Автор: admin

Қайрат Қайполлаұлы. Меккені басқарған қазақ Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари – Қазақтың екінші Бейбарыс сұлтаны. Араб елінде Бейбарыс сұлтаннан кейін, Сауд елі патшасының оң қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазымына дейін көтерілген, қасиетті Байтолланың үстіне жамылған кілемді алмастыру бақытына ие болған қазақ, Сауд-Арабия еліне «Еңбегі сіңген генарал», министр дәрежелі әскери басшы. Сонымен бірге  түркі, қазақ жұртына танымал қажылардың қамқоры, Моңғолиядағы Баянөлгей орталық мешітін салдырған ұлтшыл азамат.

Read More

Қазақтың көрнекті ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы – Махамбет Өтемісұлы Нарын құмында Жасқұс деген жерде дүниеге келген. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған.

Read More

Марал ишан Құрманұлы Керей руының Тарышы тайпасына жататын Ақсары атасының Нұрымбет әулетіне жатады. Бұл елдің атақонысы осы күнгі Ресейдің Қорған облысы, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы, Қостанай облысының Ұзынкөл ауданы.

Read More