Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»Меккені басқарған қазақ
Тұлғалар

Меккені басқарған қазақ

21/08/20131

Қайрат Қайполлаұлы. Меккені басқарған қазақ

Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари – Қазақтың екінші Бейбарыс сұлтаны. Араб елінде Бейбарыс сұлтаннан кейін, Сауд елі патшасының оң қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазымына дейін көтерілген, қасиетті Байтолланың үстіне жамылған кілемді алмастыру бақытына ие болған қазақ, Сауд-Арабия еліне «Еңбегі сіңген генарал», министр дәрежелі әскери басшы. Сонымен бірге  түркі, қазақ жұртына танымал қажылардың қамқоры, Моңғолиядағы Баянөлгей орталық мешітін салдырған ұлтшыл азамат.

Абдолланың өз есімі – Шәкен Сарыұлы. 1927 жылы Қытайдағы өр Алтайдың Шіңгіл ауданында туған, Орта жүз Керей ішіндегі Сарбас руынан. 1940-жылы қазақты қынадай қырған дұңған Мафуфаңның талауына түсіп, 13 жасында туған елінен айырылып, саудагер ұйғырға сатылып кеткен. 1941 жылы сол ұйғырмен бірге Сауд-Арабияға барып, сонда қалған. Міне осылайша Бейбарыстың тағдырын қайталаған тағы бір алып тұлға өмірге келді.

Әкесі Сары атасы  Үрзікенің қол астында  балуан, батыр, өжет мінезді, елпек болып, ағасы Буратайдың ел басқаруындағы бас қолғанатына айналған. Әкесі Сары Үрзікеұлы, кең иықты, қапсағай денелі, Буратай ауылының 500 жылқысын шырғасын шығармай қайыратын мықты палуан екен.

Анасы Зәуке – Керей, Жәнтекей ішінде  Тасбике, атақты Әліп батырдың немере туысы Құсайын Тәйжінің қызы.  Қоңқақ мұрын, сарғыш келген, биік бойлы, қайратты да мығым әйел болған. Жастайынан еркекше киініп, жылқы баққан екен.

Әйелі Замзия – араб қызы.

Ұлдары: Байсал, Адынан, Әділ. Қыздары: Нәдия, Әбдісәм, Сәмия, Әриш.

Бұрынғы әйелінен туған бір қызы болған, есімі белгісіз.

Шәкен Сарыұлы 1941 жылы асырап алған ұйғыр әкесімен бірге Сауд-Арабия еліне келген.  1942 жылдан бастап Мекке қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленген.

1946 жылы Мекке қаласындағы Мемлекеттік Әскери Университетке қабылданады. Шәкен оқу бітіргесін Мекке қаласында жол сақшысы болып істеген. Кейін Шекара Қорғаныс армиясында, Шекара Қорғанысының  есірткімен күрес бөлімінде маңызды қызметте болады. Екі рет мемлекет тарапынан марапатталған. Атап айтқанда, «Ерекше еңбегі үшін» марапаты мен «Мемлекетке еңбегі сіңірген генарал» атағы беріліп, Министр дәрежелі әскери қызметкерге айналады.  Өткен ғасырдың 70-жылдары Мекке қаласының әкімі міндетін 10 жылға таяу атқарған кейін Сауд патшасының көмекшісі, уәзірі  қызметіне дейін көтерілген. 1992 жылы зейнетке шығып туған жері Баркөл Қазақ Автономиялы ауданына барып қайтты.

Өз өмірінде 39 мәрте қажылық еткен  Шәкен қажы Сарыұлы 2000 жылы Сауд-Арабияның Жидда қаласында 73 жасында дүниеден өтті.

Қазір біздің білетініміз: Шәкеннің 2 ұлы ұшқыш, бір ұлы Аднан Шәкенұлы Әл-Бұхари әкесінің жолын қуған жоғары лауазымды қызметте.

Алла қаласа алдағы уақытта,  Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари туралы ақпаратымызды толықтырып, жинастырып немере апайы Займоллақызы Өпеннен туған жиені Қайрат Қайполлаұлының  нағашы атасы туралы жазған өмірбаяндық сипатсөзін (очеркін) жариялайтын боламыз.  Қайрат Қайполланың ол шығармасында  1930-1980 жылдар аралығындағы Қытайдағы қазақ өмірі мен 1930-1950 жылдардағы зұлматты тағдырлары мен Шәкен қажының 13 жасқа дейінгі қазақы өмірі мен  одан кейінгі қазақсыз өмірі баяндалады.

Қайрат Қайполлаұлы

Германия

Ахметұлы Бейсен

Астана

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМахамбет Өтемісұлы
Next Article Мұстафа Өзтүрiк

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201464

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.