Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»Оспан батыр
Тағылым

Оспан батыр

21/08/20130
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Оспан Исламұлы
Оспан батыр
суреті
Туылған күні 1899 жыл
Туылған жері Көктоғай болысы, Алтай аймағы, Шынжәң
Қайтыс болған күні 29 сәуір 1951
Қайтыс болған жері Үрімжі, Шынжәң
Мемлекет Flag of the Second East Turkestan Republic.svg Шығыс-Түркістан Төңкерістік Республикасы
Flag of the Republic of China.svg Қытай Республикасы
Әскер түрі атты әскерлер
Қызмет еткен жылдары Flag of the Second East Turkestan Republic.svg 1943 — 1946
Flag of the Republic of China.svg 1946 — 1950
Атағы Алтай қазақтарының ханы
Шайқасы Іле тәуелсіздігі, Байтақ-Боғда конфликтісі, Қытай азаматтық соғысы

Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан батыр; وسپان باتىر; түр. Osman Batur; қыт. 欧斯曼·巴图尔; (1899—1951) — 20 ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағы.

Өмірбаяны

1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бөке батырдың қасына келді.

1951 ж. сәуірдің 29-ында Үрімжіде қытайлар тарапынан өлім жазасына кесілді.

“ Қазақ үшін сайтанмен сөйлесуге де бармын! ”
Оспан батыр

Ұрпағы

Оспан батыр 1940 жылы атқа қонып, 1951 жылға дейін, Қытай, КСРО, Моңғол әскерлерімен 11 жыл соғысқан. Жарықтық, «мен ислам діні үшін атқа қондым» деген екен. Батырды 1951 жылдың 28 сәуір күні Үрімжіде атты.

Оспан батыр атылғаннан кейін де қудалау тоқтаған жоқ. Көп адамдар жазаланды. Бұл үрдіс батырдың ұрпақтарын айналып өтпей қоймады. Үлкен ұлы Шердиман 1973 жылы Құлжа түрмесінде өлді. Екінші баласы Нығметолла 1976 жылы дүниеден өтті. 1928 жылы туып 12 жасында қолына қару алып соғысқа қатысқан кіші ұлы Нәби 2002 жылы қайтыс болды.

Нәбидің алты баласы бар. Кенжесі Өркенбек Нәбиұлы ата-жұртына келіп, Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітіріп, Қазақстанның азаматтығын алып Алматыда тұрақтап қалған еді.

Діні мен ұлтты үшін шаһит кеткен Оспан батыр дүниеден озып, арада 60 жыл өткенде немересі Өркенбектің баласы дүниеге келді. Батырдың шөбересіне Нұресіл деп ат қойды.[1]

Күресі

1911 жылы Бөке батырдың жағында қытайлар және орыстарға қарсы күрес бастаған Оспан батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістанның қытайлар және орыстардан азат етілуін мақсат етіп қойды. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Қытай үкіметі тарапынан Шығыс Түркістан жеріндегі түркі халықтарына қарсы қысым күшейгенімен бірге түркі халықтарының жауап әрекеттері де күшейе түсіп, Оспан батырдың көтерілуіне себеп болған жағдай қалыптасты.

Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр, 1943 жылы мақсатына жеткендей болып көрінді. 1943 жылы шілденің 22 Бұлғында жасалған жиында Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды.

1945 жылының басында Шығыс Түркістанда бірнеше қала сыртында бақылау көтерілісшілердің қолына түсті. Жағдай қытайлар үшін бұдан артық төзгісіз болып және одан да қауіпті жағдай қалыптаспайынша Қытай әскерлері өлкеде қатаң және жойқын операциялар өткізді. Тарбағатай және Алтайдан шығарылған Оспан батыр күрес отыз мың кісімен бастаса да 1950 жж. басында осы сан шамамен төрт мың ғана болды. Бұл санға әйелдер және бала-шаға да кіреді.

1951 жылы Қанамбалда қоршалған Оспан батыр тұтқын болды, Үрімжіге жөнелтілді.

Оспан батыр, халық арасында жүргізіліп көрсетілді және 1951 ж. сәуірдің 29-шы күні үкім бойынша өлімге кесілді.

Оспан батыр
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАтадомбыра
Next Article Жүніс қажы Рақиұлы (БҰЛҰТАЙ) ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.