Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Салқам Жәңгір хан Қазақ ханы 1643 — 1652 Ізашары: Есімұлы Жәнібек хан Ізбасары: Батыр хан Дүниеге келуі: белгісіз Қайтыс болуы: 1652 жыл Жерленді: Түркістан Әкесі: Есім хан Балалары: Батыр хан, Тәуке хан, Қайып хан Салқам Жәңгір — туған жылы белгісіз, 1652 жылы қайтыс болған. Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өлген соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан да халық оны “Салқам Жәңгір” атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.
Автор: admin
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Есім хан Қазақ ханы 1598 — 1628 Ізашары: Тәуекел хан Ізбасары: Есімұлы Жәнібек хан Қайтыс болуы: 1628 жыл Әкесі: Шығай хан Есім хан[1] — (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Тәуекел хан 9-шы Қазақ ханы 1583 — 1598 Ізашары: Шығай хан Ізбасары: Есім хан Әкесі: Шығай хан Тәуекел хан[1] — (1583-1598 жылдары билік құрған) Шығай хандың ұлы 1586-1594 жылдар аралығында ол өзге сұлтандармен хан тағына таласып, біраз уақытын соған жұмсады. Ақыры хандыққа қол жеткізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел ауыр жараланып, Ташкентте қайтыс болды.

