Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Өзбекстандағы қазақ ауылы «қиратылғаны» расталмады
Қоғам

Өзбекстандағы қазақ ауылы «қиратылғаны» расталмады

13/09/20130

     Азаттықпен сөйлескен Ташкенттегі аудан әкімшілігі «қазақ ауылы бұзылып жатыр» деген ақпаратты жоққа шығарды. Олар үйі бұзылған адамдарға баспана ақысы мен жер берілгенін айтты.

Қытайтепе ауылындағы үй бұзу науқаны. Өзбекстанның Ташкент облысы Жоғарғы Шыршық ауданы, 13 қыркүйек 2013 жыл.

Қытайтепе ауылындағы үй бұзу науқаны. Өзбекстанның Ташкент облысы Жоғарғы Шыршық ауданы, 13 қыркүйек 2013 жыл.

 Қазақстандық ақпарат құралдары қыркүйектің 12-сі күні Өзбекстанның Ташкент облысы Жоғарғы Шыршық ауданындағы қазақтар тұратын Қытайтепе ауылы бұзылып жатыр деп хабарлаған еді.

«ЕШКІМ ДАЛАДА ҚАЛҒАН ЖОҚ»

Қытайтепе ауылына барған азамат, Өзбекстандағы «Эзгулик» ұйымы мүшесі Абдурахмон Ташановтың сөзінше, «ауылда Ташкент-Чорвоқ көлік жолы маңында тұрған үйлер бұзылған, үкімет өкілдері ол үйлердің бұзылғаны абаттандыру шарасына  байланысты екенін айтқан». Оның сөзінше, үйлері сүрілген жұрттың арасында қазақтар да, өзбек отбасылары да бар.

– Мен сөйлескен адамдардың арасында ескі үйі бұзылып, жаңа үйге ие болатынына қуанған адамдар да бар. Өтемақыға наразы болып, шағымданғандар да бар. Кейбір отбасының далада тігілген шатырда тұрып жатқанын да көрдім,

Қытайтепе ауылындағы үй бұзу. Өзбекстан, 13 қыркүйек 2013 жыл.Қытайтепе ауылындағы үй бұзу. Өзбекстан, 13 қыркүйек 2013 жыл.

– деді Абдурахмон Ташанов Азаттыққа.

Жоғарғы Шыршық ауданы әкімшілігінің аты-жөнін айтпаған қызметкерінің дерегінше, үйлері бұзылған тұрғындарға өтемақы мен жер берілген.

–  Олардың көбі әлдеқашан үйлі-жайлы болып кеткен. Ешкім далада қалған жоқ. Кейбірі шатырда тұрып жатса, олар үй құрылысы аяқталуын күткен тұрғындар болар. Үйі бұзылған әрбір отбасыға 50-60 миллион сом (23-28 мың АҚШ доллары шамасында – ред.) берілді, – деді әкімшілік қызметкері Азаттыққа.

Азаттық Қытайтепедегі оқиғаға байланысты пікірін білмек болып, Қазақстанның Ташкенттегі елшілігіне телефон соққан еді. Елшіліктің өзін Ербол деп таныстырған қызметкері бұл оқиғадан хабарсыз екенін айтты.

Өзбекстанда соңғы жылдары қалалар мен аудан орталықтарын абаттандыру мақсатында ескі үйлерді бұзу науқаны жүріп жатыр.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТатардың әйгілі батыры Чура Нарықов Арғын руынан шыққан
Next Article Ғылым тағдыры — ел тағдыры!

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.