(1900–1973) 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, қазіргі Сәбит Мұқанов атындағы кеңшарда дүниеге келген. Ата-анасынан жастай жетім қалып, жалшылықта болады. Ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап алып, мақамдап айтып үйренеді. 14–15 жасынан өлең-жырды өзі ауызша қиыстырып та, жазып та шығара бастайды. 1918–1919 жж. Омбыдағы оқытушылар курсында оқиды. Бітіргеннен кейін, біраз уақыт мұғалім болады. 1919– 1922 жж. әр түрлі қызметтер атқарады. 1926 жылы Орынбордағы рабфакты бітіреді. 1926–1928 жж. баспасөз орындарында қызмет атқарады: «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлім бастығы, Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы болады. 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды. 1935 жылы Мәскеудегі…
Автор: admin
С. Садуақасұлы 1916 жылы Омбыда қайраткерлік мектеппен бірге қаламгерлік мектептің де табалдырығын аттады. Ол қаламын «Бірліктің», «Балапан» атты қолжазба журналдарында ұштады. Смағұл көсемсөздік пен жазушылық өнерді тынымсыз қайраткерлік қызметінің барысында меңгерді. 1918—1919 жылы Алаш Ордаға тыныс болған «Жас азамат»газетің,1920 жылы атын «Қазақстан» етіп, затын халықтық қылып өзгертпекке бел буған «Ұшқын» газетің, 1922 жылы Еуропа өркениетін уағыздаған «Өртең» газетін, қазақ жастарының «Жас қазақ» журналын шығаруға атсалысты. Мұнан бөлек ол 1920 жылы «Еңбекшіл жастар»(Омбы), «Кедей сөзі»(Омбы), «Еңбек туы» 1925-1926 жылы «Еңбекшіл қазақ», кейін «Еңбекші қазақ» газеттері мен «Қызыл Қазақстан» журналының (1924-1925 ж.ж. шығып тұрған) жауапты шығарушысы (редакторы) болды (С. Садуақасұлы. Екі томдық…
Сегіз сері (1818-1854) – шын аты — Мұхамедқанапия Баһрамұлы Шақшақов. Өмірбаяны Арғы атасы Қожаберген — әрі ақын, әрі әнші, әрі батыр кісі екен. Қалмақтармен шайқаста қол бастап, көзге түскен. “Ақтабан шұбырынды” заманының ұлы ескерткіші — “Елім-ай” дастаны мен әннің иесі. Өз әкесі Баһрам батырлығына қоса білімді, діндар адам болған. Баласын жастайынан мұсылманша өзі оқытып, мылтық атуға, садақ тартуға, найза шаншуға, қылыш шабуға, ат өнеріне, балуандықтың айла-тәсілдеріне баулыған. Кейін талапты жігіт қамшы өруден бастап, киіз үйдің шаңырақ, керегесін, аттың ер-түрманын, өмілдірік-тартпасын, жүгеніне дейін өзі жасайтын шеберге айналған. “Сегіз” деп ат қойған — жеңгелері. Себебі, ағаларына ілесіп аңга барып жүргенде сегіз жастагы…

