1920 жылдың 26 тамыз күні Қазақ автономиясын құру және оның жер көлемін белгілеу жөнінде декрет дүниеге келді. Бұл айтуға жеңіл болғанымен, қазақ жұртының қылышынан қан тамған қызыл империяны мойындатып, өз алдына ірге көтеруі оңай болған жоқ. Жан берді, жан алысты. Кремльде өткен ұзақ тартыстан соң, қызыл пролетариаттың көсемі – Ленин арнайы қаулыға қол қойды. Бұл жеке азат ел болуды аңсаған Алаш арыстарының жанқиярлық еңбегінің арқасы еді. Сол тартысы мол алқалы мәжілісте болашақта құралатын Қазақ мемлекетінің шекарасы межеленді. Негізгі тартыс «қазақ автономиясына қай жерлер кіреді?» деген мәселеге келгенде, қатты ушыққаны белгілі. Бірақ Алаш арыстары алға қойған мақсатына жетті. Әлихан Бөкейханов, Ахмет …
Автор: admin
Соңғы кездері қазақ газеттерінің басына қара бұлт үйіріліп тұрғаны ешкімге де жасырын емес. Мәселен бұған дейін оқырманға жол тартқан «ҰЛТ TIMES» газетінің ашылғанынан жабылғаны жылдам болды. Енді міне, белгілі журналист Ғабит Мүсіреп басқаратын республикалық «Нұр Астана» жастар апталығы өз жұмысын тоқтататын көрінеді.
Иә, солай. 140 та емес, 130 да емес, тіпті 100 этнос та жоқ көрінеді біздің елде. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының Қазақстан халқы тілдерінің XV фестиваліне арналған баспасөз маслихатында Қазақ елінде 85-тен астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұратындығы айтылды. Дұрысы, басқарма таратқан баспасөз релизінде солай жазылыпты.

