Біздің балалық дәуірімізде тек қана қытай әдебиеті оқытылатын еді. Сол себепті бастауыш сыныптарда қазақ әдебиеті туралы ештеңе білмейтінбіз деп айтуға әбден болатын. Алайда әкелерімізден, ауыл қарттарынан, әжелерден дегендей ертегі-аңыздарға елітіп, Абай есіміне де ерте қанықтық.
Автор: admin
АЗАТТЫҚТЫҢ ӨШПЕС РУХЫ Нұрғожай батырдың Естеліктері ЖӘНЕ Оспан батыр
Қапас екеумізді Қоңырқай дарасындағы бекініске апарып бақты. Қапас тез жазылып кетті. Өйткені оқ сүбені тесіп өтіп кетіпті. Әкем алтын салған аю өтімен 31 күн емдеп жазылып кеттім. 30 кісі ертіп беріп Сұлубайды Бұлғындағы Жәнібек аулына Жәнібектің туын алып келуге жібердік. Сұлубай туды алып Зарыққанды ертіп Күртіде отырған Оспанға келді. Ту келгеннен кейін Арал елін шақырып ат шаптырып той қылдық. Жәнібек туын алып шығып бүкіл әскери адамдар мен ел бастықтары тудың алдында ант берді. Соғысты жалғастыра беруге серт берістік.[52]

