Автор: admin

Бөке Жырғалаңұлы (1844, Қытай, Алтай аймағы, Шіңгіл өзені бойы — 1899, Тибет тауы) — Шығыс Түркістан қазақтарының ұлт-азаттық күресіне қатысқан батыр. Моңғол-торғауыт сұлтаны Сары Уаңның қазақ ауылдарына жасаған зорлық әрекеттеріне қарсы жас кезінде-ақ қол бастаған. 1883 жылы Бөке Шонжы қаласына әкім (шаңя) болып тағайындалады. 1886 жылы Еренқабырғаға, Боғдаға барып керей, найман руларына қорған болады. Қытай-манжұр, моңғол билеушілерінен зәбір көріп ығысқан қалың ел Боғдаға қарай көшіп, Бөке батырды паналайды. Бұл жағдай Үрімжі ұлықтарының оның үстінен іс қозғауына себепші болып, 4 ай абақтыда отырады. 1887 жылы Бөке батыр қазақтарға жаңа мекен іздеп, оңтүстікке ауа көшеді. 1890 жылы Шақылық-Шаршенде Бөке батыр жасағы Үрімжі…

Read More

Боздақ Дүзбембетұлы өмірбайаны Боздақ Дүзбембетұлы (1900_1994)  Алтай аймағының Аңсаты жайлауында, малшы семиасынд адүниеге келген. Әкесі Дүзбембет аңшылық, ағашшылық, өрімшілік сынды сан өнердің иесі, алқалы елі аға тұтқан жігерлі де қатаң болған адам. Бірбеткей әке алғаш діни оқып қара таныған Боздақты күнкөрістің күйімен оқудан шығарып, өз өнеріне мұрагер етуге бейімдейді. Боздақ әке касыбын ақсатпай игеруден сырт, үйінен үзілмейтін көрген-білгенді, шешен-шежіре адамдардың кеңесіне ден қойып, олардың нәрлі сөз, хиса-дастарндарын көңіліне тоқиды.

Read More

Байжігіт Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Байжігіт (1705—1795) — күйші-композитор, бостандық жолындағы күрескер.[1] Сары Нияз төренің шәкірті. Байжігіт өмірі дені ат үстінде, қалмақ басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күрес кезеңінде өткен. Сол жорықтар әсерімен “Нарын”, “Қылау батыр”, “Алмажай” сияқты күйлерін шығарған. Эпикалық сарында тартылатын күйлерінде ел қорғаны болған жаужүрек батырлардың бітім-келбеті музыка тілмен өрнектелген. Оның “Секіртпе”, “Бұлғын сусар”, “Тоғыз тоты”, “Қособа” атты күйлері тыңдаушыны ерекше нәзік сыршылдығымен елітеді. Бұлардан басқа “Азат”, “Ақтабан”, “Аңшының зары”, “Беласар”, “Қашқан қалмақ”, т. б. күйлері бар. Байжігіт күйлері қазіргі Шығыс Қазақстан облысында (Семей өңірі, Шұбартау, Аягөз, Абай ауд.) және Шығыс Түркістанда кең тараған. Оның күйлерін Манеке,…

Read More