Орбұлақ шайқасы – қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрысты оқиға. Бұл соғыс 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір сұлтан мен жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында өтеді. Жәңгір жоңғарлардың жолын кесу үшін білтелі мылтықпен қаруланған 600 сарбазбен қарсы аттанады. Әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық Орбұлақ шайқасында осы 600 қазақ сарбазы 50 мың жоңғар қолын тас-талқан етіп жеңеді. 600 адамның 50 мың адамды жеңуі бізге аңыз секілді көрінгенмен, шындық солай. Отандық тарихнаманың осы айтулы оқиғасы қалай болды? Жеңіске жету үшін Жәңгір хан қандай қосымша тактика қолданды? Осы жайды зерттеп жүрген тарих танымгері, өлкетанушы, шежіреші Асан…
Автор: admin
Ақыт Үлімжіұлы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың ірі ғұламаларының бірі. Қазақтың тірісінде кітабы баспа көрген тұңғыш қаламгері. Жазба әдебиеттің көш басшыларының бірі. Ақыт жырлары Қазақстанға әлі де кеңінен таныс бола қойған жоқ. Тек 2007 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан «Жиһаншаһ» атты жыр жинағы тұңғыш рет басылып шығып, сол жылы Ақыт Үлімжіұлының туғанына 140 жыл толғаны салтанатты түрде аталып өтті. Дәл осы жылы түрлі мерзімді басылымдарда Ақыт және оның өмірбаяны жайындағы деректер, шығармашылығындағы діни-әлеуметтік бағыт жайында мәліметтер молдап берілген екен. Бұл сол кездегі әдеби шараға байланысты болса керек. Әдеби науқан аяқталғаннан кейін, Ақыт…

