Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тарих»КЕРЕЙТ ХАНДЫҒЫ
Тарих

КЕРЕЙТ ХАНДЫҒЫ

21/08/20131
КЕРЕЙТ ХАНДЫҒЫ

  КЕРЕЙТ ХАНДЫҒЫКерейт хандығы IX – XII ғасырларда Завхан, Тола, Селенгадан Шығыс Моңғол құмына дейінгі сайын даланы қоныс етіп, батысында Найман хандығы, солтүстігінде меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шығысында Ся мемлекетімен іргелес жатты. Ол кезде Керейт хандығы керейт, жиркин, қонхойт, сақайт, тумаут, албат, тункайт-киркун деп аталатын тайпалардан құралатын. Аталған тайпалардың ең ірісі керейлер болды және керей атауы («керей» – ру-тайпа атауы да, «т» – тунгус, моңғолша көптік жалғауы) содан қалды.
Рашид әд-Дин моңғол жазбаларының желісіне сүйене отырып, керейлер саны (XI – XII ғасырлар) 200 мың шамасында болған дейді. Керейлер XI ғасырдың 2-жартысында алғашқы хандық билік құрды. Ол кезде керейлерді бұйрық лауазымды тайпабасы билейтін.
XII ғасырда әскери билікке сүйенген ұлыс ел деңгейіне көтерілді. Аталған кезеңде Керей ұлысын Маркуз Бұйрық хан  басқарды.  Керей хандары  алтыннан шатыр (үй орда) тігіп, алтындаған ер-тұрман сайлап, алтын кеседен ас-су ішкені жайлы ортағасырлық жазбаларда айқын жазылған.
Тайпалар мыңдыққа, ішкі рулар жүздікке бөлініп, мыңдықты мыңбасылар, жүздікті жүзбасылар басқарды.
Керей хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Керей ұлысында айшықты шекара болмағанымен, орда тігер орны, қыс қыстауы, жаз жайлауы белгілі болған. Олар әйгілі Қарақорымды бас қала етті. Түндік, Цэцейдей, т.б. қалалар салды. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, киіз үйде өмір сүрді.
Керейлер несториан сенімін ұстанды. Оларда жазба заң болмады, әдет заңына жүгінді. Керей заңы бойынша ата жауына сатылу ең ауыр қылмыс саналған.
Маркуз Бұйрықтың немересі Куржакуз Бұйрық хан өлген соң, ұрпақтары хан тағы үшін өзара көп қақтығысты. Керейлерді, бір жағынан, татар, тунгустар қыспаққа алса, екінші жағынан, Ерке қара тобын наймандар қолдады. Тоғырыл Уаң хан тобына («Тоғырыл» – өз аты, ал «уаң хан» немесе «ұлыс билеушісі» лауазымы – Тоғырылға шүршіт ханы Вангин Чинсан берген лауазым) Есукей батыр бастаған татарлар ішіндегі боржигин руының моңғол аталығы қол ұшын берді.
Тарихта керейлердің дәуірлеген кезеңі – Уаң хан басқарған түс. Батыс католиктеріне «шығыстан шыққан пірәдар Иоан» аңызы бойынша жеткен оның Уаң хан аты кезінде Батыс Еуропаны дүр сілкіндіргені белгілі.
Керейлер мен моңғолдар өзара ант су ішіскен түбегейлі достық қатынаста болды. Бұл қатынас Тоғырыл және Тэмужин (Шыңғыс хан) тұсында одан әрі жалғасты. Уаң хан Тэмужинді өкіл ұлы санады. Тэмужин 1189 жылы өз әулетінің ханы сайланғанда оны алғаш колдағандардың бірі осы Уаң хан болды. Тэмужиннің ар-намысын қорғау үшін 1179 жылы меркітке қарсы құрылған үштік одағын (Уаң хан, Жамұқа және Тэмужин) ұйымдастырушы да Уаң хан еді.
Аталған жорыққа тек керейдің өзінен 20 мың қол атқа қонды. Керейлер Тэмужин бастаған топпен бірлесіп, 1198 жылы татарларды шапса, 1201 жылы Жамұқа бастаған Алақай бұлақ одағына соққы берді. Тэмужинмен бір-лесіп, 1203 жылы наймандардың батыс қанатына шабуыл жасады.
Алайда Уаң хан мен Тэмужин достығы да ұзаққа созылмады. Даңқы арта түскен Тэмужин керейлерді «бейбіт түрде ел болып бірлесуге шақырды». Бірақ керейлер Тэмужиннің бұл пікірін қабылдамады. Сөйтіп, екі жақ 1203 жылы ақтық шайқасқа шықты, керейлер жеңіліп, тарих тұғырынан тайды.
Керейлердің бір тобы ата жұртында қалып, Шыңғыс хан империясына қызмет етті. Енді бір тобы батысқа – Орта Азияға бет бұрды. Мұнда келгендері Жошы, Шағатай ұлысы, Моғолстан билігінде болып, кейін көпшілігі Қазақ хандығына бағынып, қазақ ұлтын құрады. Керейлер өзбек, қырғыз халықтары арасында да кездеседі.

Дереккөзі: Ұлы Дала мемлекеттері [Мәтін]. – Алматы: «Адамар» баспасы, 2006. – 216 бет.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСыбызғы күйлері
Next Article Дулат Исабеков: « Хан екі сөйлемеуі керек қой»

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.