Ежелгі заманнан бері Азияның шығысынан Батыс Еуропаға дейінгі ұлан-ғайыр аймақта өмір сүріп келе жатқан түркі тектес тайпалардың орта ғасырларда өз заманына сай жоғары дәрежеге жеткен мемлекеттік құрылымдары ыдырап, жаңа қалыптасып келе жатқан, ғылымның жаңа жетістіктеріне сүйеніп күшті мемлекеттік жүйені құруды көздеген Орыс патшалығының отарына айнала бастады. Орыс патшалығы түркі тайпаларының өз заманындағы мықты, тұтас жүйеге негізделген мемлекеттік құрылымын өздеріне қабылдап, оны дүниежүзілік отырықшылық өркениеттің аумақтық әкімшілік бөліністік жүйесіне сай құрылымына сәйкестендіре құрды. Содан бастап түркі халықтарының дамыған рухани-мәдени құндылықтарын жүйелі түрде зерттеп, өз игіліктеріне жаратуды көздейтін саясатты қолданды. Сонымен бірге олар өзіне тән түркілік мәдениетті халықтарымен қоса орыстық этносқа сіңіруді негізгі мақсат-мүддесі ретінде жүйеледі.
Бұл тұрғыда өзінен күшті, рухани-мәдени санасы жағынан көп ілгері дамыған түркі халықтарын тұқыртып, өздерін үстем деңгейге көтеру қажет еді. Сол саясатты ұстанып, жазу-сызуы, өркениетке қосқан мәдениеттік үлесі жоқ деп, түркі халықтарын төмен дәрежеге түсіруді көздеген саяси насихаттары шырқау шегіне жетіп тұрған кезде дат ғалымы В. Томсен түркі халықтарының тасқа жазып кеткен жазуларының сырын ашып дүние жүзіне паш етті. Бұл Орыс мемлекетіне, оның ұстанған түркі халықтарын табанға салу мақсатына сай саясатына үлкен соққы болды. Көне түркі жазба ескерткіштерінің сырын ашып оқи бастаған ғалымдар өз деңгейіндегі білімдерін сарп етіп, жазбалардың негізгі мағынасын ашып жариялады. Алайда олардың мүмкіндігі жетпейтін, ескерткіштердің терең сырлы қатпарлары жеткілікті болатын. Ол сырлар өз құпияларын ішіне бүгіп, қазіргі кезге дейін, әлі де жабулы күйінде ішкі таңғажайып қазынасын жасырып келеді. Солардың бірі де болса, бірегейі – І Шығыс Түрік қағанатын құрушы, Бумын болып қате оқылған қағанның есімі.
Бумын есімі бір ғана дыбыс – ДЖ таңбасының оқылмауы себебінен жаңылыс оқылды. Тілдік түркітану ғылымының негізгі міндеттерінің бірі тарихи кезеңдердегі түркі тілдерінің дыбыстық құрылымын анықтау болып табылады. Оны анықтау оңай емес екені мәлім, өйткені көне замандардағы халықтардың дыбыстық сөйлеу мәнері біздің құлағымызға жеткен жоқ. Оны жазба мұралардағы әріптік-дыбыстық таңбалар арқылы ғана қалпына келтіруге болады. Бұл тұрғыда ежелгі замандағы тілші-ғалым бабаларымызға ризашылығымызда шек жоқ. Себебі олар сол замандардағы түркі тайпаларына тән тілдік дыбыстардың ерекшеліктеріне қарай жеке-жеке таңба арнаған. Сөз болып отырған ДЖ дыбысы қазақ тілінде қалай қолданылады, көне заманда қалай қолданылған деген мәселенің өзі әлі де шешуі табылмаған күрделі сұрақтардың қатарына жатады.
Қазақ тілінде кірігіңкі (аффрикат) дыбыстарға жататын ДЖ мен Ч (тш) дыбыстары диалектілік ерекшелік деп саналатыны мәлім. Бұл тұрғыда Ч дыбысының кірігіңкі және диалектілік ерекшелік екендігінде дау жоқ. Ал ДЖ (сөздің басындағы) дыбысына келсек, олай деп нақты тұжырым айтуға болмайды. Бұл тұста қазақ диалектологтары терең экспериментті фонетикалық әдістерге жүгінбестен тек есту арқылы үстірт қорытынды жасаған деуге болады. Яғни, құрамындағы Д дыбысы анық естілетін ДЖ дыбысын ғана ескеріп, сол дыбыс қолданылатын аймақтарды анықтаған. Сөйтіп диалектологтар қазақ тілін Ж-шыл және ДЖ-шыл сөйленістерге (говорларға) бөлді. Бұлардың басым көбі Ж-шыл диалект деп әдеби тілге осы нұсқаны қабылдағаны аян. Диалектологтар негізінен ДЖ-шыл диалектіні тұтынушылар Қазақстанның Жамбыл, Алматы-Талдықорған, Семей-Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан [1 Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи. Алма-Ата, «Рауан», 1992, С. 124.] деп анықтаған. Бұлар шындығында шекаралық аймақтар болып табылады.
ДЖ кірігіңкі дыбысының қазақ және түркі халықтарындағы қолданылуы мен пайда болуы мерзімін анықтауға көптеген ғалымдар назар аударды. ХІХ ғасырдағы қазақ тілін зерттеуші ғалымдар В.В. Радлов, Н.И. Ильминскийлер ДЖ дыбысының негізінен шығыс аймақтарда кездесетінін, ал батыс аймақта қолданылмайтыны туралы [1, Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи. Алма-Ата, «Рауан», 1992, С. 26] ескерте кетеді. В.В. Радлов өз еңбегінде мынадай мысал келтіреді:
Джазғұ тұрғұ ақша қар джаумақ қайда, джар-джар,
Құлұн тайдай айқасқан оң джақ қайда, джар-джар.
Азар джақсы болса да қайын атамыз, джар-джар,
Айналайын әкемдей болмақ қайда, джар-джар.
Ал П.М. Мелиоранский ол дыбыс туралы мынадай пікір айтады: «LшJ (т. е. дж – С.О.) – есть звук, который можно было бы изобразить через дж. Предзвучие д не следует выговаривать слишком ясно. В западной части степи оно даже совсем исчезает» [1, Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи. Алма-Ата, «Рауан», 1992, С. 27].
Біздің анықтауымызша қазақ тілінде ДЖ-ның үш түрі бар. Біріншісі диалектологтар нақты анықтаған аймақтардағы ДЖ дыбысы. Бұның ерекшелігі алдыңғы Д дыбысы неғұрлым анық, ашық айтылады. Бұл тұрғыда бұл нұсқаны бірігіңкі дауыссыздарға жатқызған дұрыс деп білеміз. Бірақ бұл ДЖ бірігіңкі дауыссыздарының басқа НТ (қант), РТ (қарт), ЛТ (салт) тәрізді бірігіңкі дауыссыздардан айырмашылығы бар. Мысалы, басқа бірігіңкі дауыссыздар сөздің соңында келетін болса, ДЖ бірігіңкі дауыссызы тек сөздің басында ғана қолданылады. Басқа бірігіңкі дауыссыздарды құрайтын дыбыстар буын түйісінде екі буынға ажырап кете алады (қан-ты, сыр-ты-на), ал ДЖ бірігіңкі дауыссыздары сөздің ортасы мен аяғында қолданылмайды.
ДЖ-ның екінші түрі кірігіңкі (аффрикат) дауыссыздар деп санаймыз. Бұл диалектологтар ашық Ж дыбысымен сөйлейді дейтін, алдыңғы шекаралық аймаққа қарама-қарсы орналасқан өңірдің тіл тұтынушыларының тіліндегі ДЖ кірігіңкі дауыссыздары деп білеміз. Бұл дыбыс шындығында ашық Ж дыбысы емес, Ч дыбысы сияқты нағыз кірігіңкі дыбыс. Мұнда Д дыбысы анық байқалмайды, Ж-мен тұтасып шұғыл шығады. Барлық қазақтар, алдыңғы бірігіңкі ДЖ дауыссыздарымен сөйлейтіндерден басқалары, осы дыбыспен сөйлейді. Ал бұл таза ашық Ж дыбысы емес. Ашық, таза Ж дыбысы диалектологтардың өздері айтқандай сөздің ортасында ғана келеді. Міне, осы ашық, таза Ж дыбысы қазақ тіліндегі үшінші Ж дыбысы болып есептеледі. Бірінші бірігіңкі ДЖ дауыссыздарын жазуда осы күйінше ДЖ дыбыстарын қосарлап таңбалауға болады. Бұл тек тілдік ғылыми әдебиетте ғана қолданылады. Ал әдеби тілдегі бұрын жай Ж деп жүрген кірігіңкі ДЖ дауыссыздарының құйрықты Җ-мен таңбаланғаны дұрыс болады. Біз бұрын әдеби тілдегі жай Ж-мен жазылады деп жүрген, мысалы, жан, жақ, жер, жеміс тәрізді сөздеріміз құйрықты Җ-(дж)мен жазылуы керек. Қазақ тілінде сөз басында ашық, таза Ж дыбысынан ешқандай сөз басталмайды. Олар кірігіңкі Җ (ДЖ)-мен айтылады: җан, җақ, җер, җеміс. Ал сөз ортасында нағыз ашық, таза Ж қолданылады: тұжырым, қыжым, кежім, Бөжей, абысын-ажын т.б.
Ежелгі дәуірде ДЖ дыбысы түркі халықтарында қолданылды ма деген сұраққа түркітанушы ғалымдардың арасында оның қолданылғандығы туралы дәйекті пікір білдірген ғалым А. Бернштам болған. Ол армян және араб жазбаларында және қазіргі зерттеушілер ұсынған фонетикалық нұсқаларда келтірілген йабғұ // йабағұ, джабғұ // джабғу // джабағұ сөздерін мысалға келтіреді. Ол сөз түркі қағандарының өкіл әкімі лауазымын білдірген. Сондай-ақ ол ежелгі грек авторларының Джайық // Йайық атауларын келтіргенін де атап өтеді [1, Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи. Алма-Ата, «Рауан», 1992, С. 37]. Диалектолог ғалым С. Омарбеков А. Бернштамның жоғарыдағы тілдік дәйектерге сүйеніп, қазіргі Қазақстан мен Қырғызстан аймағында ежелгі заманда өмір сүрген Батыс түрік қағанатын құрысқан түркі тайпалары ДЖ-шыл диалектіде сөйлеген дейді. Ал олар қазіргі қазақ тілінің ерекшелігі болып табылатын ДЖ-шыл (>Ж-шыл) тілді дүниеге әкелген тайпалар болса, онда ол VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпалары қазақ халқының шығу тегіне тікелей қатысты болғанын білдіреді [1, Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи. Алма-Ата, «Рауан», 1992, С. 37] деген тұжырым жасаған. Бұл жерде А. Бернштам Монғолия аумағындағы Шығыс түрік қағанатын құрған түркі тайпалары негізінен Й-шыл диалектіде, ал Батыс түрік қағанаты аймағындағы тайпалар ДЖ-шыл диалектіде болған деген қорытындыға келіп, Шығыс түрік қағанатын құрушы тайпалар қазақ халқын құруға қатыспаған дегендей пікірді де аңғартқан. Бұл жерде, әрине, орқұн ескерткіштерінде ДЖ-мен келетін сөздердің болмағандығы сол пікірдің тууына негіз болғаны белгілі. Алайда ежелгі дәуірдегі түркі тілі негізінен Й-шыл тіл болғаны қаперге алынбағаны көрініп тұр.
Осы тұрғыда С.Е. Малов көне түркі жазба ескерткіштерінде ДЖ дыбысы болмағанын, енесей қырғыздарына тән деп есептелген жазбалар тілі Й-шыл диалектіде [1, Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи. Алма-Ата, «Рауан», 1992, С. 34] деген қорытынды жасаған. Қазіргі қырғыз тілі де, қырғыздардың шыққан мекені Алтай-Саян тауларында тіршілік кешкен түркі тайпалары да ДЖ-шыл диалектіге жататыны белгілі. Олар қазір де сонда тұрып жатыр. Олардың кейбір рулары қазақ құрамындағы найман мен керей руларында да ұшырасады [1, Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи. Алма-Ата, «Рауан», 1992, С.34]. Жоғарыда айтылған қазақ диалектісіндегі бірінші ДЖ-шылдық қазіргі қырғыз тілінің жалпы халықтық ДЖ-шылдық ерекшелігіне сәйкес келеді. Мүмкін одан да анық ДЖ-шылдық белгілер анықталуы да ықтимал. Әйтсе де С.Е. Малов қазақ тілінің тарихына қатысты еңбегінде [1, Омарбеков С. География фонетических различий казахской речи. Алма-Ата, «Рауан», 1992, С.37] түркі тілдеріндегі ДЖ мен Й-дың қатар қолданылу дәуірі М. Қашқари кезеңінен де бұрынғы VІІІ ғасырға дейінгі заманда болған деп санайды. Ол бұндай пікірді А. Бернштам секілді араб, армян және грек дереккөздеріне сүйеніп пайымдайды. Иә, атақты тілші ғалымымыз М. Қашқари да түркі тайпаларында бір-бірімен салыстырғанда ДЖ дыбысын қолданатын рулардың болғанына мысал келтіреді: «Түбір сөздерде өзгерістер аз болады. Өзгерістер түбірдегі кейбір әріптердің алмасып айтылуы, түсіп қалуы сияқты болып келеді. Мысалы, Й әрпімен басталған атаулар мен етістіктердің басқы әрпін оғыздар мен қыпшақтар а әрпіне немесе ж әрпіне айналдырады. Сол себептен түріктер мүсәпірді йәлкін десе, олар (оғыздар) әлкін дейді; түріктер йылығ сув – жылы су десе, олар ылығ сув дейді. Осы сияқты түріктер інжуді йінжу десе, оғыздар жінжу дейді. Түріктер түйенің ұзын жүнін йуғду десе, олар жуғду дейді» [2 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. Алматы, «Ана тілі», 1993, 100-б.]. Міне, бұл ХІ ғасырдағы түркі тайпаларының тілі туралы келтірілген нақты мәлімет. Мұнда айтылған йуғду мен джуғдуды қазіргі қазақтар түгел шуда деп атайтыны мәлім. Бұл Й-ДЖ-Ш өзгерісіне дәлел бола алады. М. Қашқари джуғду сөзін арабтың джим әрпімен жазған, ал жоғарыдағы кітапты аударып шығарушылар ол таңбаны қазақ тіліндегі Ж әрпімен транскрипциялапты. М. Қашқари бұл жерде түрік деп Түркі қағанаты орнаған қазіргі Моңғолия мен Самарқанға дейін орналасқан қағанатты құруға қатысқан түркі тайпаларын айтып отыр. Ал оғыз деп сегіз оғыз бен тоғыз оғыз (біз бұлардың алдыңғысын найман, кейінгісін керей деп танимыз) және олармен тығыз қарым-қатынаста болған арғу мен қырғызды және Сібір түркілерін айтқан деп болжамдаймыз. Бұған, әрине, қазіргі оғыз тобына кірген халықтарды құраған тайпалар да қосылатыны күмәнсіз. Біздің зерттеулеріміз бойынша енесей күл жазба ескерткіштерінде арғу (арқырт), сегіз оғыз, тоғыз оғыз және қырғыз тайпалары қатар жазылған, олардың атынан жазылған жазбалардың бар екені анықталды. Бұл туралы алдағы еңбектерде сөз болатын болады. Қазір біз сол енесей ескерткіштерінде жазылған, бұрынғы зерттеушілер мағынасын аша алмаған ДЖ бірігіңкі дауыссыздарының таңбалары туралы сөз қозғаймыз. Бұл жайында бұрынғы бір еңбегімізде [3 Бекжан О. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі белгісіз сегізінші бірігіңкі дауыссыздардың мағынасы мен таңбасы // Көне түркі жазба ескерткіштері: жазу мәдениетінің бастаулары, тілдің даму құбылыстары. Алматы, «Информ-А», 2005, 85-87- бб.] қысқаша мәлімет келтірген де болатынбыз.
Ол жұмысымызда Е-16 ескерткішінде мына таңба арқылы жазылған Қ¹аД¹аДЖ(Л¹аР¹ыМа), Б¹аДЖ сөздері туралы айтылған еді. Жалпы ДЖ бірігіңкі дауыссыздары мен таңбасы туралы ең алғаш С.Я Байчоров [4 Байчоров С.Я. Древнетюркские рунические памятники Европы. Ставрополь, 1989, С. 90.] еңбегінде сөз болған еді. Ол өз еңбегінде мына таңбаны ДЖ, Ч деп оқыған болатын. Бұл таңба Ашықтас жазуында [5 Бекжан О.Д. Ашықтас бітігінің мағынасы // Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары. Алматы, 2006, 66-78- бб.] да кездесті, біз оны А таңбасы деп оқыған едік. Сондай-ақ осы таңба Талғар жазуында да ұшырасты, бұл да біздің оқуымызша ДЖ бірігіңкі дауыссызы мағынасында [3, Бекжан О. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі белгісіз сегізінші бірігіңкі дауыссыздардың мағынасы мен таңбасы // Көне түркі жазба ескерткіштері: жазу мәдениетінің бастаулары, тілдің даму құбылыстары. Алматы, «Информ-А», 2005, 87- б. ] оқылды. Онда ЕКеДЖ (иіруші) сөзінде сөз соңында қолданылған еді.
ДЖ бірігіңкі дауыссыздары жөнінде Қ. Сартқожаұлы [6 Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік «ж» фонемі хақында // Көне түркі ескерткіштері: палеография, мәтінтану, жазу тарихы (ҚР Мәдениет, ақпарат министрлігі ұйымдастырған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары). Астана, «Ер-Дәулет», 2006, 95-103- бб.] арнайы мақала жазды. Онда көне түркі жазба ескерткіштерінің әліппиінде «Ж» дыбысы болған, бірақ Й дыбысының таңбасымен берілген деген болжамын ұсынған. Оның ойынша Й таңбасы сөздің басында Ж болып оқылады да, сөз ортасында және сөз аяғында Й болып оқылады екен. Қ. Сартқожаұлы ежелгі дәуірдегі жазба ескерткіштерде келтірілген Ж дыбысының қолданылуы жайында 14 түрлі дәлел келтіреді. Оның ішінде қазіргі қыпшақ-қырғыз тобындағы тілдерде және манчжур, монғол тілдерінде толық қолданыста екенін де дәлел ретінде атайды. Оның жоғарыдағы дәлелдерді келтіріп, көне түркі күл әліппиінде ДЖ дыбысы болған деп қорытынды жасағаны құптарлық іс-әрекет. Алайда оның аталмыш мәселенің шешімін табу туралы ұсынысы тілші ғалымның тұжырымына сай пайымдау деуге келмейді. Ол ең алдымен көне дәуірде ашық, таза, жай, жалаң Ж дыбысы қолданыста болды ма деген сұраудың басын ашып алу зерттеушілердің ең негізгі анықтайтын мәселесі екенін ойға да алмайды.
Оның болжауынша J Й¹, J Й² әріптерімен Й дыбысын да, Ж дыбысын да таңбалай берген, оның үстіне бұл І Түркі қағанаты құрылған соң жасалған жазу реформасының шешіміне сай болған. Яғни, қытайлар сияқты әр түрлі диалектілер өз диалектілеріне сай оқи, жаза береді екен. Сонымен бірге Ж дыбысы тек сөздің басында ғана қолданылып, ортасы мен аяғында Й болып оқылады екен. Бұдан Қ. Сартқожаұлының тарихи тілдік жағдайды қазіргі тілдік сәйкестіктер арқылы ғана талдап түсіндіруге бейімдігін аңғаруға болады. Соның өзінде оның кежір, бұжыр, қыж-қыж, баж-баж тәрізді сөздерді көне дәуірдегі бабаларымыз қалай таңбалады екен деген пайымға ой жүгіртпегенін көреміз. Осындай қате, саяз пікірлерін филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясына да енгізгені [7 Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік жазуы: алфавит жүйесі және фонологиясы. ДДА. Алматы, 2008, 44-б.] және оны қорғағаны да мәлім. Ол біз жоғарыда келтірген М. Қашқаридың йуғду // жуғду сөзін «жүкті түйе» деп түсіндірген. Қ. Сартқожаұлының еңбектерінде осы сияқты үстіртін, қате түзетілген сөздер, пайым-тұжырымдар көп кездеседі.
Біздің зерттеулеріміз ежелгі замандағы тілші-ғалым бабаларымыз ДЖ бірігіңкі, кірігіңкі дауыссыздарына арнайы таңба арнағанына көз жеткізді. Оған жоғарыда келтіргендей төрт бұрышты, төрт құлақты, ортасында нүктесі бар таңбадан басқа езулік буынға арналған мына , таңбалар белгіге алынған. Ашықтас ескерткішінде кейінгі үш бұрышты белгі [5, Бекжан О.Д. Ашықтас бітігінің мағынасы // Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары. Алматы, 2006, 76- б.] сәл көлбеулеу орналастырылған. Біз ол таңбаны ІЧ³ буыны ретінде оқыған едік. Қазір ол таңбаны да ДЖ³ езулік буынды кірігіңкі дауыссыздар түрінде оқуға болатыны туралы ой түсті. Олай болғанда ол сөз eP еЛТіДЖ³іБ² (тартысып, сүйресіп, жетектесіп) болып оқылады. Біз бұл жазу жазылған таяқшаны тілдік дәйектеріне қарай ХІІ-ХІІІ ғасырлардың куәсі деген тоқтамға келген едік. Сол маңда арғулардың тұратыны жайында М. Қашқари айтып кеткені белгілі. Бұл мәлімет Талас ескерткіштерінде де ДЖ дыбысының қолданылғанына айғақ бола алады.
Енесей ескерткіштерінде осы таңбалар арқылы жазылған бірнеше сөз анықталды. Оның ішінде АДЖ³А сөзі ескерткіштердің көпшілігінде қайталанады. Бұл сөз тіліміздегі «Ай дер ажа жоқ, қой дер қожа жоқ» деген мәтелдегі ажа сөзі. Бұл үлкен кісіге қарата айтылатын туыстық, сыйлау мағынасындағы атау. Осы сөзден өрбіген әкенің шешесі, қарт ананы атайтын әже сөзі тілімізде әлі де қолданылып келеді. Енді осы сөздер қолданылған ескерткіш мәтіндерін келтірейік. Біріңші АДЖ³А сөзі Е-41 (6) ескерткішінде қолданылған. Алдымен С.Е. Маловтың [8Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 75.] транскрипциясын ұсынайық: 6-жол. Ер ердемім адақы ана егмеч егет йерілтім. Орысша аудармасы: «Моя геройская доблесть, батюшка (мой), от моей тетки, мать, супруга, служанки (со всеми вами) я разлучился». Д.Д. Васильевтің [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 29.] транскрипциясында адақы деген сөзден кейін гме дыбыс тіркестері қосылған, басқалары бірдей. Біз бұларға қосымша А.Н. Бернштамның [8Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 74] түсірген ескерткіш фотосуретін, Н.К. Оркунның ұсынған фотосуретін салыстыра қарап ескерткішті түгел қайта оқып шықтық. Әрине, мұнда көп өзгерістер бар. Алғашқы зерттеушілер байқамаған, байыптай алмаған деректерді өз қалпына келтіруге тырыстық. Түпнұсқасы, 6-жол: mPr¹:tgC:%a:EmCg:¼qDm%drr
Транскрипциясы: еР² еР²Д²ӨМ⁴ҮМ⁴ аД¹а аҚ¹а ҰР⁴Ұ ІГІЧ³ІМЕ АДЖ³А ӨГ⁴ӨМ⁴Ө ІЧ³ІГіТ²е Й⁴ҮР²іЛТіМ
Аудармасы: Ердің ерлік даңқына сай ата, ақа, ер-еркек нығайтушы- жоғарылатушыма ажа, өгөме (сыйлы, көпті көрген ұстаз қария) ішке тарта бардым (тура мағынасы – барылдым). Бұл ескерткіште бұрын жай езулік % М болып оқылып жүрген таңбаның еріндік ӨМ⁴ болып оқылатындығы да анықталды. Сондай-ақ мына ¹ таңбаның еріндік жіңішке ЙӨ⁴, ЙҮ⁴ болып дыбысталатындығы да алғаш ашылып отыр. Бұл басқа бірнеше ескерткіштерде осылай оқылды.
Езулік ДЖ³ арқылы жазылған екінші сөз Е-25 [8Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 46], [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 101] ескерткішінің бірінші жолында жазылғаны анықталды. Бұл сөз С.Е. Малов транскипциялаған йағықа (в среду врагов) сөзінің арасына күрделі графеманың құрамында жазылған. Бұрынғы еңбегімізде [10Бекжан О. Енесей ескерткіштеріндегі белгісіз алтыншы бірігіңкі дауыссыздардың мағынасы мен таңбасы // «Түркология», «Қ. А. Ясауи ат. ХҚТУ», Түркістан, 2002, № 1, 40-б.] бұл сөзді шамалы түзетіп йағыз йерке (қара қоңыр, қара қошқыл жерге) деп оқыған болатынбыз. Ол кезде ДЖ³ таңбасының мағынасы әлі ашылмаған еді, сондықтан күрделі графема толық талданып оқылмады. Осы жолдың соңғы КІР²Д²іМ сөзінде де күрделі графема барлығы және одан кейін де оқылмаған екі таңба бар екені де анықталды. Жолдағы қажетті бөліктің түзетілген нұсқасын келтірейік. Күрделі графемалы түпнұсқасы: Wik:aqXJaNà
І КГБ (Күрделі графеманың бөлшектенуі) (7) = (1) — З; (2) J — Й²; (3) r – Р²; (4) k – К²; (5) — ДЖ³; (6) R – Р¹. ІІ КГБ (12) = (1) r –Р²; (2) d – Д²; (3) — М; (4) q – Қ¹; (5) — РТ; (6) — С¹; (7) — З; (8) — С¹; (9) — Б¹; (10) — Р².
Бірінші жол үзіндісінің жай таңбалы толық түпнұсқасы:
WWqrdrik:aqRkrJXJaNà
Транскрипциясы: Б¹ҰНҚА А₆Й¹ҒыЗ Й²еР²Ке, ДЖ³аР¹ыҚҚ⁵А, КІР²Д²іМ, еР²₆ аҚ М₆әРТ аБ¹аҢЧа, аС¹ыЗ, аС¹ыЗ₆ еР²іҢЧ₆е
Аудармасы: Осында айғыз (кір түстес, қара қошқыл, қаракер) жерге, жарыққа (көрге), кірдім, ер, ақ, мәрт ата-бабаңша, асыл, асыл еріңше.
Мәтіндегі йағыз сөзін кейінгі зерттеулерімізде айғыз деп аудардық, енді транскрипциясын да осылай берген жөн деп шештік. Өйткені алғашқы зерттеушілер қазақ тілінде айғыз деген сөздің бар екенін білмей йағыз деп транскрипциялаған. Ал айғыз сөзі қазақ тілінде кір-кір бетті суреттегенде айтылатыны мәлім. Кірдің өзі шаң-топырақтан пайда болатыны белгілі. Яғни, айғыз дегеніміз жер түстес реңкті білдіреді. Бұл сөз Күлтегін ескерткішінен кейін қара жер мағынасында екінші мәрте қолданылып отыр. Мәрт сөзін парсы сөзі деп келгенімізді баршамыз білеміз. Бұл сөз Е-10 ескерткішінде де қолданылған. Осы тұрғыдан алғанда төл сөзіміз десек те болады. Жиырма төртінші Б¹ таңбасы Надыр жазуында [11Бекжанүбірі О. Надыр күл жазулы ескерткішінің мағынасы // Н. Сауранбаев және қазақ тіл білімі. Алматы, 2000, 123-130-бб.] кездескен болатын. Ескерткіште көр сөзінің мағынасын жарық деп көркемдеуіш тәсілмен білдірген. Жердің жарығына түсу, кіру тәрізді тіркестер тілімізде ежелден бар екені аян. Мәрт абаңча деген тіркестен ата-баба жолынан айнымау бұлжымас қағида болғанын сеземіз.
Енесей ескерткіштерінде чігсі, чігші, чікджі нұсқатүрлерімен аталған ел атауы бар. Бұл этноним арғын тайпасындағы ру аты екені ескерткіште келтірілген. Бұл туралы РТ таңбасы [12Бекжан О. Көне арғын мемлекеті және оның жазуы // «Жұлдыз», 2002, № 9, 201-б.] жайындағы еңбегімізде ертедегі арғын тайпасына жататын шекті руының көне нұсқасы деген едік. Шынында да чіксі атауы шектіге айналғаны күмән тудырмайды. Аталған еңбекте Е-70 [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 90] ескерткішінде Күліг чігсі, орұңұ чігсі тіркестері жазылған деп түсіндіргенбіз. Қазіргі оқуымызда оны жетілдірдік. Транскрипциясы: К⁴ӨК⁴ Т⁴ҮР⁴ҮК²ҮЛүГ ЧіГС²І, ОР¹ұҢҚҰ ЧіГС²І еЛ²іМК²І (Көк түрүктік чігсі, ордалық чігсі елімнің…). Бұл тіркестен жазудың Көктүрік қағанатына қараған кездегі бітіг екенін аңғарамыз. Чігші сөзі Е-24 [8Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 44], [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 100] ескерткішінде жазылған. С.Е. Малов транскрипциясын келтірейік: (5) Ынанчу күлүг чігші бег ер ердемім үчүн (Ради моей геройской доблести я, Ынанчу именитый чигши). Біздің транскрипциямыз: аНЧа… К еН²Л²іГ аНЧа ЧІГШІ еЛ²І Б²еГі еР² еР²Д²еМіМ ҮЧҮН²… (Сонша… к ен-таңбалы, сонша Чігші елінің бегі ердің ерлік даңқым үшін…). Е-19 [8Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 41], [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 94] ескерткішінде де чігші ел атауы келтірілген. С.Е. Малов транскрипциясы: (1) Қутлуғ чігші бен қадыр йағыда (Я Кутлуг («счастливый») чигши. При жестоких врагах (войнах)). Біздің транскрипциямызда көптеген оқылмаған тың жаңалықтар бар. Оның көпшілігіне кейін арнайы тоқталу қажет, қазір қысқаша үзіндімен шектелейік: Транскрипциясы: (1) … ОЛ⁴ОНҚ ОЛ⁴ОНҚЛ⁴ҰУҒ ЧІГШ²І Б²еН² Т⁴ОҚ⁴ҰШыНЧ ШаД¹ыР¹ Й¹аҒыД¹А (Ұлу (айдаһар) ұлулық чігші мен соғысушы шадыр (қатал, жауыз) жауда). С.Е. Малов шадыр сөзін қадыр деп қате оқыған. Себебі ол сөздер төңкеріліп және күрделі графемамен жазылған. Дегенмен болжамдап болса да, ол сөзді дұрыс аударған. Чікджі сөзі Е-42 [8Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 76], [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 107] ескерткішінде жазылған, бірақ оны алғашқы зерттеушілер оқи алмаған. Себебі сөз күрделі графема арқылы берілген. Ескерткіште көп мәліметтер оқылмай қалған. Оны толық талдап, түсініктемесін беруді келешек жұмыстың еншісіне қалдырамыз. Қазір қысқаша транскрипциясын келтірейік: … асыз, асыз, асыз йеріме, ыдұуқ йеріме, есізке, есіз ЫЗТ⁴ҰУҚ Й⁴ҮЗіМе, есіз арқы(рт), ЧіКДЖ³і еліме (асыл, асыл, асыл жеріме, қасиетті жеріме, асылға, асыл Ызтуқ жүзіме, асыл арқырт, чікджі еліме…). Бұл мысалдардан көне түркі дәуірінде арғын, қырғыз тайпаларында чігсі, чігші, чікджі атаулары нұсқатүр ретінде қатар қолданылғанын аңғарамыз. Е-13 [8Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 35], [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 92] ескерткішінде ДЖ кірігіңкі дауыссыздарының сөз соңында да қолданылған мысалдары ұшырасты. Оны төменде келтіреміз. Чік этнонимі Білге қаған, Мойын Чор ескерткішінде қырғыз тарабына шабуыл кезінде келтіріледі. Соған қарағанда этнонимнің негізгі түбірі чік нұсқасы болғанын білуге болады. Сонымен біз езулік ДЖ³ бірігіңкі-кірігіңкі дауыссыздарының таңбаларының үш , , , нұсқасына мысалдар келтірдік. Бұның соңғы үшінші нұсқасының өзі ұқсас екі нұсқатүрден тұрады: біріншісі, доғаның, екіншісі, бұрыштың ортасынан өтетін түзу сызықты түрлері.
Бұрын белгісіз болып келген ДЖ дыбысы кірігіңкі дауыссыздардың еріндік нұсқасы болвп саналады. Бұл нұсқа бүкіл әлемдік – әрі түркологиялық, әрі тарихи– жаңалықтың ашылуына себепкер болатын әріп таңбасы болып отыр. Өйткені бұл ОДЖ⁴, ҰУДЖ⁴, ДЖ⁴О, ДЖ⁴ҰУ таңбасы Күлтегін үлкен жазуының бірінші жолында жазылған, бұрынғы зерттеушілер қате оқыған, Көктүрік қағанатын құрушы ұлы Бумынның ескерткіште жазылған шын аты nmb Б¹ОДЖ⁴МаН¹ екенін дәлелдейтін таңба. Алғашқы зерттеушілер таңбаның нақты айырмашылығына назар аудармай, өздеріне белгілі o О, Ұ, ҰУ дыбысының таңбасы ретінде оқыған. Бұл Боджман, қазіргі айтылуында БОЖБАН, Қоңырат тайпасының негізгі руларының бірінің аты. Біздің бұл Божбанның сол Көктүрік қағанатын құрушы Боджман қаған екеніне көптеген бұлтартпас дәлелдеріміз бар. Бірінші дәлеліміз: рулық шежіреде Божбан атаны дүние жүзіне әйгілі Алпамыс батырдың өзі деп көрсететін нұсқалар бар. Қазақ Совет Энциклопедиясында Божбан ата туралы дерек берілген. Онда былай дейді: «Божбан – Орта жүз, Қоңырат ішіндегі Көтенші руынан тараған ата. Шежіре бойынша Б-нан Ұржық, Жұмық, Қожағұл, Жәукім, Итемген, Құлым, Бекарыстан, Тоқпақ дейтін сегіз ата тарайды. Аңыз бойынша, Б. – Жиделі-Байсындағы Алпамыс батырдың ұрпағы, бала кезінде Көтеншіге келіп сіңген. Көтеншіден тараған Сары, Сапар, Маңғытай, Саңғыл елдерімен бірігіп, «Бес Божбан» атанған. Б. Окт. Революциясына дейін Шымкент уезінің оңт.-батысын, Сырдың екі жағын мекендеген. Таңбасы – Қоңыратқа ортақ босаға таңба ()» [13Қазақ Совет энциклопедиясы. 2- т. Алматы, 1973, 371- б.]. Шежірелердің бірінде Божбан ата Алпамыс батырдың ұрпағы делінсе, екіншісінде Алпамыс батыр Божбан атаның ұрпағы болып айтылады. Ал үшіншісінде Алпамыс батыр мен Божбан ата екеуін бір кісіге телиді: «Бір деректе «Божбан» Жиделі Байсындағы Алпамыс батырдың ұрпағы, бала кезінде Көтеншіге келіп сіңісіп кеткен десе, екіншіде Алпамыс батыр «Божбан еді» дейді» [14Сәдібеков З. Қазақ шежіресі. Ташкент – Узбекистон – 1994, 103-б.].
Бұл деректерден Алпамыс батыр мен Боджман қағанның арасында байланыс бар екені анық байқалады. Алпамыс батыр жырының «Одиссеямен» сәйкестігін қаперге алсақ [15Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т. Узбекский героический эпос. Ташкент, 1943.] эпос кейіпкері б. д. д. ХІІІ ғасырдың тұлғасы саналар еді. Халықтық эпостар, онда жырланатын қаһармандық оқиғалар тізбегі ұрпақтарға жалғасып, ұзақ тізбек құратыны аян. Олай болса, сол тізбек Боджман қаған ерліктеріне де ұласып өз алдына дербес жырланған деп пайымдауға болады. Кейін эпостық қаһармандар тізбегі бір батырдың бойына жинақталып айтылуға жеткені эпостағы оқиғалардың әр түрлі дәуірлерде сипатталуынан көрінеді. Алпамыс атауының екі сөзден құралғаны «Қорқыт ата» кітабындағы Алып Бамсы батыр есімінен аңғарылады. «Алпамыс батыр» жырын академик В.М. Жирмунский V ғасырда туған деп пайымдаған. Сонымен бірге ол Алпамыс пен Манас есімдерінің ұқсастығы туралы пікір білдіреді. Яғни, Алпамыс есімімен орта ғасырларда хатқа түскен «Қорқыт ата кітабындағы» Байбөрі (Байбура) баласы Алып Бамсы мен алтай халқының «Алып Манаш» және қырғыздың «Манасы» сәйкес, оның себебі Алпамыс Алып Мамыш (немесе Манаш) тіркесінен туған [16Жирмунский В.М. Введение в изучение эпоса «Манас» // Энциклопедический феномен эпоса «Манас». Бишкек, 1995, С. 111.] деп санайды. Боджман батыр алып бабаларына ұқсап Сары теңіз-Сары өзеннен бастап, Пұрұм – Ауропаға дейін жаулаған, Көктүрік қағанатын құрған алып қаған болғаны көне түркі жазба ескерткіштерінен белгілі. Осы ерлігін жыраулар жырлап ұлы эпос тудырғаны туралы ұлы М. Әуезов те өз пікірінде айтып кеткені мәлім. Алпамыс есімі Боджман қаған атынан туған. Оның шығу төркіні есім буындарын алмастырып айтудан пайда болған. Мысалы, қазақ есімдерінде Байбөрі – Бөрібай, Байсары – Сарыбай тәрізді буын-сөздерді ауыстырып айтудан Боджман – Манбодж болып өзгеріске түскен деуге болады. Алдыңғы ман буыны ман //бан //пан сәйкестіктеріне түрлене алады. Ал соңғы бодж буыны бодж //бош //бос сәйкестіктерімен өзгеріске түседі және алдыңғы Б дыбысы да б //м //н сәйкестіктеріне ауыса алады. Осыдан банбос >банмұс >банмыс >баммыс >бамсы өзгерісі туса, ал банбос >баннас >маннас >манас атауы осылай шығады. Бұдан басқа Мамыш есімі Манмыш >Маммыш >Мамыш өзгерісінен, Манаш >Маннаш —тан пайда болады. Ал Алпамыстағы Памыс панмыс >паммыс >памыс түрленісінен туғаны анық деп тұжырамыз.
Н.Я. Бичурин өз еңбегінде [17Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Среднй Азии в древние времена. І т. Алматы, ТОО «Жалын баспасы», 1998, 224-226- бб.] түріктердің хуннан тарағанын, түп атасы Ашина болғандығы жайындағы деректерді келтіреді. Ашинаның қаншық қасқырдан туғаны туралы аңызға сәйкес, ғалымдар ол сөзді монғол тіліндегі чоно (қасқыр) сөзінен туындатады. Егер Алпамыс-Боджман қағанның әкесінің аты Бай Бөрі екенін ескерсек, Ашинаның монғол тіліндегі А Чоно —ға сәйкес екенін сезуге болады. Чоно бөрі, қасқыр [18Базылхан Б. Қазақша-монғолша сөздік. Ұлан батыр – 1977, 180- б.] мағынасындағы сөз болса, А дыбысы Бай (ұлы) сөзіне сай ах //их [18Базылхан Б. Қазақша-монғолша сөздік. Ұлан батыр – 1977, 14- б.] (аға, ұлы) сөзінен қытай тіліндегі дыбысталуымен өзгергенін көреміз. Бұдан басқа Ашина есімін «Алпамыс батыр» жырындағы [19Алпамыс батыр. Батырлар жыры. 2-т. Алматы, «Жазушы», 1986, 7, 189- бб.] Алпамыстың әкесі Байбөрінің әкесінің бір туған ағайыны Шыныбаймен де сәйкестіруге болады. Шыныбай есімін Бай Шыны деп алмастырып айтсақ, жоғарыдағы талдаудай А Шоно есімі шығады. Бұдан Боджман-Божбан қағанның түп-тек атауларының сәйкестігін аңғарамыз. Әбілғазы ханның жазбасындағы [20Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, «Ана тілі», 1992, 45- б.] монғолдың қырылуы мен одан аман қалған Қиян мен Нүкүз ұрпақтары Ергене Қоннан шыққандағы патшасының аты Бөрте чене аталады. Бұны да талдасақ Бөрте сөзі түркіше Бөрі сөзіне келсе, чене сөзі монғолша қасқыр мағынасын білдіреді. Бұл да Байбөрі мен Шыныбай аттарынан қосарласқан есімдер деуге келеді.
«Алпамыс батыр» жырының нұсқаларында Байбөрінің әкесі жиі көрінбейді. Тек Ә. Байтұрсынұлы нұсқасында ғана Ордабай аталатыны айтылады. Бұл нұсқада Байбөрі мен Құлтай, Шыныбайлар Ордабайдан туған ағайындылар саналады. Өзбек нұсқасы «Алпамыш» [21Алпамыш. Ташкент, 1974, С. 7.] жырында Алпамыстың атасының аты Алпын би, бабасының аты Дабан би аталады. Әбілғазы еңбегінде [20Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, «Ана тілі», 1992, 39, 40-б.] Шыңғыс ханның да, қоңыраттың да бабасы Қиян аталатын еді дейді. Одан ары Шыңғыс ханның Қияннан бергі бабасы Добун баян еді деген мәліметті келтіреді. Біз бұл жерде Алун сұлудың нұрдан үш бала табуы туралы қиялға көңіл аударуды жөн көрмейміз. Сондай-ақ Добун бай (баян – монғолша) есімі де шатыстырылып бергі дәуірге әкелінуі монғол тарихшыларының (Рашид ад-Диннің кезіндегі қидандардың) бұрмалауының әсерінен болған деп пайымдаймыз. Біздіңше жоғарыда айтылған Алпамыс батырдың бабалары Ордабай, Дабан би мен Шыңғыс ханның бабасы Добун бай – бәрі бір кісі, яғни, Гомер жырлаған Одиссей батырдың түркіше есімдері. Егер Ордабай есіміндегі Ор буынын бөлек сөзден қосылған бөлік десек, қалған Дабай бөлігі Дабан бай есімінен қысқарған деуге болады. Мысалы, Ор Дабанбай >Ордабамбай >Ордабай. Бұл жерде гаплология құбылысынан екі ба буынының бірі қысқарады. Бұл сөздің қысқаруының екінші нұсқасы Одиссей атауына жақын келеді. Мысалы, Ордабаббай >Ордаббай. Бұндағы Р дыбысы қысқарса, сөз Одаббай атауына өзгереді. Бұл Одиссей есіміне сәйкес келеді. Өйткені Добун есімін Досун, бай сөзін сай (Арпоксай, Липоксай, Колаксай) сәйкестіктеріне өзгертсек, Ор Досун сай >Ордосуссай >Ордуссай >Одуссай аты туады.
Бұндай салыстырулардан эпостың көптеген дәуірлер оқиғасын бір өзек-арқауға жинауын түйсінеміз. Мысалы, Одиссей оқиғасы б. д. д. ХІІІ ғасырда өтсе, одан кейінгі батырлар мен жаугершілік баяндары да өз алдына жырланып цикл-тізбек құраған. Ондай тізбекті негізінен ата-бабадан ұрпақтан ұрпаққа берілетін тектік тәлім-тәрбие ұштастырып қалыптастырады. Батырлардың ұрпақтары да ата жолын қуып, батырлық дәстүрді сақтап жалғастырады. Бұл салт қазақ батырлар жырынан мәлім. Осыған сәйкес О(р)дуббай~ О(р)дуссайдан басталған жырлар тізбегі Алып Панбос >Алыппаммыс >Алпамыс батыр жырына ұласып ұзақ дәуірлер оқиғаларын бір жырдың өзегіне жинақтаған. Алпамыс жырының бір нұсқатүрі (вариант) Манас эпосын жырлаушылардың арасында Манастың бабаларын да жырлайтын жыршылар [22Зәкенұлы Т. Қалтарыста қалған қазына // «Қазақ әдебиеті», 2005, № 4, 28 қаңтар.] болған: «1961 жылдан бастап Қытай оқымыстылары тарапынан «Манас» эпосына қызығушылық байқалып, Қызылсу қырғыз автономиялы облысында «Манасты» жинау мақсатында арнайы экспедиция жасақталды. Кейін елде «Манасты» зерттеу қоғамы құрылып, 90 манасшының аты белгілі болды. Олардың арасында Манастың ата-бабалары Төгейхан, Көбейхан, Жаңбыршы, Шаянхан, Шойхан, Бөнейхан батырларды жеке дастан етіп жырлайтын 52 жастағы Сатыбалды Аалының атағы елге әйгілі еді».
Бұл аталардың ең басындағы Төгей ханды Төгөн //Тоғон //Ноғон нұсқаларына таратуға болады. Моңғол тіліндегі ноян осы Ноғаннан өрістегені белгілі. Мысалы, қазақ тіліндегі бай сөзі монғол тілінде баян аталады. Бұл бай сөзінің ежелгі дәуірдегі түпкі нұсқасы екені анық. Ал одан арғы дәуірдегі нұсқасы баған <бақанқ болады. Бұл қаған <қақанқ сөзінің нұсқатүрі. Жоғарыдағы Тоған //Ноған нұсқасынан Ноғаннай атауын қалпына келтіре аламыз. Әрине, бұл Қоңырат шежіресінің бас кезіндегі Нағанай екені даусыз. Бұл Одуссай (Одиссей) //Одуббай //Онуннай сәйкестктерімен де көрінеді. Эпоста батырдың өзінен тараған ұрпақтары да тектік жалғастыққа сай батыр болып, тізбектеліп жырланады. Қазақ батырлық жырларындағы батыр ұрпақтар тізбегі өзімізге мәлім. Ал Манас ұрпақтары Семетей, Сейтек, Кененим, Сейіт, Асылбас, Сомбілек, Шигитейге [22Зәкенұлы Т. Қалтарыста қалған қазына // «Қазақ әдебиеті», 2005, № 4, 28 қаңтар.] дейін жеті ұрпаққа ұласады. Академик Р. Бердібай да Алпамыс ұрпақтарының әрқайсысы да бөлек жырланғанын айтып ескертеді: «Салақтығымыз ба, жоқ әлде «Қаулыға ілінген» жыр болғандықтан ба, сол жыршылардың репертуары толық жазылмай қалыпты. Түркістан түбіндегі Шорнақ ауылында тұратын Әбдірайым Байтұрсынов жыршының да жыры жазылып алынбаған екен. Ол жыршының ерекшелігі Алпамыс батырдың өзінен кейінгі батыр ұрпақтарын да жырлаған. Алпамыс, оның ұлы Жәдігер, оның баласы Аманолла туралы жыршы Әбдірайымда ұзақ жырлар болған. Әлі де іздеп табу керек» [23Камалқызы Ж. Академик Рахманқұл Бердібайдың дәрісі – «Алпамыс батыр» жырына арналды // «Евразия», 2009, № 10, 13 наурыз.].
Көктүріктердің құнқтардан (хұн //ғұн) тарайтыны мәлім. Олай болса, бұл этноним де көне түркі жазба ескерткіштерінде жазылуы күмәнсіз болуы тиіс. Бұл тайпа есімі Мойын Чор (Могойн Шинэ Ус) ескерткішінде жазылып қалған. Бірақ ол жазудың алдыңғы бөлігі бұзылып өшкен де, ғалымдар оны қыбчақ [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 75, 83, 89.] деп оқыған.Мұндағы qc ЧаҚ буыны бұзылмай сақталса, оның алдындағы таңбаның сілемі қалған. Оның доға түріндегі n Н¹ таңбасын ғалымдар Б¹ таңбасының жұрнағы деп шешіп, «этноним – белгілі түркі тайпаларының бірі қыбчақ» деген асығыс та оңай қорытындыға келген. Бұл ескерткішті 1909 жылы Г.И. Рамстедт [25Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии. М.-Л., 1959, С. 30.], [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 55] тауып, оқыған және жариялаған. Ондағы ұйғыр қағанатын құрған кісінің аты қытай жазбаларында Мойын Шор (Моян Чжо) болып жазылғандықтан ескерткіш атын осылай атаған. Кейін зерттеушілер ескерткішті табылған жер атауына сәйкес Могойн Шинэ Ус деп атады. Өйткені ескерткіш Могойн тал жазығы мен Шинэ ус көлінің маңайында орналасқан. Эстампаж және қағаз көшірмелердің өзі нашар көшіріліп, бұзылуға ұшырағандықтан Қ. Сартқожаұлы ескерткішті тікелей тұрған жерінде зерттеп, Г.И. Рамстедт оқуына біршама түзетулер жасаған. Біз Қ. Сартқожаұлының ұсынған фотосуретін пайдаланып өзімізге қажетті тұстарына зерттеу жүргіздік. С.Е. Малов өз еңбегінде qcbiqfrÇt түрк қыбчақ деп жазып, алғашқы қалыпты түзуге ниет білдірген. Қ. Сартқожаұлы qcbqfrÇt türk [qyb] čaq [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 75, 176(ф19)] деп түпнұсқасын және транскрипциясын ұсынған. Мұнда таңбалар өшкені даусыз. Бірақ фотографияға зер салсақ, түрүк сөзі мен чақ буынының арасында үш таңбалық орын бар екені мәлім болды. Сондықтан n Н¹ таңбасының алдында oq ҚҰ дыбыс тіркестері жазылған деуге болады.
Сегізінші ғасырға дейінгі тарихи жағдайды бағамдасақ, қыпшақ тайпасының жетекшілігімен құрылған бір ірі мемлекет түркі халықтарының тарихында кездеспейді. Қыпшақ тайпасының негізгі орналасқан аймағы қазіргі Қазақстанның орталық және батыс, оңтүстік-батыс өңірлері саналатыны белгілі. Бұл аймақтың бәрі де Дунай өзеніне дейін бірінші Түрүк қағанатына енген сегіз оғыз (найман), тоғыз оғыз (керей), арғу (арғын), қырғыз тайпаларымен деңгейлес қыпшақ тайпасын түрүк атты жалпылық этнонимге қосып айтатындай жағдаят ол заманда әлі қалыптаса қоймаған еді. Ал бұған қарама-қарсы құншақ этнонимі жалпылық атауға толық ие болды деп айтуға толық мүмкіндік болды. Құншақ елесіміндегі құн сөзі құнқ (күн) /хұн //ғұн/ сөзінен қысқарған түбір. Келесі шақ буыны қазақ тіліндегі кішірейту жұрнағын білдіруге ыңғайланған. Ол шақ (кіші) сөзі ретінде қазақ тілінде әлі де қолданылып келеді. Бұл сөз шағын (<шақ+ын), ұсақ, шағыр (құм және оның ұсақ бөлшектері), шақ (бұтақ) т. б. сөздерде тікелей және құрамдас бөлік ретінде қолданылады. Осы сөздердің бәрінде де шақ сөзі үлкен тұтастықтың бөлшегі деген мағынаны білдіреді. Олай болса, құншақ этнонимі құнқ тайпасының бөлігі деген ұғымды білдіретіні аян болады. Құнқтардың батысқа жорығы ежелгі заманнан бастау алады. Ал Алпамыс-Одиссей заманын еске алсақ, олар б. д. д. ХІІІ ғасырдағы ежелгі Византия аймағындағы Троя қаласымен де байланысып жатыр. Қазіргі венгрлер өздерінің тарихын құнқ Аттиламен байланыстырады. Венгрлердің тілі фин-угор тілдеріне жатады, алайда Иштван Қоңыр Мандоки бұл тілде 1500-дей түркі сөздері бар [26Масалим Е. Одинокое дерево. Алматы, 2008, С. 36; Тіспен туған қоңыр бақсы. Алматы, 2008, 77- б.] деп санаған. Венгр тілінде фин-угор және түркі тілдерінің қоспасы барлығына сәйкес Хунгар ел атауы хунқ-угор қос сөзінен тууы мүмкін деп санаймыз. Жалпы бұл тілдер орал-алтай тілдері тобына жататыны белгілі. Сондықтан ежелгі заманда құнқ, угор тайпалары өздерін туыстаспыз деп сезініп, қатар қоныстанып қан араластыруы қазіргі кездегі хунгар елінің қалыптасуына негіз болғаны байқалады. Әрине, олардың құрамында өздерін құннан және фин-угордан тарататын топтардың болуы заңды. Сондықтан өздерін кунбыз, мадиярмыз және қыпшақпыз деп санайтын бөліктері кейінгі ғасырларға дейін өздерінің тілі мен тұрмыс-салттарын, дінін сақтап [26Масалим Е. Одинокое дерево. Алматы, 2008, С. 36; Тіспен туған қоңыр бақсы. Алматы, 2008, 77- б.] келгені де анық. Олардың Надкуншак (басқұншақ), Кишкуншак (кіші куншак) деп аталатын жер атаулары құнқ бабаларымыздан қалған белгілер. Сондай-ақ ел сөзін оршақ деп айтқан орта ғасырлардағы Анонимус атты тарихшысының еңбегінде [27Заханқызы Р. Көне дәуір: көшпенділер. // «Қазақ әдебиеті», 2003, № 21, 23 мамыр.] Венгрияның өзін Мадияр оршақ десе, айналасындағы елдер Немет оршақ (неміс елі), Чех оршақ (чех елі), Орыс оршақ (орыс елі), Кун оршақ (қыпшақ елі) т. б. секілді елесімдерімен аталады. Біз бұл сөзді ұрық-шақ қос сөзінен пайда болған деп санаймыз. Бұл қазіргі тіліміздегі үрім-бұтақ қос сөзіне сай келеді. Басқұншақ жер атауы Қазақстанда және Россияның Астрахань облысында [28Өнерлі өлке суретшілері. Алматы, «Эффект» ЖШС, 2008, 18- б.] кездеседі. Ал Қоншақ, Құншақ тәрізді адам есімдері ерте дәуірде көп қолданылғаны аян. Алғашқы зерттеушілер аталған ескерткіштегі құнчақ сөзінен кейін еліг йыл олұрмыс тіркесі жазылған деп тұжырымдаған болатын. Қ. Сартқожаұлы көп жылғы ізденіс барысында ЙЫЛ сөзіндегі LNvi Ы мен Л¹ таңбаларының арасында ұсақ жазумен Nv ОН¹ сөзі жазылғанын байқағаны [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 75, 176(ф15)] туралы айтады. Соған сәйкес ОН мен ЕЛУ санын көбейтіп, «Түріктер билік басында бес жүз жыл отырған» [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 68] деген қорытынды жасаған. Қ. Сартқожаұлы ұсақ жазуды дұрыс байқаған, дегенмен, оны түпкілікті зерттеуде елеулі қателік жіберген. Біздің зерттеу тәжірибемізде жазу таңбаларының арасында ұсақ және әлсіз таңбалау арқылы қосымша сөздер жазудың болатыны анықталған болатын. Бұл күрделі графемалар арқылы жазу секілді аз орынға көп мәлімет сиғызу үшін жасалатын әдіс-тәсілдердің бірі. Қ. Сартқожаұлы ойлағандай «ұмытып кетіп, қатесін кейін түзету» емес. Ескерткіштің фотосуретін зерттеу арқылы жоғарыда айтылған, Қ. Сартқожаұлы Nv ОН¹ деп оқыған жазбалардың жіңішке сызықтар арқылы берілген қосымша ақпарат екені айқындалды. Бұл таңбалар Ü аРТыНЧ болып оқылатын, бірігіңкі дауыссыздарды белгілейтін әріптер екені анықталды. Тек бұлар ғана емес, алдыңғы J Й¹ мен i Ы таңбаларының арасында аНЧа аНЧа болып оқылатын екі еселенген НЧ таңбасы да жазылғаны мәлім болды. Қ. Сартқожаұлы N НЧ таңбасының төменгі жағын ғана байқап, оны Н¹ таңбасы деп түсінген. Одан кейін қасындағы РТ таңбасының v О, ҰУ таңбасына ұқсастығынан ОН¹ деп оқығаны айқын. Ары қарай қате бағыттағы болжам, жорамалға бой алдырған. Жолдың дұрыс оқылымын берейік:
mRLv:LiJgl:qcNvqfrt Транскрипциясы: Т²ҮР²ҮК⁴ ҚҰН¹ЧаҚ еЛ²іГ Й¹ЫЛ¹ аНЧа аНЧа аРТыНЧ Й₆¹Ы₆Л₆¹ ОЛ¹ҰР¹МыС¹ (Әріптің төменгі тұсындағы 6 саны таңбаның қайталанып оқылатынын білдіреді). Аудармасы: Түрүк-құншақ елу жыл, (тағы) анша, анша артық жыл отырған.
Бұл жолдағы мәлімет екінші Шығыс Түрік қағанатының дәурен сүрген уақытын білдіру үшін жазылған. Шындығында Ілтеріс-Құтлығ қағанның нығайған уақытын 682-684-ші жылдар арасы десек, 744-ші жылға дейін Шығыс Түрік қағанаты 60 жылдай уақыт билік құрғанын көреміз. Бұл жоғарыдағы елу және біршама артық жыл деген мәліметке сай келетінін байқауға болады. Осы жылдар аралығында Озмыш тегінге шабуыл жасап отырған ұйғыр бола ма, тоғыз оғыз бола ма және басқа да тайпалар Көктүрік қағанатының құрамында болғаны анық. Сондықтан олар әлсіреген Көктүрік қағанатының билік құрған уақытын дәл көрсетіп отыр дейміз. Сөйлемнің соңғы (19) таңбасы – күрделі графема. Онда жуан С¹ таңбасына қоса түрік елін асыра дәріптеген ӨР⁴ аР¹ аҚ деген теңеу-эпитет, мадақ-қасиет сөздері жазылған. Сондай-ақ одан кейінгі 24-ші таңба да күрделі графема, онда І таңбасына қоса ұлыс сөзін білдіретін екі таңба қосылып жазылған:
:ahlifrõt:mRLv
І КГБ (күрделі графемалардың бөлшектенуі) (19) (1) -С¹; (2) — ӨР⁴; (3) R- Р¹; (4) å – Қ. ІІ КГБ (24) (1) — ҰЛ⁴; (2) — С¹; (3) i – І. Тіркестің ЖТТТ (жай таңбалы толық түпнұсқасы):
:ahlifrõt:åR:mRLv Транскрипциясы: ОЛ¹ұР¹МыС¹ ӨР⁴ аР¹ аҚ¹ Т²ҮР⁴ҮК⁴ ҰЛ⁴ҰС¹ ІЛ²іҢЕ
Мәтіннен Шығыс Түрік қағанатын жеңген түркі тайпасының Көктүрік қағанатына ешқандай кегі, жаулығы болмағандығы, қайта оны өз қасиетіне сай құрмет тұтатыны анық байқалады. Сонымен бірге жазбада алғаш рет Шығыс Түрік қағанатын ұлыс деп атау ұшырасты. Бұның үлкен жаңалық екенін атап айтқымыз келеді. Бұл ЕЛ сөзіне қосымша мемлекеттік құрылымдық саяси анықтама. Оның үстіне ұлыс-іл ретінде қос сөз болып қолданылуы оның мәнін империя дәрежесіне дейін көтеретіні анық. Біз бұл жерде ауропалық ғалымдардың көпшілігінің (бәрі емес) ғылыми нысанды объективті түрде шынайы зерттегенімен Ұйғыр қағанатын соғды-иран тектес деп оған іштері бұратынын, сондықтан да ол екеуін қарама-қарсы мүлде бөлек топтар ретінде қарастыруға тырысатынын атап өтпекпіз. Шындығында VІІІ-ІХ ғасырлардағы ұйғыр тайпасы басқа түркі тайпалары сияқты, бөгде қанды қоспасы жоқ, таза түркі тайпасы болатын. Ал қазіргі ұйғыр атын алып жүрген түркі тілдес халық әр түрлі түркі тайпалары мен соғды-ирандық қан қоспасынан тұратын ұлт екені анық. Онда да соғды-ирандық қан басым болуы ғажап емес. Мәтіннен көрініп тұрғандай түркі тайпаларының қайсысы басым болса, сонысы жетекші тайпа болуға ұмтылатыны белгілі жайт. Сондықтан түркілік тайпалық жетекшілікке жетуді көздейтін шапқыншылықты ұлттық қарама-қарсылық деп санамағанымыз жөн. Мәтіндегі ұйғыр қағаны өзіне дейінгі Көктүрік қағанатын өр, ар, ақ ұлыс-ел деп құрмет тұтатынын, өзінің сол деңгейге жетуге тырысатын үлгі санайтынын байқатып отыр. Кейінгі Ұйғыр қағанатын жеңген Қырғыз қағанатын да жеке ұлттық мемлекет деп емес, жалпы түркілік тайпалық қоғамдастық деп түсінгеніміз абзал. Өйткені сол кездегі Қырғыз қағанатын құрған тек қырғыз тайпасы деуге, әрине, болмайды. Бұл қазіргі қырғыз ұлтының құрамындағы әр түрлі түркілік рулар құрамынан-ақ мәлім болады. Бұл одан кейінгі түркілік қият тайпасының ішіндегі түркілік (қидан-монғолдық емес) маңғұл тайпасының жетекшілігімен құрылған Шыңғыс хан империясынан да айқын көрінеді.
Жоғарыдағы қосымша жіңішке жазудың қателікті түзету емес, көп мәліметті сиғызу үшін қолданылатын әдіс-тәсіл екеніне дәлел ретінде МШУ-дан (Могойн Шинэ ус) біз кездестірген тағы бір жіңішке таңбалар жазылған мысалды келтірейік. Алдымен Қ. Сартқожаұлының нұсқасын ұсынайық: Шығыс беті, 6- жол. Түпнұсқасы: ii:iùB:ahiBarhõ:nmzõ:iDiRvJõs
Транскрипциясы: su jorydy. özümin öŋre byŋa basy yt(t)y.
Орысша аудармасы: Пошел с войсками, меня самого он послал вперед тысячником.
Мәтінде 6, 7, 8- таңбалар қате оқылған. 6-шы таңба i Ы емес, J Й¹ таңбасы мен v ҰУ таңбасының қосындысынан тұратын күрделі графема. 7-ші таңба да күрделі графема, ал 8-ші таңба f ӨК⁴ таңбасы екені әлсіз де болса байқалады. 20-шы таңба да a А болып қате оқылған. Бұл, әрине, С.Е. Малов және басқа да зерттеушілерден келе жатқан қателік. 20-шы таңба біздің анықтаған ҰР⁴Ұ болып оқылатын ерін буындық таңба. Осы таңбадан кейін жіңішке W НЧ таңбасы жазылған. Бұның жіңішке болып жазылуының себебі: ол ҰРҰ сөзі бөлек оқылып, содан соң ҰР⁴ таңбасына қосылып өз алдына оқылуына орай жазылған деп білеміз. Сонда ҰРҰ ҰРАНЧЫ БАСЫ ЫТТЫ болып шығады. Бұған қарағанда ұраншы мыңдық арнайы жасақталатыны аңғарылады. Сондай-ақ өңре сөзінің арасында майда жіңішке екі таңба оқылмаған. Мәтіннің дұрыс оқылуын берейік.
Түпнұсқасы: iiiùBW hiB:arhØõnmzõ:fÜ:RvJõs
І КГБ (6) (1) v – Ұ; (2) J – Й¹. ІІ КГБ (8) (1) — АР³; (2) – Ч; (3) – Қ¹; (4) — С¹.
ЖТТТ (Жай таңбалардың толық түпнұсқасы):
iiiùBWhiB:arhØõnmzõ:fÜ:vJvRvJõs
Транскрипциясы: С²Ү Й¹ОР¹ҰЙ¹Ұ₆ аНЧа АР³ыЧЧ⁵ыҚ¹ С¹АР³₆ыЧ₆Ч⁵₆ыҚ¹₆ ӨК⁴ ӨЗүМіН² ӨҢР²Е аҒыТ¹а Б¹ЫҢ ҰР⁴Ұ ҰР⁴₆аНЧы Б¹аС¹Ы ЫТ¹Т⁵Ы (транскрипциядағы 5 саны дыбыс-таңбаның қабатталып оқылатынын білдіреді).
Аудармасы: Әскер жүргізе сонша арыған (-ақ), шаршаған (-ақ), сарсаң болған-ақ өзімді алға шабуылдата мың сайлауыт ұраншы басы етіп жіберді.
Міне, екі түрде оқылған мәтіннің айырмасын, маңызын, құндылығын оқырман қауым өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз. Қанша жаңа түсінік, ұғым, сөздер қайтадан дүниеге келді. Орыстардың ура, ура деген ұранының түп-тегі қайдан шыққаны да дәл анықталып бой көтерді. Бұл таза әдеби шығарманың бір үзігі, әрі бұл таза өмір шындығы ретінде рухани мәдениеттік тарихымызды байытатын байлық болып қосылып отыр.
Зерттеушілер Тэс [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 25, 176 (ф4-6)], Терхин [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 42, 176 (ф7-11)] ескерткіштерінде Йоллуғ [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 25], Йолығ [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 42] [29Кляшторный С.Г. Терхинская надпись (предварительная публикация) // «Советская тюркология», 1980, № 3, С. 82-95.] атты кісі есімдері қолданылғаны туралы өз еңбектерінде келтіреді. С.Г. Кляшторный оны ескерткіште нұсқалған үш қағанның бірі деп санаса, Қ. Сартқожаұлы оны сонымен бірге Боджман қағанның түп-тектерінің [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 38] бірі болуы керек деп санайды. Біздің ескерткіш фотосуретін зерттеуіміз ол екі есімнің екеуінің де қате оқылудан пайда болғанын анықтады. Сондықтан Йоллық қағанның тарихта болғандығы туралы пікірлерді тоқтатқан жөн. Алдымен Тэс ескерткішінің мәтінін сараптайық. Қ Сартқожаұлының оқуы: Түпнұсқасы, шығыс беті, 1-ші жол: :iTRLv:iùB:aJa:xLLvj
Транскрипциясы: (1) … jolluγ aja bašy olurty (1).
Орысша аудармасы: 1. … с уважением посадили главою Йоллуга.
Біздің оқуымыз, КГТ (күрделі графемалы түпнұсқасы): WRLvpùr xLLvq
І КГБ (7) (1) — Л⁴; (2) — М; (3) — С¹. ІІ КГБ (9) (1) -Р²; (2) t – Т². ІІІ КГБ (10) (1) — С¹; (2) B – Б¹; (3) – Қ¹. ІV КГБ (11) (1) – С¹; (2) v – ҰУ; (3) ø – Ғ. V КГБ (17) (1) — М; (2) — С¹; (3) (W)W – Д¹.
ЖТТТ: WWRLvpùøvBttrxLLvq
Транскрипциясы: Қ¹ҰУЛ¹Л¹ыҒ Б⁴ОЛ¹МыС¹ еР²іР²Т²Т⁵і С¹аБ¹ыҚ¹ аС¹ҰУҒ аС¹ыП ОЛ¹ұР¹МыС¹Д¹а
Аудармасы: …Құлды болуды болдырды. Сабық асуынан асып отырғанда…
Алғашқы зерттеушілер өшуге айналған, немесе күрделі графема үшін жіңішке жазылған таңбалар мен таңбалық бөлшектерді аңғара алмаған. Сондай-ақ ол уақытта беймәлім таңбалардың мағынасын ашып оқудың мүмкіндігі де жоқ еді. Мысалы, ҰБ⁴ [5Бекжан О.Д. Ашықтас бітігінің мағынасы // Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары. Алматы, 2006, 74- б.] таңбасының екінші диагональ сызығы өте әлсіз көрінеді. Оны a А таңбасы деп оқыған, ал келесі күрделі графеманы оқу көп жылдық зерттеу тәжірибесінсіз ешбір түркітанушының қолынан келмейді. Сонымен көп қағазды шатпақтауға және көпшілік қауымның санасын сансыратуға алып келген, «Тэс ескерткішінде Йоллуғ атты кісінің есімі бар» деген қате пікірден арылатын кез туды. Тэс ескерткішінде Йоллуғ атты кісі есімі жазылмаған.
Екінші Йоллығ кісі есімі Терхин (Тариат) ескерткішінде жазылған деп саналып келді. Біздің зерттеуіміз бұның да қате оқылғанын анықтады. С.Г. Кляшторный мен Қ. Сартқожаұлының оқуы бірдей. Тек С.Г. Кляшторный олұрмыс сөзіндегі С-ны Ш деп транскрипцияласа, Қ. Сартқожаұлы С деп транскрипциялаған. Ескерткіште Боджман қаған есімі ОДЖ⁴ таңбасымен, v О, Ұ, У таңбасынан ерекшеленіп, біршама анық берілген. Бұл жазудың құндылығы m М мен N Н¹ таңбаларының арасына a А таңбасы жазылған. Алайда оны зерттеушілер бұрынғы қалыппен i Ы деп оқыған. Ескерткіштің аса маңыздылығы зерттеушілер оқи алмаған, үш қағанның қалған екі қағанының есімдері жазылуында болып отыр. Бұл есімдер қытай жазбаларында сақталған Надулу қаған мен Тубу қағанның [30Бекжан О. Көктүрік қағанаты // «Жалын», 1910, № 12, желтоқсан.] аттары саналады. Қытай жазбасында бұларды Боджман қағанның әкесі мен атасы деп көрсеткен. Яғни, Тубу – әкесі де, Надулу – атасы. Қытай тілінде буынның соңындағы дауыссыз дыбысты түсіріп жеңілдеткенді қолай көреді. Сондықтан Тубу есімі түркілік Тобун атауынан өзгерген болуы ықтимал. Терхин ескерткішіндегі жазба жазылған тұстары қатты бүлінуге ұшыраған. Дегенмен N Н¹ таңбасының сілемдері байқалады. Надулу есімі жоғарғы сынықтың бірінші жолының соңында жазылған. Одан кейінгі қаған сөзі төменгі сынықтың басында жазылғаны сезіледі. Мәтіннің бұрынғы зерттеушілер ұсынған нұсқасын келтірейік. Шығыс беті, жоғарғы және төменгі бөліктердің 1-ші жолдары [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 42, 176(ф9, 11)], [29Кляшторный С.Г. Терхинская надпись (предварительная публикация) // «Советская тюркология», 1980, № 3, С. 88]:
С.Г. Кляшторныйдың ұсынған түпнұсқасы:
þ²Lv:LiJz³jiks²LvNxqcÇNxqNivB NxqxÂvJ 16
Транскрипциясы: (16) … (испорчено около 75 знаков) ..jolyγ qaγan … (испорчено 10 знаков) … bumyn qaγan üč qaγan olurmyš eki jüz jyl olurmyš
Орысша аудармасы: (16) …. Йолыг – каган … Бумын – каган – (эти) три кагана на царстве сидели двести лет
Біздің зерттеуіміз бойынша жоғарыдағы екі қағанның есімінен басқа күрделі графемамен жазылған аС¹ыЗ ӨР⁴ және Т¹аҚ¹ыТ¹Т¹А сөздерінің жазылғаны анықталды. Жолдың оқылымын берейік. КГТ: ikRLvNxqcÇNxqNaBNxqNBvNxqvDN….
aqRLvLiJÚÇj
І КГБ (34) (1) — С¹; (2) — З; (3) — ӨР⁴. ІІ КГБ (46) (1) — С¹; (2) — З.
ЖТТТ: ikRLvNxqcÇNxqNaBNxqNBvNxqvDN….
aqRLvLiJÚÇj
Транскрипциясы: …. Н¹аД¹ҰУЛ⁴ҰУ Қ¹аҒаН¹ Т¹ОБ¹ұуН¹ Қ¹аҒаН¹ Б¹ОДЖ⁴МАН¹ Қ¹аҒаН¹ ҮЧ Қ¹аҒаН¹ ОЛ¹ұуР¹МыС¹ еКІ аС¹ыЗ ӨР⁴ Й²ҮЗ Й¹ЫЛ¹ ОЛ¹ұуР¹МыС¹ аС¹₆ыЗ Т¹аҚ¹ыТ¹Т¹А
Аудармасы: …. Надулу қаған, Тобун қаған, Боджман қаған – үш қаған отырған (тақта), екі асыл, өр жүз жыл отырған асыл тақытта.
Ескерткіш жазбаның тағы бір құндылығы жүз жыл тіркесін асыл, өр деп дәріптеуі болып табылады. Бұдан еурокіндікшіл (евроцентрист) зерттеушілердің пайымдағанындай Ұйғыр қағанаты мен Көктүрік қағанатының жаулығын сезіне алмаймыз. Сондай-ақ жазбада тақыт сөзінің қолданылуы да Қ. Сартқожаұлының есір сөзін тақ деп түсіндіруіне мықты тосқауыл қояды. Тақыт сөзінің дұрыс оқылғанын бітікші Т¹ таңбасын тақыт суретін бейнелей беруі анық дәлелдейді. Қытай бітікшілері Надулу қағанды Боджман қағанның бабасы деп жазады. Боджманның әкесі Тувуды Надулу қағанның немересі дейді. Олай болғанда Надулу мен Тобун қағанның арасында тағы бір ата болғаны белгілі болады. Сонымен бірге Тувудың лауазымы «да йеху» (ұлы жабғы) еді деп нақтылайды. Соған қарағанда Тобун қаған өзін қағанмын деп жариялағанымен, оның әлі де Жужан қағанатынан толық тәуелсіз болмағаны аңғарылады.
Боджман қаған есімі ең алғаш Күлтегін ескерткішінде (КТү 1) [31Радлов В.В. Атлас древностей Монголии. С. Петербург, 1892 // Moğolistan Tarihi Eserleri Atlası «TİKA», Ankara, 1995, 18- s.] келтіріледі. В.В. Радловтың жасаған жазба ескерткіш қалыптамасында ДЖ⁴ таңбасы анық бейнеленген. Қалыптаманың үзіндісін келтірейік.
Әрине, ол уақыттағы түсінік-пайымға қарай бұл таңбаның дәл мағынасын ашу оңай болмаған еді. Сондықтан да таңба o ҰУ болып оқылды. Ескерткіштің бұрынғы оқылымын берейік.
В.В. Радловтың түпнұсқасы: :aDuOgiq:xk:ÚxJ:aRS:irht:kÇkaÚÇ :YmRLoNxqimtsi:NxqNmoB:mapmÇc:aÚÇ:aOixo:isik:smNLiq:iLxo:isik:aRnik
С.Е. Маловтың түзетуінде [32Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951, С. 21.] 17, 18- ші таңбалар rj Й²еР², 21- ші таңба L Л¹ таңбаларына өзгертілген. Бұнда 17-18- ші таңбалардағы В.В. Радловтың қатесін дұрыс түзеткен. Ал 21- ші таңбаны Л- ға өзгертуі таза логикалық болжамға сай жасалған. Сонда ол таңбалар арқылы тіркес Й²еР² ҚЫЛ¹ыНТҰУҚ⁴Д¹А болып түзетілген. Қалған таңбалар В.В. Радловтың түпнұсқасымен сәйкес келеді. С.Е. Маловтың транскрипциясы: ÿзä кöк тäңрі асра jағыз jір қылынтуқда, äкін ара кісі оғлы қылынмыс². Кісі оғлынта ÿзä äчÿм апам Бумын қаған Істäмі қаған олурмыш.
Түпнұсқадағы оғлы, олурмыш сөздеріндегі o О таңбасы мен Боджман есіміндегі ОДЖ⁴ таңбасының айырмашылығы айқын көрінеді. Алайда С.Е. Малов оны да nmob Бумын деп өзгерткен. Мәтіндегі бұдан басқа 20- шы, 28- ші таңбалар күрделі графемамен жазылған. Оларды бөлшектеп оқығанымызда мәтіндегі сөздердің мағынасы, әсіресе, Тәңірінің аспан мен жерді жаратуындағы іс-әрекеті анағұрлым анықтала, нақтылана түсті. Мәтіннің түзетілген күрделі графемалы түпнұсқасын ұсынайық: :rj:ÚxJ:aRS:irht:kÇkaÚÇ
aOixo:isik:smNLiq:iLxo:isik:anik:aDuOq
:YmRLoNxqimtsi:NxqNmB: mapmÇc:aÚÇ:
І КГБ (20) (1) i – Ы; (2) — С¹; (3) — РТ; (4) a – А; (5) — Б¹. ІІ КГБ (28) (1) — Н²; (2) R — Р¹; (3) — С¹; (4) N — Н¹; (5) — Д¹ = D.
ЖТТТ: : aDNRnik:aDuOqrj:ÚxJ:aRS:irht:kÇkaÚÇ
:YmRLoNxqimtsi:NxqNmB: mapmÇc:aÚÇ:aOixo:isik:smNLiq:iLxo:isik:
Транскрипциясы: ҮЗЕ К²ӨК² Т²әҢіР²І аС¹Р¹А аЙ¹ҒыЗ Й²еР² Қ¹ЫС¹ЫРТТ¹/⁵АБ¹ЫНТТ¹/⁵ҰУҚ⁴Д¹А еК²ІН²іН² аР¹аС¹ыН¹Д¹А К²ІС²І ОҒЛ¹Ы Қ¹ЫЛ¹ыН¹МыС¹ К²ІС²І ОҒЛ¹ЫНТА ҮЗЕ еЧҮМ аПАМ Б¹ОДЖ⁴МаН¹ Қ¹аҒаН¹ ІС²Т²еМІ Қ¹аҒаН¹ ОЛ¹ұуР¹МыШ
Аудармасы: Үс(т)те Көк Тәңірі көк аспан-кеңістігі(н), ас(т)та айғыз [кір-жағал, қара-қошқыл, қара кер (топырақ немесе жер түстес)] жер(ді) жаратып табынтқанда екеуінің арасында адам баласы қылынған. Адам баласында (тақ) үстінде аталарымыз-ұлық билеушілеріміз Боджман қаған, Істемі қаған отырған.
Мәтіндегі жаңадан анықталған таңбалар мен олардың мағыналары арқылы түрік-құншақтардың діни сенімінің жаңа қатпарлары ашыла түсті. Жалпы Тәңіріге табыну, Тәңірінің шексіз құдіреттілігі М. Қашқаридың еңбегінде мол қамтылғаны мәлім. Біз бұрынғы еңбектерімізде Тәңірі дінінің ислам қағидаларына сәйкес, Нұқ а. саламнан бері келе жатқан ислами дін екені туралы айтып келеміз. Міне, Күлтегін ескерткішіндегі мәлімет арқылы Тәңірінің аспан мен жерді жаратуы, оны өзіне табынтуы тәрізді түркілік ежелгі діни сенімнің негізгі бір атрибутын аңғара алдық. Жалпы Тәңірі сөзінің екі мағынасы бар. Бірі – Ұлық Тәңірі тағаланың өзі де, екіншісі – көк аспан әлемі. Мәтінде бір Тәңірі сөзі арқылы біз айтқан екі мағына да қатар меңзелген. Ал көк аспан мен жерді жаратып, табынтып тұрған Тәңірі тағала болса, онда екеуінің арасындағы адамды да Тәңірі жаратқаны «қылынған» сөзімен өзінен-өзі-ақ түсінікті болады. Жазбадағы қысырт сөзі үш морфемадан тұрады. Бұл бұрынғы еңбегімізде [30Бекжан О. Көктүрік қағанаты // «Жалын», 1910, № 12, желтоқсан, 78-б.] талданып ашылған болатын. Яғни, қы (қы+с, қы+л) түбір, -С мен –Р, -Т – етістіктің етіс жұрнақтары. Бұрынғы зерттеушілер еК²ІН² аР¹а деп транскрипциялаған тіркес күрделі графема арқылы беріліп, онда қосымша таңбалар біріктірілгені айқындалды. Нәтижесінде бұрын жартыкеш оқылып жүрген сөздер толық оқылды.
Боджман қаған есімі жазылған жазба ескерткіш ретінде Онгин ескерткіші [25Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизии. М.-Л., 1959, С. 7], [31Радлов В.В. Атлас древностей Монголии. С. Петербург, 1892 // Moğolistan Tarihi Eserleri Atlası «TİKA», Ankara, 1995, 63- s.] саналатыны белгілі. Алайда ондағы сөз iJ ЙаМЫ болып оқылды. С.Е. Малов Nimj Й²аМЫН¹ деп жазып, Бумын деп транскрипциялады. Ескерткіштің түпнұсқасы қиратылған [33Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. 1- кітап. Астана, 2003, 128- б.]. Қазір біз сүйеніп, йамы сөзінің мәнін ашуға жәрдемі тиетін еңбек – ескерткіштің қалыптама суреті берілген В.В. Радловтың «Атласы». Мұқият зер салып зерттеп, йамы сөзінің күрделі графема арқылы жазылғанын байқадық. Сөз жазылған таңбалардың ішінде ОДЖ⁴ таңбасы жақсы аңғарылады. Сондай-ақ М таңбасы Боджман, Істемі есімдеріне қатар оқылады. Зерттеушілер Й¹ деп оқыған таңба Б¹ таңбасы. Осы таңбаның жоғарғы ұшы мен төменгі ұшын жіңішке сызықпен жалғап i І таңбасын бейнелеген. Оның төменгі тұсы созылып t Т² таңбасының екінші жағын, әрі N Н¹ таңбасын сипаттаған. Ал Йамы сөзінің соңындағы i Ы таңбасы Істемі есімінің соңындағы i І таңбасын білдіру үшін жазылған. Сөйтіп күрделі графема арқылы Боджман, Істемі қағандардың есімдері сыйыстырылып жазылған. Сөйлемнің күрделі графемалы түпнұсқасын келтірейік:
:B:JJ:xiJ:É:xhLvtrÇt:Nxq:zmap:zmÇc
І КГБ (9) (1) B — Б¹; (2) — ДЖ⁴; (3) – М; (4) N — Н¹; (5) — Қ¹ ; (6) — Ғ; (7) i – І; (8) s — С²; (9) — Т²; (10) i – І. ІІ КГБ (17) (1) — С¹; (2) ú — З; (3) — С¹; (4) — С¹; (5) — С¹; (6) B — Б¹.
9-10- шы таңбалардың жай таңбаларға бөлініп оқылуы: imtsiNmB
ЖТТТ: úútrÇt:Nxqits:NxqNB:zap:zÇc
:B:JJ:xiJ:É:xhLvBúú
Транскрипциясы: еЧҮМүЗ аПАМыЗ Б¹ОДЖ⁴МаН¹ Қ¹аҒаН¹₆ ІС²Т²еМ₆І ҚаҒаН¹ Т²ӨР²Т² аС¹ыЗ аС¹ыЗ аС¹ыЗ аС¹ыЗ Б¹ҰЛ¹ұҢыҒ Қ¹ыС¹МыС¹ Й¹ыҒМыС¹ Й¹аЙ¹МыС¹ Б¹аС¹МыС¹
Аудармасы: Бабаларымыз, ұлұқ билеушілеріміз Боджман қаған, Істемі қаған (дүниенің) төрт асыл, асыл, асыл, асыл бұрышын қысқан, жиған, жайған, басқан.
Қ. Сартқожаұлы қысмыс сөзін негізсіз ұқыс²мыс² (ұғысты) деп түсіндіреді, күрделі графеманы оқи алмай ямы деп оқыған. Сөйлемнің мәнін бұлыңғырлатып, түпкі мағынасынан ауытқытып, жайдақтатып жіберген. Оның аудармасын келтірейік: Ата бабамыз Ямы – қаған төрт бұрыштағылармен ұғысты (ынтымақтасты), жықты, таратты, басты. Ол тіпті көне түркі дәуіріндегі сөздің өз мәнін ұғына алмайды. Мысалы, йығмыс сөзін С.Е. Маловша (повалил) жықты деп аударған. Бұл өзіміздің жый (йығ >жығ >жый) деген сөзіміздің көне формасы емес пе. Ал шындығында қалай, қысқан деген «дүниенің төрт бұрышын «ашса, алақанында, жұмса, жұдырығында» ұстады» деген сөз. Жиғысы келсе, жиды, жайғысы келсе, малша өргізді дегенді білдіреді. Қысқаша айтқанда, дүниені тітіретіп ұстап тұрды деген мәнді ұқтырады. Транскрипциясында жуан С¹ -ның ерекше түрін жіңішке s С² деп жаңсақ түсіндірген. Бітікші төрт бұлұң «төрт бұрыш» сөзіне қысқан, жиған, жайған, басқан тәрізді төрт сөзді бекер арнап отырған жоқ. Яғни, дүниенің бір бұрышын қысқан, екіншісін жиған, үшіншісін жайған, төртіншісін басқан, нақты айтқанда әрбір бұрыштағы елдің пиғыл-ниетіне сай әрекет қалғанын баса көрсетуді мақсат еткені көрініп тұр.
Тағы бір ҰДЖ⁴ таңбасы [31Радлов В.В. Атлас древностей Монголии. С. Петербург, 1892 // Moğolistan Tarihi Eserleri Atlası «TİKA», Ankara, 1995, 18- s.], [34Moğolistandaki türk ANITLARI PROJESI ALBÜMÜ. Ankara, 2001, 31- s.] Күлтегін кіші жазуының 10-шы жолында жазылған. Бұл таңба В.В. Радлов «Атласында» да, «Албүмде» де анық сақталған. Алайда зерттеушілер o О деп оқыған. Бұдан кейінгі таңба # ЙН таңбасы «Атласта» p П таңбасы түрінде түскен, ал «Албүмде» F ЙН таңбасы екені жақсы көрінеді. ДЖ⁴ таңбасының алдында u Қ⁴Ұ таңбасы, оның алдында m М таңбасы жазылған. Бірақ оны зерттеушілер оқи алмай ескерусіз қалдырған. Сөзді зерттеушілер pu қоп деп оқыған. Сөйлемнің бұрынғы және жаңа, біздің оқуымызды салыстыра ұсынайық:
Бұрынғы оқылымы (С.Е. Малов [33Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. 1- кітап. Астана, 2003, 20-35-б.]): :mDÔRBou:pou:xNDoB:FxicuJ Транс.: Йоқ чыған будунығ қоп қобратдым
Орыс. ауд.: (став каганом) я вполне поднял (собрал?) погибший, неимущий народ, погибший, неимущий народ сделал богатым, немногочисленный народ сделал многочисленным.
Жаңа оқылымы, КГТ: mDÔRBoumxNDoB:Fxic: J
І КГБ (2) (1) u — ОҚ⁴; (2) — С¹. ІІ КГБ (3) (1) ú — З; (2) ú — З; (3) ú — З. ІІІ КГБ (16) (1) F – ЙН; (2) — Ч; (3) — РТ; (4) — РТ.
ЖТТТ: : mDÔRBouFÔ FuumxNDoB:Fxic:úúúuuJ
Транс.: Й¹ОҚ⁴С¹ҰҚ⁴ аЗ аЗ аЗ ЧЫҒаЙН Б¹ҰД¹ұН¹ыҒ МҰҚ⁴ Қ⁴/⁵ҰДЖ⁴ҰЙНыЧа аРТТ¹/⁵ыРТыЙН₆Ч₆а Қ⁴ОБ¹Р¹аТ¹Д¹ыМ
Ауд.: Жоққа тән, аз, аз, аз, кедей халықты шыбынның құжынағанындай арттырта қобыраттым, көбейттім.
Сөйлемнің жаңа оқылымында бұрын байқалмаған йоқсұқ, аз, мұқ, құджұйн, арттырт сөздері анықталып, сөздік қорға қосылды. Аз сөзін білдіретін З таңбасы шексіздік белгісіне сәйкес тізбектеле, үш еселенуді білдіре күрделі графема арқылы таңбаланған. Бұлардың ішіндегі бізге белгісіз сөз – МҰҚ сөзі. Бұл сөз орыс тілінде муха түрінде сақталған. Қазақшасы шыбын екені мәлім. Сондай-ақ орыс тіліндегі бука сөзі де хакас тіліндегі моох (поох) (бука (сказочный персонаж, которым пугают детей) [35Бутанаев В.Я. Хакасско-русский историко-этнографический словарь. Абакан, 1999, С. 63.] сөзімен сәйкес келеді. Қазақ тіліндегі бөге-лек, бөжек, түрік тіліндегі бөжек (қоңыз) сөздері де осы мұқ сөзімен сәйкесіп, бір түбірден тарағаны байқалады. Құджұйн сөзі көне түркі заманында зат есімі түрінде қолданылғанын сезуге болады. Ал қазіргі қазақ тілінде ол мағына ұмытылып, тек құжына түріндегі етістік қана айтылады. Мұндай үрдіс ойын→ ойна, қиын→ қина секілді сөздерде қазір де сақталған.
ҰУДЖ⁴ таңбасы арқылы жазылған келесі сөз Т¹ҰУДЖ⁴ Терхин ескерткішінде [24Сартқожаұлы Қ. Объединенный каганат тюрков. Астана, 2002, С. 43, 176(ф8)], [29Кляшторный С.Г. Терхинская надпись (предварительная публикация) // «Советская тюркология», 1980, № 3, С. 89-90] ұшырасты. Онда толқу (грузный) болып оқылған сөздің екінші таңбасы ҰУДЖ⁴ таңбасы екені анықталды. Сондай-ақ осы таңба күрделі графема арқылы жазылған. Оның оқылуының нәтижесінде тағы да жаңа төрт сөз дүниеге келді, ұстынның қалай орналасқанының егжей-тегжейлі баяндалғаны айқындалды. С.Г. Кляшторныйдың оқылымын ұсынайық. Түпнұсқасы, батыс жағы, 3- жол:
:DiuaqyvuLv:DRJ:aqyiyJ
Транс.: jasy tašqa jarat(yt)dym tolqu tašqa toqytdym.
Орыс. ауд.; (3) На плоском камне я повелел вырезать (букв. создать) на грузном камне я повелел воздвигнуть.
Біздің оқуымыз: :Diuaqy:v:DRJ:aqyiyJ
І КГБ (14) (1) — ҰДЖ⁴; (2) — Л⁴ ; (3) B – Б¹; (4) — Л⁴ ; (5) — ҰҢ⁴; (6) — Л⁴ ; (7) — ОЙ⁴; (8) — РТ; (9) — М⁴; (10) – Ш; (11) — ҰҢ⁴; (12) – Ғ; (13) — Л⁴. ІІ КГБ (15) (1) — ОЙ⁴; (2) u –ҰҚ⁴; (3) — Л⁴.
ЖТТТ: :DRJ:aqyiyJ
:Diuaqy:uB
Транс.: Й¹аС¹Ы Т¹аС¹ҚА Й¹аР¹аТ¹Д¹ыМ Т¹ҰУДЖ⁴Л⁴Ұ Б¹ҰЛ⁴ҰУҢ⁴Л⁴Ұ ОЙ⁴ҰРТМ⁴ҰШ ҰҢ⁴Ғ¹ҰЛ⁴Ұ ОЙ⁴ҰҚ⁴Л⁴Ұ Т¹аС¹ҚА Т¹ОҚ⁴ЫТ¹Д¹ыМ
Ауд.: (Жазуымды, белгімді осында) жазық тасқа жасаттым (жаздырдым, түсірдім), тұс-жақты, бұрышты ойдырған, ұңғұлы ойұқты тасқа орнаттым.
Ескерткіште тағы бір жаңа ерін буынды ОЙ⁴ дауыссызының таңбасы қолданылған. Бұл таңба бізге бұдан бұрын белгілі болып, мағынасы ашылып қойған еді. Осы мәтінде қолданылып, алғаш рет жарияланып отыр. Алдыңғы уақытта арнайы зерттеу жұмысы жарияланады деген мақсатымыз бар. Сондай-ақ мәтінде Есік жазуында [36Бекжан О. Есік жазуына 2009 жылғы түзетпе және ондағы жаңа ұсақ жазудың мағынасы // «Түркология», 2010, № 1-2, 3-35- бб.] қолданылған ҰҢ⁴, ҰЛ⁴ таңбалары да кездесті.
Ерін буынды ДЖ⁴О, ДЖ⁴ҰУ таңбалары арқылы жазылған жазбалар Енесей ескерткіштерінде де жазылған. Кейбірі әлі де жете зерттеуді қажет етеді. Айқын жазылған екі ескерткіштің оқылымын клтірейік. С.Е. Малов өз еңбегінде Чакульден табылған 6- шы ескерткіш [8Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 40] деп атаған. Жазба толық оқылмаған. С.Е. Малов 5 жолды берсе, Д.Д. Васильев те солай көрсеткен [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 22], ол ескерткішті Е – 18 деп белгілеп, фотосуретін [ 9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 93-94] берген. Біз осы фотосурет бойынша мәтінді оқып шықтық. Мәтін біршама толық оқылды деуге болады. Бірақ біз қазір тек ДЖ⁴О таңбасына қатысты бөлікті ғана ұсынамыз. Жазу ұзындығы 98 см, қалған тұстары 38х16 см өлшемде жасалған тас бағанның екі бетінде төңкеріліп, екінші бетіндегі бір жолы оңғарылып жазылған.
Е-18 ескерткішінің төменгі 4-6- жолдары [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 93]:
І КГБ (1) () (1) q – Қ¹; (2) — НҚ. ІІ КГБ (3) (1) û – З; (2) () — Л¹. ІІІ КГБ (4) () (1) — Ғ; (2) — С¹; (3) — ДЖ⁴.
ЖТТТ: mVmDLRDTXLZmR
Транс.: Қ¹аНҚыМ аЗаЛ¹ыҒ аС¹ы ДЖ⁴ОҒыТ¹а аД¹ыР¹ыЛ¹Д¹ыМ еШ²іМе
Ауд.: Ханымның азалы асы джоғында (жоқтау рәсімі) айырылдым, досымнан.
Орқұн ескерткіштерінде йоғ (жерлеу, жоқтау рәсімі) аталатын салт-дәстүр атауының Енесей бойындағы көне арғын-қырғыздарда джоғ болып қолданылғанын аңғарамыз. Джоғ сөзінің дұрыс оқылғанын азалы асы сөз тіркесінің қатар қолданылуы айқын дәлелдеп тұр.
Енесей ескерткіштеріндегі ДЖ⁴Ұ таңбасы анық жазылған жазба мұра Е-13 (Чаа-Холь) [9Васильев Д.Д. Корпус тюркских памятников бассейна Енисея. Л., 1983, С. 20, 61, 92] ескерткіші Чаа-Холь өзенінің бойынан табылған. С.Е. Малов Чакуль І [8Малов С.Е. Енисейская письменность тюрков. М.-Л., 1952, С. 35] және Е-13 деп белгілеген. Ескерткіштің көлемі 140х2 см өлшемдегі төрт жақты тас баған. Бір бетінде жоғарғы ұшында қалпақты адамның бет-бейнесі суреттелген. Төменнен жоғары қарай үш жол сызылған. Алайда жазу екі жолында ғана сақталған. Басқа екі жағындағы жазуды зерттеушілер көшіріп сақтаған, ал ескерткіштің өзінің осы екі жағы қазір бұзылып ажыратуға келмейтін күйге ұшыраған.
Ескерткіште ДЖ⁴ таңбасы анық жазылған сөзбен бірге анықтығы дүдәмалдау тағы бір сөз және езулік ДЖ³ арқылы жазылған үшінші сөз де бар. Бұл екі сөзді алғашқы зерттеушілер ЫЙУ деп оқыған. С.Е. Маловтың оқуын келтірейік:
vJi:mDLRD:mLxvzks:mDLRD:mJWvq:aDJvq:vJi:mDLRD:mVDq (1)
Транс.: (1) Қадашым адырылдым, ыйу қуйда қунчуйым адырылдым, секіз оғлым адырылдым ыйу.
Ауд.: От своих товарищей я отделился (т. е. умер). Увы! От своих принцесс в теремах я отделился (т. е. умер). От восьми своих сыновей я отделился (т. е. умер). Увы!
С.Е. Малов транскрипциясында «қадашым, қунчуйым, оғлым» деп атау септігіне қойып оқыған, бұл қате, дұрысы қадашыма, құнчұйыма, оғлыма болуы керек еді. А. Аманжолов [37Аманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. Алматы, 2003, С. 123.] та солай транскрипциялаған. С.Е. Маловтың «оғлым» деп транскрипциялаған сөзін Д.Д. Васильев те, А. Аманжолов та ur¹m деп түзеткен. Шындығында бұл сөзде Л¹ емес, Р¹ дыбысы жазылған. Алайда ыйу сөздері де, ур(ы)м сөзі де дұрыс оқылмағаны анықталды. Сондай-ақ «құйда, құнчұйым, қадашым» сөздері де дұрыс оқылмаған, бірақ қазір бұған тоқталмаймыз. Ескерткіштің дұрыс оқылымын ұсынайық. КГТ (күрделі графемалы түпнұсқасы):
a:mDLRD:mßks:mDLRD:mJÕvDÊv:J:mDLRD:mVDå
І КГБ (33) (1) — Р¹; (2) — НҚ. ІІ КГБ (41) (1) -Й¹; (2) v – ҰУ. ІІІ КГБ (42) (1) — ДЖ³; (2) — М; (3) a – А.
ЖТТТ::mJÕvðDÊv : J:mDLRD:mVDq(1)
AvJamDLRD:mßës;mDLRD
Транс.: ҚаД¹аШыМа аД¹ыР¹ыЛ¹Д¹ыМ АЙ¹аҰУДЖ⁴ҰМа ҚҰЙ¹Д¹А ҚҰНЧҰЙ¹ыМа аД¹ыР¹ыЛ¹Д¹ыМ С²еКіЗ ДЖ⁴ҰР¹ыНҚыМа аД¹ыР¹ыЛД¹¹ыМ АЙ¹аҰУДЖ³ыМА
Ауд.: Туысымнан айырылдым, айаулымнан, үйде әйелімнен айырылдым, сегіз жұрынымнан (ұрпағымнан) айырылдым, айаулымнан.
Бұрынғы зерттеушілер ыйу деп қате оқылған сөзді қайран, шіркін (орысшасы – увы) тәрізді мағынаны білдіретін одағай сөз деп түсіндіріп келді. Жаңа ізденіс ДЖ³Ы, ДЖ⁴Ұ таңбалары арқылы тілімізде бар айаулы сөзінің көне нұсқасы айаудж формалы сөздің өмірге қайта келуіне ықпал етті. Ал джұрұнқ сөзінің ұрпақ мағыналы жұрұн нұсқасы қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде келтірілмеген. Әйтсе де, қалдық мағынасына жақын жұрын сөзі [38Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 4- т., Алматы, 1979, 235-237- бб.] берілген. Сонымен бірге қалдық мағынасын білдіретін жұрқа, жұрнақ сөздері түсіндірілген. Бұл сөздердің джұрұнқ сөзімен төркіндестігі байқалады. Мысалы, жұрқа <жұрқан <жұранқ; жұрнақ <жұранқ. Сондай-ақ жұрағат сөзі де жұранқ+(а)т (көптік жалғауы) туынды түбірінен туғаны аңғарылады: жұранқат >жұраңқат >жұраңғат >жұрағат. Орыс тіліндегі шурин (балдыз-қайны; қайнаға) [39Русско-казахский словарь. Алматы, 2005, С. 1128.] сөзінің де түркілік жұрұнқ түбірімен тектестігі анық байқалып тұр. Яғни, орыс патша, князьдары түркілік асыл қанды бикештерге үйленіп, олардың туыстарын түркі тіліндегі атауынша «шурин» деп атағаны күмән тудырмайды. Жұрын сөзі қазақ тілінде кісі есімі ретінде қолданылады. Яғни, «жұрын-жұрағаты бар ма», деген сөз «қалдырған ұрпағы бар ма» деген ұғымды білдіретіні даусыз. Сондықтан ұрпақ мағынасындағы жұрын сөзі өткен дәуірде жеке де және қос сөз арқылы да тілімізде қолданыста болғаны айқын деп білеміз. Іздестірсе, қазіргі кездегі жалпы халықтық тілдегі қолданысы да анықталуы ықтимал.
Көктүрүк қағанатын құрушы, әлемде теңдесі жоқ «Алпамыс батыр», «Манас» атты жырларға өзек болған ҚОҢЫРАТ-ҚҰНШАҚтың даңқты ұланы БОДЖМАН ҚАҒАНның есімін жаһанның жалпағына жария етуге, оның жоғарыда келтірілген жаңалықтармен бірге ғылыми айналымға түсуіне ДЖ⁴О, ДЖ⁴ҰУ таңбасы мен мағынасының ашылуы өз септігін тигізді. Алдағы күндерде бұл таңба арқылы басқа да сөздер өз мәнін ашып, игілігімізге жарай беретіні айқын.
Түркі халықтарының жазба мұрасы ежелгі замандағы шумер мәдениетімен сабақтасып жатқаны қазір ешкімге де құпия емес. Өйткені олар да Тәңірі дініне сенген, Тәңірі деген сөзді қолданған. Біз бұл жерде бұдан басқа ондаған сәйкес сөздерді еске алмай-ақ, сол бір ғана Тәңірі сөзімен-ақ сабақтастықты дәлелдеуге толық жететіндігін ескертпекшіміз. Әкелеріміз бен шешелеріміз өз алғыстарын «Тәңірі жарылқасын!» деп білдіретіндігін өз құлағымызбен естіп өстік. Осы сабақтастық дәуірлер тізбегін көктей өтіп, шумер заманына үзілмей жетеді. Бұл сөз атақты тілші-ғалымымыз М. Қашқари еңбегінде мол қамтылған, бұл сөз VІІІ ғасырдағы Күлтегін жазбасының бірінші жолында «Тәңірі тег Тәңірі іде болмыш Түрүк Білге қаған бұ өдке олұртым» (Тәңірі тектес, көк аспандай биік ие болған Түрүк Білге қаған бұл кезде (таққа) отырдым) мағынасында айтылады. Одан арғы замандағы тәңірілік сенімнің шумер заманына үзілмей жететіні өзінен-өзі-ақ белгілі.
Ежелгі дәуірлердегі түркі халықтарының дүние жүзіне қалай билік жүргізгенін «Оғыз қаған» жазба ескерткішінен білеміз. Яғни, дүние жүзінде мемлекеттік құрылым-жүйеде, әкери қару, қозғалыс саласында түркі халықтарына тең келетін бір де бір халық болмағаны жылдар өте ғылыми дәлелдер арқылы айқындалып келеді. Соңғы дәлел сақтың ұлы қағаны Чуңның мәңгі бітігі Есік обасынан табылған күміс тостағанда түркі тілінде жазылғаны соңғы кездегі зерттеулер арқылы [36Бекжан О. Есік жазуына 2009 жылғы түзетпе және ондағы жаңа ұсақ жазудың мағынасы // «Түркология», 2010, № 1-2, 3-35- бб.] ашылды. Онда: «Сақ елінің алыбы Чуң, ел иесі, мәңгі жазу жазбасын жасатты» деп айқын жазылған. М. Қашқари еңбегінде Шу (>Чуң) қағанның әлемге әйгілі А. Македонскийді қалай қарсы алып, өз күшіне табынтқаны жайындағы мәліметтер жақсы жазылған. Ал одан бұрынғы дәуірде түркі халықтарына қауіп төндірген парсы патшалары Кир мен Дарийлердің сақтардан қалай жеңіліс тапқаны грек тарихшыларының еңбектерінде кеңінен жазылғаны белгілі.
Бумын қағанның есімінің қате оқылуынан көне түркі мемлекетін құрушы тайпалар мен билеушілердің қазіргі түркі тайпаларының қайсысына жататыны беймәлім болып келді. Рулық шежірелердің басында тұрған тұлғалардың нақты тарихи жазбаларда көрінбеуінен олар тек аңыздық сипатта ғана көрініс береді. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі Боджман қағанның өзінің алдындағы құнқ бабасы Атилланың жорық ізімен Батыс Еуропаға дейін жаулағаны жазба ескерткіш мәліметінен анық аңғарылады. «Алпамыс батыр» жырында Гүлбаршын сұлу өзінің атастырылған жары Алпамыстың өзін іздеп келе жатқанын тасқа басылған жазба хатынан оқып біледі. Бұл мәліметтен тасқа жазу дәуірін және халықтың хат тану деңгейінің қай дәрежеде болғанын тани аламыз. Және «Алпамыс батыр» жыры мен көне түркі жазба ескерткіштерінің сабақтастығы, яғни, тасқа жазу өркениетінің сәйкестігін түйсініп сеземіз. Божбан-Алпамыс батыр мен Боджман қаған сәйкестігін көне түркі қағанаты мен божбандар мекені Түркістан қаласының атауы және сол өңірдегі «Божбан ата обасының» (Елеуов М. Ескерусіз қалған ескерткіштер. Түркістан, 2005, 85-86-бб.) орналасуымен де дәйектей аламыз. Бұл сәйкестіктер алда да жүйелі түрде ашыла беретініне сенім мол.
Орынбай БЕКЖАН
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Ғылым Орталығы түркология ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты



