Автор: admin

Мен, Мұрат Ақатайұлы – Қытай Халық Республикасының, Шыңжаң өлкесі, Алтай аймағының Алтай қалалық 3-ші орта мектебінде дене тәрбие оқытушысы болып жұмыс атқарамын. Қытайда, халықаралық қысқы спорт түрінің жеті түрінен (тіктен ирек салып түсу, таушаңғымен ұзаққа жүгіру, коньки тебу, ұзаққа жүгіру, ат шана айдау, байырғы қазақы шаңғымен ұзаққа сырғанау, байырғы қазақы садақ ату) ұласпалы ерекше Гиннес рекортын жаңартқан кәсіби мамандық атағым бар.

Read More

Дүниеге келгені: 1940 ақпан Семей облысы, Шүбартау ауданы Мансабы: жазушы Мағауин Мұхтар Мұқанұлы 2.2.1940, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы — жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазМУ-ды (1962), осы университеттің аспирантурасын бітірген (1965). 1965 — 86 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында, «Жалын» альманағында бас редактордың орынбасары, Әдебиет және өнер институтында, ҚазПИ-да аға ғылым қызметкер, доцент, «Жазушы» баспасында бас редактор қызметтерін атқарған. 1988 жылдан «Жұлдыз» журналының бас редакторы.

Read More

1706 жылы, Алтай тауының Сауыр деген жерінде дүниеге келген. Руы – Абақ керей ішіндегі Жастабан. 18 ғасырда өмір сүріп, қиын-қыстау кезеңде қансыраған халқына қалқан, қорған болған. Қазақ-жоңғар соғысында қазақ халқының қас батырлары, бас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, ер Жәнібектермен бірге бірнеше шешуші шайқастарға  қатысқан. Шақантайдың әкесі Жауғашар ауқатты, бай адам болған. Шақантай жеті жасқа келгенде ол дүниеден өтеді. Оны жассынған ағайындары малын емін-еркін пайдаланып жүре берген. Қазақ айтыскері  Қ. Алтынбаевтың “Ақырғы айқас” дастанында Шақантайдың ерлігі былай жырланады:

Read More