Омарғазы Айтанұлы (1931-1997)
Қытай бүгінгі дәуір қазақ әдебиетінің таңдаулы уәкілі, атақты ақын, көрнекті жазушы, талантты дрәмәтург, әдебиет танушы зерттермен, аудармашы, журналист. 1931-жылы 20-қараша. Тарбағатай аймағы Толы ауданының Майлы тауында дүние есігін ашқан. 1939-жылдан 1943-жылға дейін. Толы ауданының Тәкілген бастауыш мектебінде оқып, 1948-жылдан 1950-жылға дейін тәкілген бастауыш мектебінде, 1950-жылдан 1954-жылға дейін Толы аудандық орталау мектепте оқытушы, оқыту істер меңгерушісі болып істеген. 1954-жылы қыркұйектен 1957-жылы шілдеге дейін Шинжияң институтының (қазіргі Шиыжияң университеты) тіл-әдебиет касібінде оқыған, 1957-жылдан 1988-жылға дейін «Шұғыла» журналында редәктөр болып істеп, 1988-жылы касіптік жазушылыққа шыққан, 1997-жылы 26-мамыр күні. Үрімжіде жүрек науқасынан қайтыс болған.
Омарғазы Айтанұлының «Еңбек» атты тырнақалды өлеңі 1951-жылы «Тарбағатай» газетінде жарияланғаннан бері мейлі тағдырдың нендей соқпақтарына соғылса да үзбей туынды жариялап келеді. Әсіресе, 1956-жылдары жариялаған туындыларынан бастап, болашақ өзінің ұлы суреткер, ойшыл жасампаз азаматын табиғат дүниесімен тоғыстырып, .
Тың мазмұнды соны сурет салып романтикалы даралық стил көтеріп шықты. Сол жылдары «уақыт», «сұлулық», «қыс», «шинжияң» атты өлеңдері мен «менің шығысым» дастаны, ал, бұлардан сәл кейін 1957-жылы жариялаған «табиғат философиясы» дастаны туған әдебиетімізге мазмұндық жақтан сапалық жаңалық әкелді. 1966-жылы сүргінделіп 1978-жылға дейін сол бір «солақай саясаттың» соққысында жүрсе де, өлең өнерін өзіне бағдар шам етті. Сондықтан да тар есік тас босағада, өлі дүниеге тіл бітіріп арманы мен мұратын «тіршілік симфониясы» етіп көрсетті. Ертедегі 1958 -, 1959-жылдары жазылған «азия үстіндегі көше», «қызыл атпен келемін» өлеңінде ұстанған майданынан таймады. «кінәсіз өңкей мөлдір көз», «қарқара», «қашаған», «тамшы жас» лиркалары соның куәсі.
Журнал редакторлығынан сырт уақытта «белес», «ақша бұлт», «ертіс жұлдыздары» атты кітаптарды баспаға әзірлеумен бірге, ілгерінді-кейінді қытай тілінен «жаушулидың әңгімелері», «қар, жаңбыр, бұршақ» қатарлы шығармаларды, ұйғұр тілінен л. Мүтәліптің «махаббат пен қарғыс» атты өлеңдер жинағы мен «қызыл толқын» қатарлы драмаларын, тейпжән алев, әбдікерім қожаев қатарлы әйгілі ақындардың өлеңдерін, шағатай тілінен «қырық уәзір» қатарлы көлемді дастандарды қазақшаға аударып, қазақ оқырмандарына кеңінен таныстырды.
Оның 1955-жылы «Толғақ» атты әңгімесі, 1979-жылы «Алғашқы қар» өлеңі, 1981-жылы «ескерткіш» атты өлеңі, 1985-жылы «желемік» драммасы жеке-жеке автономиялы райондық сыйлықтар алса, «ескерткіш» атты өлеңі 1981-жылы бүкіл мемлекеттік аз ұлттар әдебиеті таңдаулы шығарма сыйлығын алды. «таразы» романы бүкіл мемлекеттік 5-кезекті аз ұлттар әдебиеті «тұлпар» сыйлығына ие болды. Омарғазы айтан ұлы өте-мөте поезия, проза, драма жанрларында өзгеше сорап тартып, бөлекше бөгеней байқатуға, сол арқылы көркем әдебиеттің бейнелеу көкжиегін мейлінше кеңейтуге құлшынған көсемсөз шебері, әдеби жасампаздық әлемінде өзіне тән стил өрнегін, жазу слобын қалыптастырды. Сұңғыла суреткердің «құс жолы» (1981-жылы, ұлттар баспасы), «сәукеле» (1998-жылы, шинжияң халық баспасы), «түйе» (1998-жылы, іле халық баспасы) қатарлы өлең, дастандар жинағы мен «тырналар» (1986-жылы, ұлттар баспасы) атты дастандар жинағы, «аң шадырын оқ табар» (1985-жылы, шинжияң халық баспасы), «таразы» (1992-жылы, шинжияң жастар-өрендер баспасы) қатарлы екі романы және «жыл сораптары» (1993-жылы, шинжияң халық баспасы) атты повесттер жинағы басылым көріп, оқырман жұртшылығының аса құнды кітәбінә айналды . Мұнан тыс қаламгердың «зер жаулық», «желемік» қатарлы онға жуық сахналық шығармалары жарық көрді. Талантты қаламгердың шығармалары туралы ел іші-сыртында 30 дан астам әдеби сын, зеттеу мақалалары жарияланып, қайталанбас дарын иесіне, және оның жасампаздығына жоғары бағалар берілді. Омарғазы тану ғылымы қалыптасу үстінде.
Ақынның «табиғат философиясы», «найзағай» қатарлы үш дастаны мен көптеген өлеңдері қазақстан басылымдарында жарық көрсе, 50 ден астам өлең-жыры қытай, ұйғұр, мұңғұл, қырғыз тілдеріне аударылып жарияланды. «көк бөрі» атты таңдамалы жыр жинағы 2001-жылы қытай тілінде жарық көрді.
Әдебиет мәселелеріне ежелден ден қойып, әдеби сын, зерттеу саласында да үзбей еңбектеніп келген омарғазы айтан ұлы «лирика», «тілдер дамуы», «оғызнама туралы», «бөрі және көк түс», «ыдыста не бар» қатарлы 20 жуық әдеби-сын мақалаларын жазып жариялады.
«мемлекеттік үздік редәктөр» атағының, автономиялы район құрылғандығының 40 жылдық тойында «құрметты жазушы» деген даңқты атақтың иегері болған омарғазы айтан ұлы көзі тірісінде жүңгө жазушылар қоғамының, шинжияң фолклоршылар қоғамының мүшесі, шинжияң жазушылар қоғамының тұрақты жорасы, мемлекеттің 1-дәрежелі жазушы.


