1990 жыл, 25 қазан – «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар: Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы; Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы; ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және…
Автор: admin
Тарих қалтарысындағы беймәлім тұстарды елеп-екшеп, оны ақиқат һәм ұлт мүддесі тұрғысынан қорытып, халық қазынасына айналдыру — көкірегі ояу, арда азаматтардың асыл борышы. Осындай азаматтық ұстанымдағы әріптесіміз Қыдырбек Қиысханұлының газетіміздің өткен санында жарық көрген Абақ Керей тайпасының ҚХР-дің СУАР өлкесіне қоныстануы және Абақ Керейдің ережесі туралы мақаласы қазақ оқырманының тарихи танымын арттыратыны талассыз шындық. Десек те, Қиысхан бауырымыздың пейілі оң болғанымен, тарихты тарқата айтуда базбір кемшіліктерге жол берген секілді. «Баба Тарих» қарға тамырлы қазақтың ортақ еншісі болғандықтан, Шығыс Түркістан аумағына Абақ Керейдің қалай ауа көшіп барғандығын, сондай-ақ, ежелгі әдет-ғұрып заңының сарқыншағы «Төрт би, төре заңы» туралы біз де білетінімізді оқырман талқысына…
Жәди Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда ҚХР ШҰАР Өр Алтайда туған. 1997 жылы Атажұртқа оралған. «Шалқар» газетінде тілші және бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газеті проза бөлімінің меңгерушісі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Үн» журналының бас редакторы, «Алаш тарихи-зерттеу орталығында» баспасөз хатшысы, «Жас қазақ үні» газетінде бас редактордың орынбасары жұмыстарын атқарған.

