркия қазақтары. Олардың тағдыры аса аянышты. Шынжаңда миллиондаған қазақ бар. Ондағы қазақтарға жағдай жасалуда. Біздің фильміміз Түркия қазақтарына арналмақ. Түрік халқына рахмет, кезінде осы қазақтарымызды құшағын ашып қабылдады. Бүгінге дейін шетел қазақтары туралы “Мұстафа Шоқай” фильмінен басқа фильм түсірілген жоқ,” – деді.

Продюссер Әлия Уәлжанова Түркия қазақтары туралы фильм түсірудің өте қиын екенін білетінін, сондықтан фильмнің Қазақстан мен Түркияның бірлескен фильмі болатынын да атап өтті.

Егер тарихқа үңілетін болсақ, Түркия қазақтарының аталары өткен ғасырларда бүгінгі Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай қол астындағы Шығыс Түркістан аймағында өмір сүрген. 1864 жылы Қытай мен Ресей патшалығы шекараны белгілегенде, олар Шығыс Түркістан жақта қалып қойған. Қазақтардың бір бөлігі Шығыс Түркістан өлкесінің губернаторы Шың-Ши-Сайдың (1933 – 1944) зорлық-зомбылықтары салдарынан туған жерлерінен босуға мәжбүр болған. Олар екі көш толқынымен өздерінен 30-40 жыл бұрын Бөке батыр жасаған сияқты, азаттықты туған топырақтан тыс жерлерден іздеп, шетке ауып кеткенін байқаймыз.

Продюсер Әлия Уәлжанова фильмнің Оспан батыр немесе Елісхан батыр сынды жетекшілердің бірінің өмірінің негізінде жасалатынын айтты. Ол сонымен қатар фильмнің тек қазақ пен түрік халықтарына емес, бүкіл дүние қауымдастығына арналып түсірілетініне баса назар аудара келіп былай деді: “Фильм тарыдай шашыраған қазақтың тағдырының бір екенін әлемге әйгілейтін фильм болады.”

Түркиядан келген және Түркия қазақтарының көші туралы 1976 жылы түрік тілінде жарық көрген “Алтайларда қанды күндер” атты кітаптың авторы Қызырбек Гайретұллах “Продюсер Әлия Уәлжановаға осы жұмысты бастағандарыңыз үшін өзім және Түркия қазақтары атынан рахметімді айтамын. Көш оңай болмады. Сол жолда мыңдаған, тіпті жүз мыңдаған адам қаза тапты. Адам

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАбылайдың асында шаппағанда…
Next Article Тәуке хан туралы жаңа деректер табылды

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.