Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Қоғам»Жарылғап Қалыбайды не үшін қамауға алды?
Қоғам

Жарылғап Қалыбайды не үшін қамауға алды?

03/09/20130

«Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылғап Қалыбай мырзаны үш күнге абақтыға жапқаны туралы ақпарат шықты. Істің мән-жайын білмекке хабарласқанымызды телефонды Жарылғап Қалыбайдың ұлы Бекзат Қалыбай көтерді.

Бекзат Қалыбаев:

— Әкем, 1 және 3 жасар екі баласы, әйелі және 77 жастағы әжеміз бәрі Түркияға барып демалып жатқан. 1 жастағы інім Махамбет ауырып болмаған соң, «Скат» әуекомпаниясының ұшағымен қайтып келе жатады. Жолда Махамбет мазасызданып, әкем оны жұбатпақ болып, көтеріп алып әрі-бері жүреді. Оның бұл жүрісі жолсерік жігітке ұнамапты. Баласын уатып жүрген әкемді әлгі жігіт бір емес, екі рет қағып өтеді. Екінші рет қағып өткенде әкемнің қолындағы шырын сусыны төгіліп, киімін былғайды. Әкем  жігітке: «Мұның не, бір емес, екі емес мені неге қағып өтесің?» десе, әлгі жігіт: «Маған орысша сөйлеңіз!» деп талап қойыпты. Әкем болса: «Қазақстанда тұратын әрбір адам қазақша білуге және сөйлеуге міндетті» деп, сонымен әңгіме біраз жерге барған. Сөйтіп, әкемді ұшақтың ас үйіне шақырып, сол жерде әлгі жігіт кешірім сұрап, үстін тазалап берген. Сол кезде  жігіт: «Мен қазақша білмеймін, білгім де келмейді» деген. Ақыры, әкем келіп өз орнына жайғасады. Бір кезде жолсеріктер жолаушылардан «Жарылғап Қалыбай жол бойы мазамызды алды» деген мәтіндегі хатқа қол жината бастайды. Олардың бұл әрекетін әкем телефонына түсіре бастаған. Сөйтсе, Айжан деген жолсерік әкемнің телефонына жармасып, телефонды тартып алмақшы болыпты. Жолаушылардың көбі орыстілді қазақтар болғандықтан, әкемнің қазақ тілін білу туралы сөздері олардың да «намысына» тигенге ұқсайды.

Ұшақ Алматыға келіп қонған жерде әкемді полиция алып кеткен.

Жарылғап мырзаға ара түскен «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановпен де сөйлестік.

Мұхтар Шаханов:

—  Ұшақтар да, әуежайлар да сол сияқты мекемелердің бәрінде әлі күнге дейін қызмет көрсету тек қана орыс тілінде жүргізіліп келеді. Бұл бір ғана Жарылғап Қалыбайдың басында болған жағдай емес, қаншама қазақ баласы осындай тілдік кемсітушілікті бастан кешіріп жатыр. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы ретінде айтарым, біз бұл істі бұлай қалдырмаймыз. Арнайы мәлімдеме жасаймыз. Үкіметке ескертеміз. Қарап тұрсаң, бүтін ұлт тілдік тұрғыдан кемсітушілікке ұшырап жатыр.

«Скат» әуекомпаниясының Шымкент қаласындағы бас кеңсесіне хабарласқанымызды телефон тұтқасын көтерген қыз біздің қазақ тіліндегі сауалымызды түсінбегенін айтып, мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерке қосты. Аты-жөнін айтудан бас тартқан әуекомпаниясының қызметкері мән-жайды сұрап біліп, 15 минуттан кейін хабарласуға уәде берді. 15 минут өтті. Жауап жоқ.

Журналист Болат Мүрсәлім Фейсбук әлеуметтік желісіне Жарылғап Қалыбайды үш күнге қамауға алуға шығарылған үкімді жариялады (суретте). Үкімде Жарылғап Қалыбай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330 бабының 1-нші тармағы (330-1-бап. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау) бойынша айыпты деп табылғаны жазылған.

«Скат» әуекомпаниясы тарапынан қандай да бір жауап болса, қосымша жариялайтын боламыз.

Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article800 қазақ сарбазы 50 мың жоңғарды қалай жеңген?
Next Article Марсқа ұшуға кемінде 4 қазақстандық өтініш берген

Оқи отырыңыз...

Бұрын жұмысқа алу үшін орысша білуді талап етсе, қалыпты нәрсе еді, қазір “неге олай?” деген сұрақ көбейген

03/10/20261

Қытай интеллигенциясы қытай иероглифін сынады, қытай тілін емес…

23/08/20262

Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясы

17/08/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.