Автор: admin

Арқалық батыр Абақ керейдің әйгілі батырларының бірі. Ол «Арқалық батыр» жыры арқылы күллі қазаққа әйгіленген тұлға. «Арқалық батыр» жыры – қазақ халқының өткен тарихынан, салт дәстүрінен хабар беретін, танымдық-тәрбиелік, көркемдік маңызы аса зор рухани мұраға айналды. Жырға арқау болған оқиғалар нақты тарихи оқиғалар негізінде өмірге келді және  керей елінің 18- ғасырдағы әлеуметі тұрмыс тіршілігі, көрші елдермен қарым қатынасы саяси құрылымы жайлы нақты мағұлмат  береді..

Read More

Әбубәкір ҚАЙРАН. Кенесары (тарихи дастан) Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнаймын. Автор. ТОЛҒАНЫС. ЕЛЕС. МІНӘЖАТ. Қамырықтым, қабаржыдым, қамықтым – Неткен тайғақ жолы біздің халықтың ! Дей алам ба – алыбы еді алыптың? Дей алам ба – ғарібі еді ғаріптің ? О, алайда, өз жөні бар тарихтың! Өз жолы бар ұлып өтер бөрінің, Өз жолы бар үріп өтер әр иттің. Өз үні бар бақаның да… балықтың. Өз үні бар көр-лақаттың, табыттың! Жөні бөлек, бірақ, тірі тарихтың!..

Read More

Шыңжандық танымал жазушы Шәміс Құмарұлы «Бөке батыр» атты тарихи роман жазып, оны 1987 жылы Қытай елінде жариялады. Осы шығарма 1993 жылы «Жұлдыз» журналының 1-2 сандарында жарық көрді. Осында айтылған дерек көздеріне қарағанда, Бөке батыр Жырғалаңұлы 1846 жылы туған. Бір әкеден ағайынды екеу. Артынан ерген інісінің аты – Шөке.

Read More