Автор: admin

    Қазақстандағы балеттік бидің алғашқы үгілері кәсіби сахнаға шықпастан бұрын, ұлттық өнердің жалпы дамуы аясында күрделі, ұзақ жолдан өтті. 1933 жылы Қазақ мемлекеттік драма театры жанынан музыкалық студия ашылып, көп ұзамай студия жанынан балет тобы да құрылды. Педагогтар мен арнай балет мамандары болмағандықтан театр ұжымын ұйымдастырудағы күрделі қиыншылықтардың көпшілігі балет үлесіне тиді. Балет тобы ұзаққа созылған маман іздестіру жұмыстарынан кейін М. Арцибащевның жетекшілігімен балет үйренуге кірісіп кетеді. Балет студиясының алғашқы үйренушілернің ішінде Ш. Жиенқұлова, Ташкенттен келген кәсіби биші Е. Лифанова, А. Исмаилов, С. Абсолямовалар болды. Тынымсыз дайындық нәтижесінде олардың бірінші шығармашылық қадамы премьерасы 13 қаңтар 1934 жылы М. Әуезовтың «Айман-Шолпан»…

Read More

Мырзан Кенжебай — 1947 жылы 31 тамызда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Құланды ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған. Әр жылдарда «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Қазақ мемлекетт, «Аманат» газеттерінде тілші, республикалық «Қайнар» баспасында редактор, «Таң-Шолпан» журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Қазір «Мәдениет» журналында редактор болып қызмет атқарады. Ақынның өлеңдері «Мерейлі мекен» ұжымдық жинағына енген. «Жоғалған өлең», «Жазым өтіп барады» жыр жинақтары жарық көрген.

Read More

   Әдетте Қазақстан билігі  қазақ жерін мекен қылған көптеген  этностардың ынтымағын  мақтан қылуды ұнатады. 2000 жылдарға дейін «130 ұлт пен ұлыс бар» делінетін Қазақ елінде  соңғы кездері «140 этнос  тұрады»  дейтін болдық. Тіпті,  күнде айтыла бергендікі ме, етіміз де үйреніп алыпты. Бірақ, кейінгі кездерде елімізде «этникалық анклавтар бар, ел болашағы үшін бұл қауіпті» деген  пікірлер айтылатын болды. Ашығын айтар болсақ, бұл ойландыратын мәселе.  Түрлі сауалдар туындататын жайт.

Read More