суретте ғалым Лев Гумилев Ұлы даланы ат тұяғымен дүбірлеткен ержүрек бабаларымыз түркілер тарихына өзіндік үлес қосқан орыс ғалымы Л. Н. Гумилевтың туылғанына 100 жыл толуына байланысты қазан айының басында қара шаңырағымыз-Астанаға көрші Қытай елінен келген қандасымыз, тарихшы, Қытай қазақтарынан«арман асуында»атты тұңғыш роман жариялаған,әрі тұңғыш Қытай тіліне аударылған Жақып Мырзаханұлымен тілдесудің сәті келген еді.
Автор: admin
Жуырда Қытай елiнде, ШУАР-дың Толы ауданында 10 мың күйшi күй тартып, қазақ домбырасын Гиннестер кiтабына енгiзгенi белгiлi. Осы Гиннестер кiтабына енген күйдiң аты – “Кеңес”. Авторы – Бейсенбi Дөненбайұлы. Бiз осы Бейсенбi Дөненбайұлы жайында сөз қозғамақпыз. Бежең (Бейсенбiнi халқы құрметтеп осылай атаған) 1803 жылы қазiргi Қытайдың Шыңжаң өлкесiнiң Алтай аймағына қарасты Буыршын ауданының Оймақы ауылында дүниеге келген. Ел арасында Бейсенбi домбырашылық өнердi Боздақ атты күйшiден тәлiм алған деген сөз бар. Бiрақ бұл сөз жайында да, Боздақтың кiм екендiгi жөнiнде де нақтылы дерек жоқ. Бейсенбi алғашқы күйi “Жеке батырды” мезгiлсiз жеткен әке қазасына арнап он төрт жасында шығарады. Қазiргi уақытта Қытайда…
Зуха батыр ( кино сценарий ) (1) 2012-жыл 06-ай 23-күні 04:28 Автор: Тұрсынқан Әлқан Айдарша: Экран және Театр ЗУҚА БАТЫР ( Кино сенериясы ) ( ҚХР жазушысы Батырқан Құсбегиннің “ Зуқа батыр,, атты тарихый романы бойынша ) Екіраннан төбесіне бұлт шөккен алып Алтай таулары, жағадағы жартасты екпінмен ұрғылаған шалхар айдынды Үліңгір көлі, көк бұйра толқынды Ертіс өзені, Сауыр тауының бірінен-бірі асып, дізбектеліп жатқан быдырмақ жоталары, ақ басты Мұзтаушыңы сырғый келіп көрініс береді. Күмістей сақалы белуарына түскен ақсақалды қаумалаған бір топ адам “ Зуқа батыр қорғанын,, қоралай келіп, жүгіне отырады да, мұңды мақамды аят үні күңірене көтеріледі.

