Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тұлғалар»Асқар Татанайұлы
Тағылым

Асқар Татанайұлы

21/08/20131

Асқар Татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Бітеуірге а.—1996, Алтай қ.), ақын, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 ж. жаза бастайды. “Малбикенің өмірі”, “Ғылымсыз—ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. “Талап”, “Қалың мал”, “Құлдықтан құтылғандар” пьесаларын жазып, өлкеде қазақ драматургиясының негізін қалады. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. Қытайдағы “Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, “Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, “Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде “Қара сеңгір оқиғасын”жазады. “Керейдің билік заңын” әңгімелейді. “Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады.

Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Оннан астам дастан, жиырмаға жуық пьеса, мыңнан астам өлең, көптеген тарихи әңгімелер жазған қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз жылдай қуғынға ұшырап, көп қиындық көрген.

1933 жылы Шәрiпхан Алтай аймағының уәлиi шекара комиссарының бастығы болып белгiленгеннен кейiн, халық ағарту жұмысына кiрiсiп, қысқа мерзiмдi мұғалiмдер жетiлдiру курсын ашты. Сол кезде Асқар алғашқылардың бiрi болып оқуға түскен. 1934 жылы Шәрiпхан өзi ашқан мектептен түлеген түлектерiн халық ағарту жұмысына салып, әр ру өздерi мектеп салдырып балаларын оқытуға бұйрық шығарып, қадағалауға кiрiседi. Сөйтiп жер-жерден мектеп ашыла бастады. Асқар оқу бiтiрген кезде, Қазыбек руының салдырған мектебi бiтпей қалып, әрi қарай оқу үшiн Алтай қаласына көшiп барады. Сол тұста Шәрiпхан Сәбеттен бала оқытып тұрады екен, әкем сол жақтан оқуды ойластырып жүргенде, Шәрiпхан Семейден баспа машинасын алдырып, “Асқар сен осы баспа жұмысын атқарасың, бұл ең үлкен оқу” деп баспаның тұтқасын ұстатады. Сонымен Ахмет Байтұрсынның емлесiнде шығатын баспаны алғаш рет Алтайда iске қосты. Сол тұста Сәбетте Ахмет Байтұрсын емлесi қолданыстан қала бастаған едi. Баспа машинаны Коновалов деген орыстың үйретуiмен, Ғалым Құсайынов деген кiсi екеуi алғашында түрлi ұқтырулар мен жарнамаларды шығарып, 1935 жылы “Шыңжаң Алтай газетiн” алғаш шығарды. 1938 жылы “Жаңа Алтай” журналын қосып шығарды да, алғашқы баспа технигi, алғашқы бұқаралық ақпарат құралын шығарушы редактор ретiнде де тарихта өз iзiн қалдырып кеттi.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАрқалық батыр
Next Article Ақыт Үлімжі ұлы

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.