Астана. 6 тамыз. Baq.kz-Осы күні қазақтың бұрын қандай халық болғаны жөнінде сыңаржақ пікір көп. Яғни біздің қоғамтанушы, саясаткер немесе кейбір «тарихшысымақтарымыздың» өздері қазақтың өткен тарихын білмей, бүгінгі ұрпақпен салыстыра отырып, салт-дәстүріміздің қадір-қасиетін кетіріп, былжырақ пікірлер айтады. Мәселен, байларымызды — ақымақ, молдамызды — дүмше, халқымызды — надан, қараңғы етуге құмар. Өйткені мұндай көзқарас кешегі кеңестік қоғамнан қалған орыстың көзімен, қолымен жазылған ескі, қасаң дүниелер. Орыс орман, тоғайды кезіп жүретін жабайы кезінде Қазақ халқы Отырардай ғылым мен мәдениеттің қаласын салып, Әл-Фарабидей аты әлемге әйгілі ғалым шыққан дана жұрт еді ғой. Өкінішке қарай, біздің сол озықтығымыз көп қасірет шектірді.
Автор: admin
Қытай Халық Республикасының мұрағат қорларындағы Қазақ елі өміріне қатысты деректер туралы сөз Ұлттық тарихты зерделеу жөнінде өткізілген үлкен жиыннан кейін тарих саласында жаңаша сілкініс, жаңаша серпіліс орын алып жатқаны шындық. Соның бірі – қазақ қоғамына бейтаныс дүниелерді жарыққа шығару үшін тарихшы ғалымдарымыздың шетелдерге іссапарларға шығуы. Жуырда ғана Қытайдан оралған Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Жанымхан Ошанмен әңгіме негізінен іссапардың нәтижесі туралы өрбіді.
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН Әйгілі әулие, даңқты дін қайраткері (Соңы. Басы газетіміздің өткен нөмірінде). Марал ишан ғазауат соғысын ашпас бұрын, Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің рухани басшысы болмас бұ-рын орыстардың қазақтарды шоқынды-руын, шұрайлы жерлерін тартып алуын болдырмауды бейбіт жолмен шешуді де ойлайды және одан үміттенеді де. Біз енді соны айғақтайтын тарихи деректерге арқа сүйесек.

