«Елім-ай» — елдiк шежiресi Темірғали КӨПБАЕВ, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Тәуелсіздікпен бірге халқымызға қайта оралған есімдердің бірі – Қожаберген жырау есімі. Қожаберген Толыбайұлы – өз заманында сан қырлы талантымен танылып, қазақ халқының ерекше құрметіне бөленген аса дарынды мемлекет қайраткері, үш жүз қолының сардарбегі болған асқан батыр қолбасшы, Әз-Тәукенің тұсында қазақ мемлекетінің нығаюы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ірі саясаткер, Бұқар жырауға ұстаз болған теңдессіз сөз зергері, Абылайға кеңес берген көреген би, өзінің ақындық және батырлық мектебін қалыптастыра білген ұлт қаһарманы.
Автор: admin
Астана. 13 тамыз. Baq.kz-Қазақта «қаза» деген қастерлі сөз бар. Өлімнің бәрін «қаза» демейді. Мәселен, майданға қатыспай өз үйінде жатып көз жұмған кісіні «қаза тапты» деп айтпайды: «қайтыс болды», «бақилық болды», «дәм-тұзы таусылды» дегендей басқа сөздермен сипаттайды. «Қаза» — бұл, дәрежесі өзге өлімнен биік тұратын, батырлықтың дәлелі болатын сөз. Қаза болған кісіні ел-жұрты батыр деп дәріптеп, жоқтап аза тұтқан. Яғни, қаза табу — жауынгердің ғана маңдайына жазылған ақ өлім. «Қаза»сөзіне «ақ» дегенді жалғасақ «қазақ» сөзі шығады. Біріншіден, «қаза» мен «қаза-ақ» деген дыбыстық үйлесімі. Екіншіден, екеуінің де жауынгерлік ұғым болуы кездейсоқ сәйкестік емес. Бұл сәйкестікті қазбалай түссек, онда «қаза» сөзінен «қазақ» сөзінің…
Қазақ тарихы Астана. 13 тамыз. Baq.kz- Қазақ тарихын жазғанда түрлі елдердің мұрағаттарындағы көне деректерді ғана аршымай, ел ішінде қалған көнекөздердің де айтқандарына құлақ түрген жөн. Ел жылнамасы әр рудың, әр әулеттің, әр атаның ауыздан ауызға көшіп келе жатқан ата тек шежіресі арқылы да жасалған. Ұлт тарихын жаңаша зерделеп жатқан осы кезімізде тарихшыларымыз мұны да қатаң ескере жүргені жөн. Өйткені, қазақ тарихын рулар шежірелер тізбегінсіз бүтіндеу мүмкін емес.

