Сирия үкіметінің химиялық қару қолданғаны туралы Вашингтонның болжамы дәлелденсе, АҚШ әуеде, теңізде және құрлықта әскери операциялар бастауға дайын. Қашықтан басқарылатын Tomahawk зымыраны АҚШ әскери кемесінен атылған сәт. Жерорта теңізі, 29 наурыз 2011 жыл. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри дүйсенбіде мәлімдеме жасап, президент Барак Обама тамыздың 21-інде Дамаск түбінде болған қақтығыста химиялық қару қолданылғаны жайлы ақпаратты «сенуге болатын мәлімет» деп қабылдайтынын айтқан. Сирия үкіметі химиялық шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеп, жүздеген тұрғынның өліміне қатысты бар кінәні көтерілісшілерге аударған.
Автор: admin
1920 жылдың 26 тамыз күні Қазақ автономиясын құру және оның жер көлемін белгілеу жөнінде декрет дүниеге келді. Бұл айтуға жеңіл болғанымен, қазақ жұртының қылышынан қан тамған қызыл империяны мойындатып, өз алдына ірге көтеруі оңай болған жоқ. Жан берді, жан алысты. Кремльде өткен ұзақ тартыстан соң, қызыл пролетариаттың көсемі – Ленин арнайы қаулыға қол қойды. Бұл жеке азат ел болуды аңсаған Алаш арыстарының жанқиярлық еңбегінің арқасы еді. Сол тартысы мол алқалы мәжілісте болашақта құралатын Қазақ мемлекетінің шекарасы межеленді. Негізгі тартыс «қазақ автономиясына қай жерлер кіреді?» деген мәселеге келгенде, қатты ушыққаны белгілі. Бірақ Алаш арыстары алға қойған мақсатына жетті. Әлихан Бөкейханов, Ахмет …
Соңғы кездері қазақ газеттерінің басына қара бұлт үйіріліп тұрғаны ешкімге де жасырын емес. Мәселен бұған дейін оқырманға жол тартқан «ҰЛТ TIMES» газетінің ашылғанынан жабылғаны жылдам болды. Енді міне, белгілі журналист Ғабит Мүсіреп басқаратын республикалық «Нұр Астана» жастар апталығы өз жұмысын тоқтататын көрінеді.

