Автор: admin

   Шыны керек, бұған дейін жеткіншектер додасында атой салған боксшыларымыздың көбісін бұл күндері ұлттық құраманы айтпағанда, шаршы алаңнан да көре алмай жүрміз. Бұл ненің белгісі? Жеткіншектеріміз есейе келе өздеріне деген жауапкершілікті төмендетіп ала ма, әлде құрама командалар арасындағы байланыс нашар ма? Украина астанасы Киевте өткен бокстан жасөспірімдер арасынджағы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін орасан жеңіспен аяқталды. Сегіз боксшымыз жартылай финалға шығып, оның екеуі алтынмен апталса, біреуі күміспен күптеліп, қалған бесеуі қола медальға қол жеткізді. Боксшыларымыздың жасөспірімдер арасындағы додаларда жетістіктерге жетіп жүргендері бүгін ғана емес. Бұған дейін де жеткіншектер арасындағы әлем чемпионаттарында қоржынға жүлде салып жүрген боксшыларымыз болған. Мәселен, соңғы…

Read More

Бүгінде жас әнші Қайрат Нұртастың соңынан айтылып жүрген жыр көп. Бірі өнер иесін қолпаштаса, енді бірі сын тезіне алып жатады. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген әншінің басы даудан бір арылмай-ақ қойды. Әсіресе 30 тамызда Алматы қаласындағы «Prime Plaza» ойын-сауық орталығында ұйымдастырылған концерттің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан болатын. Осы оқиғаға орай, voxpopuli.kz сайты Қайрат Нұртастан сұхбат алған.

Read More

  Жәнібек қол басқаруда аруақты батыр, ел басқаруда әділ болып, Абылайдың санаттарының қатарына қосылғаннан кейін керей еліне иелік етіп, басқа өскен рулардың алмандас етіп пайдалануынан елді қорғап, Шыңғыс тауына ірге теуіп, керей елінің басын қосып, сардарын сайлап, сарбаздарын сығайлап, ру-ру бойынша қолбасы батырларын іріктеп, керей қосынын құрады. Сөйтіп, найманның қаракерей Қабанбай батыры, арғынныңқҚанжығалы Бөгенбай батыры, уақтың Өтеген батыры, шектінің Шыңғыры мен Малайсары қатарлы батырлармен тізе қосып, бүкіл қазақ халқын қорғауға, ұйымдастыруға бар өмірін арнады.

Read More