Автор: admin

Қазақстан Республикасының Президенті, ҚР ҰҒА академигі Н.Ә. Назарбаевқа   А Ш Ы Қ  Х А Т Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Әлемдік дағдарыс жалғасып отыр. Мұның себебі жүйесіздігінде екені  мәлім болды. Бүгінгі күні  осы жағдайдан шығудың жолын іздеу-Q20, Q8 мемлекеттерінің, т.б. елдердің өзекті ісіне айналды. Онымен әлемнің мықты ғалымдары, эксперттері айналысып та жатыр. Осындай жағдайда АҚШ, ҚХР, ЕО сияқты әлемнің жетекші елдері мен одақтары ғылымға ауқымды қаражат бөлу, ЖІӨ 3-4 % дейін қаржы ажыратқандары да бар екені белгілі. Тек ғылымның нәтижелерін жүзеге асыру арқылы ғана әлемде инновациялық серпіліс жасауға болатыны тағы анық.

Read More

Татардың әйгілі батыры Чура Нарықов қазақтың Арғын руынан шыққаны белгілі болды. Мұндай болжамды тарихшы Дамир Ысқақов жасады. Тағы бір болжам бойынша ол Тама руынан шығуы да мүмкін. Ал татар аңыздарына жүгінсек, көптеген татар ауылдарында тұратын халық осы батырдан тараған ұрпақтар екен. Татарларда Арғын руы бар екенін ескерсек, Чура Нарықовқа жүргізген жоғарыдағы генетикалық зерттеудің шындыққа жанасатынына көз жеткіземіз. Жалпы, кез келген халықтың этногенезін анықтау үшін ХХІ ғасырда кең мүмкіндіктер ашылып отыр. Тарих және генетика саласын біріктіре отырып, қазақ этногенезін зерттеуде үлкен жетістікке жетуге болады. Мұны бүгін Астана қаласындағы Мемлекет тарихы институтында өткен семинар тренингте генетика саласының маманы Айқын Асқапұлы мәлім етті.…

Read More