Керей Тұғырыл хан деген кім? Керей Тұғырыл ханның ордасына қазба жұмыстары жүргізілді. Орта ғасырда Орта Азияда орын алған оқиғалар тізбегі күллі адамзаттың назарын әлі күні өзіне аударумен келеді. Осы өлкеде V – VIII ғасырларда өмір сүрген көшпелі-әскери мемлекеттер Қырғыз, Ұйғыр, Түркі қағанаттарының жалғасы Керей, Найман, Қоңырат, Меркіт, Оңғыт (Уақ), Татар, Монғол, Жалайыр тайпалары хақында орта ғасыр тарихшылары көп жазған. Әсіресе, ұлы қаған Шыңғыстың өмір, тарихына қатысты материалдарда аталмыш тайпалар туралы қайткен күнде айтылады. Қытайдың көне деректерінде, Еуропа саяхатшыларының жол жазбаларында айтылған һәм жазылған.
Автор: admin
Зұқа Сәбитұлы (1867, Зайсан көлінің маңы – 1928, Қытай, Көктоғай қонысы) – Қытайда тұратын қазақтар арасынан шыққан қоғам қайраткері, батыр. Әкесі Сәбит Қазан мен Бұхарада білім алған оқымысты адам болған. Зұқа да әкесінің жолын қуып, 1883 жылдан бастап Сауырдағы Жеңісхан төренің ауылында екі жыл ауыл мектебінде мұғалім болады, кейін Өр Алтайға, Қара Ертіс бойына қоныс аударады. 1904 – 1905 жылдары Меккеге қажылыққа барып қайтады. Алтайдағы қытай ұлықтары мен кейбір билерден қысым көрген адамдар Зұқадан пана іздеп, оның маңына топтасады. Мұны Алтайды билеген Мәми бейсі жергілікті әкімшімшілік үстемдігіне қарсы пайдалануды көздеп, Зұқаға әскери жасақ құруға көмектеседі.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамыр да туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Жетістіктері Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.

