
1990 жыл, 25 қазан – «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды
Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар:
- Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы;
- Одақтық Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы;
- ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы:
- Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы.
Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды.
Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік – экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды.
1991 жыл, 29 тамыз – «Семей ядролық полигонын жабу туралы»
ҚазССР Президентінің жарлығы шықты
Семей ядорлық полигоны 1949 жылы 29 тамызда ашылған. Содан кейінгі 42 жыл ішінде мыңдаған тұрғындардың өмірі мен денсаулығына аса зиян тигізетін 500-ге жуық ядролық жарылыс жасалды. КСРО әскери-өнеркәсіптік кешені 1991 жылы желтоқсан айында полигонда қуаты 20 килотонно, үзілісі 30-40 секунд болатын екі үлкен жерасты жарылысты жасауды жоспарлаған еді. Осыған қарамай Елбасының жарлығы шығып, полигон жабылды.
Полигон үздіксіз жұмыс жасаған 42 жылдың ішінде сол өңірді мекендейтін халықтың жартысы иммундық жетіспеушіліктің зардабын шекті. Ал, радиациялық факторлар жәбірленушілердің генетикалық тегіне еніп, орны толмас зиян әкелді. Радиация тараған аумақта жоғары көз патологиясы тарағаны анықталды.
Ауыр ядролық сынақтардың зардабын Семей облысынан басқа Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының аудандары тартты. Полигон жабылғаннан кейін зардаптың таңбасын кетіру және жан-жақты әлеументтік жандандыру жұмысы басталды. Осы орайда, балалар орталығы, ана мен баланы қорғау орталығы, әскери-өнеркәсіптік кешеннің қатысуымен көп профильді аурухана салынды. Оның сыртында бірқатар медициналық және мәдени обьектілер құрлысы салынып іске қосылды.
Жарылыстың зардабын зерттеп, оны жоюмен айналысатын радициялық медицина және экология институты құрылып, диагностикалық және офтальмологиялық обьектілер қызметке қосылды. Жәбір көрген тұрғындар компенсациялық төлемдер алды.
Осылай ядролық полигонның жабылуы арқылы әскери-өнеркәсіптік кешеннің сол аумақта бақылаусыз шаруашылық жүргізуін тоқтатты. Осылай еліміздің алдында тұрған тағы бір экологиялық мәселе шешімін тапты. Бұл егеменді мемлекет болудың нәтижесінде ғана іске асқан үлкен істің бірі еді.
1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті
Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді.
10 желтоқсанда Республика сарайында Президенттің қызметке кірісуіне арналған ҚР Жоғары кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Қадірлі ақсақалдар Д.Снегин, Қ.Қожамияров, Э.Айрих, Ы.Қожахметовтер Елбасына шапан жауып, қарт ақын Шәкір Әбенов бата берді.
Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Қазақстан Республикасының Президенті мандатына ие болды. Бұл оқиға аталмыш тұлғаның әлеументтік ортада жоғары беделге ие екендігін аңғарты.
Сайлау нәтижесі саяси-этникалық тұрғыдан республикамызда ұлтаралық татулықтың бекем екендігін көрсетті. Бүкілхалықтық бұл сайлау тәуелсіздік жолында қабырғасы қаланып келе жатқан мемлекеттің демократиялық бағытының айқан екендігін растады.
Бұл сайлаудан шаруалар жерді, кәсіпкерлер бостандықты, еңбек ұжымдары экономикалық саясаттағы дұрыс бағытты күтті. Бұл орайда, Елбасының тұлғасы республика күштерінің бірлігін білдірді. Сонымен қатар, азаматтар дауыс беру арқылы өмірді жақсарту, экономиканың құлдырауы мен бағаның өсуін тоқтатуға бағытталған шешімдер қабылдап, кей жерлерде қатал шараларды қолдану қажеттігін, мемлекеттің өркендеуі және оның ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын мықты биліктің қажеттігін көрсетті.
Осылай 1991 жылы 1 желтоқсанда елімізде халық қолдаған Президенттік биліктің есебі басталды. Бұл республика үшін құқықтық демократиялық мемлекеттің және азаматтық қоғам мүдделерін қорғауды көздейтін жаңа мемлекеттік институт болды.
1991 жыл, 10 желтоқсан – «ҚазССР» атауы «Қазақстан Республикасы» болып өзгертілді
Елдің атауын өзгерту жай бір термин ауыстыру емес, өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезеңде республика өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдіреді. Бұл үшін бүкіл әлеументтік-экономикалық негізді түп тамырымен өзгерту керек болады.
Осы мақсатта біртұтас идея қажет еді. Ол – егеменді демократиялық Қазақстан мемлекеті. Бұрынғы тоталитарлық жүйенің құрамында болған республика өміріне сай көне атаудан бас тарту осымен түсіндірілді. Өзін өзі жойған «советтік» және «социалистік» идеологиялық терминдер жалпы демократиялық құқықтық даму жолына түскен, көппартиялық және плюрализмі бар республика титулына қала алмайтын болды.
Жаңа атау, өзінің мемлекет құру құқын жеңіп алған титулды, жергілікті қазақ ұлтының рөліне ерекше көңіл аудара отырып, ұлтаралық келісім бағытымен келе жатқан республиканың саяси-этникалық ерекшелігіне де жауап береді. Қазақстанды мекендеген жаңа бауырластық қоғамының қалыптасу бастамасы осылай қаланды. Осы сәттен бастап, «Қазақ Советтік социалистік Республикасы» атауын өзгерту туралы заңда айтылғандай, Қазақстан халқы өзін өзі билеу, адам құқы бостандығын баянды ету принциптерімен, қоғамның саяси, экономикалық және идеологиялық көпқырлылығына негізделген демократиялық, тәуелсіз, бейбіт өмірді сүйетін, құқықтық мемлекет құруға тиіс делінді.
Осылайша, Қазақстан аумағында жоғары деңгейде дамыған саяси-этникалық өркениеттің құрылуы басталды. Онда қазақ ұлты қайта туады, оған кіретін ұлттар мен ұлыстар өзін еркін сезінетін болады. Іс жүзіндегі егеменді Қазақстанды әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте белсенді әрекет ететін, халықаралық қатынастардың өзіндік субьектісіне айналдыру қажеттілігі айқындалды.
1991 жыл, 16 желтоқсан – «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды
Дәл осы күні ҚР Жоғары Кеңесі «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. Осы сәттен бастап, республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі анықтап, өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекетет құзіретін заңды тұрғыда рәсімдеді.
Бұл заңды көп ұлтты бүкіл Қазақстан халқы күткен-тін. Бұл сан жылдар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келген жүздеген ұрпақтың арман-мүддесінің орындалуы еді. Осы тәуелсіздіктің нәтижесінде біздің республика БҰҰ-ға мүшелікке өтуге, өз еркімен халықаралық аренаға шығуға, басқаның нұсқауы бойынша емес, өз еркімен өркениетті түрде болашаққа қадам жасуға құқылы болды.
Әрбір қазақстандық өз өнері мен қабілетін туған республикасына беруі керек, халықтың өмір сүру деңгейі көтеретін нарықтық экономикаға тезірек өтуге ықпалын тигізуі керек. Тәуелсіздік, егемендік статусты республика халықтарына Жаңа Конституцияны жасаумен байланысты сұрақтарға, азаматтық және миграциялық процестердің мәселелеріне жаңаша көзқарастың орнығуына мүмкіндік берді.
Қазақ халқы тәуелсіздікке дейін ұзақ та қиын жолдан өтті. 1986 жылы желтоқсан айында тоталитарлық жүйенің орталығына қарсы наразылық білдіруге шыққан жастардың арманы да осы болатын. Осылай республиканың тәуелсіз ел болуына елдегі демократиялық бағыт себеп болды. Ал декларативті интернационализммен емес, ақиқаттығымен ерешеленетін мұндай мемлекетте қазақ халқы өзінің ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап қала алады. Осы құқықты иеленуге ол лайық болатын. Болашақ достыққа апаратын жолда барлық демократиялық күштер бірігеді. Бұл Қазақстан азаматы саналатын барлық ұлттар құқығының кепілі болмақ.
1992 жыл, 2 наурыз – Қазақстан БҰҰ-на мүшелікке қабылданды Осы күні Бас Ассамблеяның 46 сессиясының пленарлық мәжілісінде ҚР БҰҰ-ға мүшелікке қабылданды. Атаулы шешім дауысқа салу арқылы емес, жалпылама қолдаудың негізінде қабылданды. Қазақстанмен бірге БҰҰ-ға Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Молдово, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан қабылданды. Шешім шыққаннан кейін БҰҰ-ның протокол бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының делегациясына Бас Ассамблеяның мәжіліс залына жол сілтеді.
Мәжілісте Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова сөз сөйледі. Ол барлық мемлекеттерге, ұлттар қауымдастығы мүшелеріне осы шешім үшін алғысын білдірді. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның жарғысы бойынша алған міндеттемесін мүлтіксіз орындайтындығын және мүмкіндігінше БҰҰ қызметіне өз үлесін қосатындығын жеткізді.
Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға кіруі арқылы осы ұйымның тұрақтандыру рөлін бекітуге бағытталған, оның бейбітшіл қызметін жетілдіруді көздейтін, ұлттар мен бейбіт қауымдастық мүшелерінің әрекеттерін үйлестірудің ерекше механизмі ретінде рөлі зор екені атап өтілді.
Қазақстан Республикасы тарихи және саяси тұрғыда географиялық жағынан ерекше орынға ие. Ол Шығыс пен Батыстың мәдениетін біріктіре отырып, Еуропа мен Азияны қосатын алтын көпір секілді.
Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі республика үшін бейбіт саяси өмірді көркейтіп, ғылым және мәдениет жетістіктерін алмасуда кең мүмкіндіктер берді.
1992 жыл, 4 маусым – ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимнінің музыкалық редакциясы бекітілді
Осы күні Қазақстанның Жоғарғы Қеңесі өз жұмысын Республиканың мемлекеттік символдарын талқылаудан бастады. Осы мәселе бойынша Жоғарғы Кеңес төрағасы баяндама жасады.
Баяндамада қаңтар айында арнайы құрылған жұмыс тобының нәтижесі айтылды. Оған халық депутаттары, өнер, мәдениет, ғылыми интеллигенция өкілдері кірді. Топтың жұмысы кезеңінде мемлекетік белгілер жасауға бәйге жарияланды. Осы бәйге барысында азаматтар мен қоғамдық ұйымдардан түскен ұсыныстар талқыланды. 453 эскиз (нұсқа), 142 хат қаралды. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлық және амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс таңдалды.
Елтаңбаны таңдауда басты белгілер мифологиялық желі мен тарихи салт-дәстүр болды. Топ 245 жұмысты және 67 жазба ұсыныстарды қарап шықты. Елтаңбаның негізгі түсі – мейрімділік, ізгілік, белгісі – алтын түсті. Ортада шаңырақ және жұлдыз, сонымен қатар мифологиялық аттар мен «Қазақстан» жазуы бейнеленген. Эпостық аттың, қанатты тұлпардың образы, Есікте табылған «Алтын адамның» бас киімінен алынған.
Мемлекеттік Әнұранның ең жақсы жобасы конкурсына бүтіндей әні мен сөзі бар шығармалар да, сонымен бірге, жеке өлең шумақтары мен музыкалық шығармалар да қарастырылды. Конкурсқа 51 музыкалық нұсқа және 132 өлең мәтіндері келіп түсті. Сонымен қатар, жұмыс тобының шешімі бойынша, басқалармен бірге 1944 жылы жазылған бұрынғы Әнұранның әуені де конкурста қарастырылды. Бірнеше тыңдап шыққаннан кейін, осы музыкалық редакцияны қалдыру жөн деп табылды. Оның авторлары – М. Төлебеав, Е. Брусиловский, Л. Хамиди болатын.
Ұсыныстар мен естертулерді ескере отырып, Жоғарғы Кеңес Мемлекетік Елтаңбаны, Туды және Мемлекетік Гимннің музыкалық редакциясын бекітті.
Содан 2006 жылдың 6 қаңтарында еліміздің қос палаталы Парламенті Мемлекетік Әнұранды өзгерту туралы ұсынысты талқылап, әйгілі сазгер Шәмші Қалдыаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әнін лайық деп тапты. Бұл ән заманмен үндес. 1954 жылдары Тың өлкесі құрылып, оған солтүстіктегі бес облыс біріктірілді. Ел арасында «бұл өлке Ресейге қарап кетуі мүмкін» деген сөз тарады. Осыған қарсылық ретінде туған ән. Сөзін дарынды ақын Ж. Нәжімединов жазған. Бірақ Елбасы оған уақыт, заман тұрғысынан өзгерістер енгізді. Осыны негіздей отырып Парламент депутаттары Нұрсұлтан Әбішұлын Әнұранның сөзін жазған автор деп таныды.
1992 жыл, 29 қыркүйек – Алматыда Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы өтті
Осы жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазан аралығында Алматыда қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы болып өтті. Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкілдүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» Қаулысы себеп болды. Осындай конгресті өткізу туралы идея Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Түркияға сапары кезінде туған еді.
Атаулы қаулыдан кейін ұйымдастыру комитеті мен штаб құрылды. Әлеуметтік орта, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар атсалысты. Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар үшін кеңейтілген мәдени бағдарлама даярланды. Құрылтайға Түркия, Иран, Монголия, АҚШ, Қытай, Австралия, Германия, Англиядан т.б. 30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегат келді.
Құрылтай шеңберінде Қазақстан және шетел ғалымдары Ә. Қайдаров, М. Қозыбаев, С.Сартаев, З.Исмайлдың қатысуымен ғылыми практикалық конференция өтті. Қазақ ұлттының азаматтары Қазақстанға қайта оралған жағдайда, оның әлеуметтік қорғалуы жөнінде бірқатар құжаттар қабылданды.
Қонақтар Түрікстандағы Қожа Ахмет Яасауидың мавзолейіне, Жезқазған облысына Ұлытауға барып қайтты. Құрылтай қонақтары үшін Республика сарайында концерт қойылды. Құрылтайдың өткізілу барысы мерзімді баспасөзде, радио және теледидар бойынша кең хабарланып отырды. Құрылтайдың негізгі жаңалығы – 30 қыркүйекте Республика сарайында өткен салтанатты мәжіліс болды.
Онда Қазақстан Республикасының Президентті Н.Назарбаев сөз сөйледі. Президент өз сөзінде: «Қазіргі уақытта әлемнің 40-тан астам елдерінде 4,5 миллиондай қазақтар тұрады, сондықтан Республиканың құрметті міндеті – қай жерде тұратына қарамастан, әрбір қазақ өз ұлтының тең құқылы өкілі ретінде сезінетіндей жағдай жасау» деп атап көрсетті.
Құрылтай 1992 жыл 30 қазанында сенбі күні жабылды. Осындай конгресті өткізу Қазақ халқының өзіндік бірлігін нығайтып, мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті.
1993 жыл, 28 қаңтар – ҚР-ның алғашқы Конститутциясы қабылданды
Халық депутаттары Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы жобасын тұтастай қабылдауға дауыс берді. Сол күні кешке Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған Жоғарғы Кеңестің салтанатты мәжілісінде сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев қазақстандықтарды ҚР Конституциясының қабылданумен құттықтады. Конституцияның қабылдануы мемлекет болып қалыптасуға, ұлтық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілдігін бекітуге негіз қаланды.
Конституцияда мемлекеттік билікті заң шығарушы, сот, атқарушы биліктеріне бөлу принципі бекітілген. Конституцияның басқа заңдарға тікелей әсер етуі және олардан жоғарғы тұру принципін іске асыру көзделген.
Салтанатты мәжіліске Министрлер Кабинетінің мүшелері, облыстық халық депутаттары кеңестерінің төрағалары, облыстық әкімшіліктердің басшылары, конституциялық комиссия мүшелері, республиканың мемлекеттік символдарының авторлары, соттардың, жергілікті халық депудаттары кеңестерінің, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Алматыдағы шетел дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты.
Алғашқы демократиялық Конституция қабылдануы – Қазақстан өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің Республикада жаңа үлгідегі қоғам орнатуға шынайы перспективалар ашты, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша өмір сүру мумкіндігіне сенімінің нығаюына ықпал етті. Бұл күн республика тарихына кірді
1994 жыл, 6 шілде – ҚР Жоғары Кеңесінің жалпы отырысына Елбасы Н.Назарбаев астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс енгізді
«Қазақстан Республикасынын Астанасын көшіру туралы» Қазақстан Республикасы ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңес қаулысы 1994 жылғы 6 шілдеде қабылданды. Бұл шешімді іс жүзіне асыруға қатысты осы жылдың 15 шілдесінде «Қазақстан Республикасы астанасын көшіру жөніндегі дайындық шаралары жөнінде» Президент Жарлығы қабылданды. Аталған нормативті актілерге қосымша 1995 жылдың 15 қыркүйегінде мемлекет басшысының Заң күші бар «Қазақстан Республикасынын астанасы жөніндегі» Жарлығы жарық көрді. Ал 1995 жылдың 29 желтоқсанында Үкіметтің арнайы қаулысымен «Ақмола қаласына бірінші кезекте көшірілетін жоғарғы және орталық органдардың тізімі» бекітілді
Қоныс аудару жөніндегі мәселелерді реттеу ісі Президенттің шешімімен 1995 жылдың 20 қарашасында бекітіліп, 1996 жылдың 30 қаңтарында нақтылынды. Жоғарғы және орталық мемлекеттік органдарды көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмыс істей бастады.
1997 жылдың 6 маусымында Ақмола қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясынын ІV сессиясы өтіп, 1997 жылдың 20 қаңтарында мемлекет басшысының «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасынын астанасы етіп жариялау туралы», «Алматы қаласының мәртебесі мен оны әрі қарай дамытуға байланысты шаралар туралы» Жарлықтары қабылданды.
Алғашқы Жарлық пен Мемлекет басшысының аталмыш шешімін қолдау жөніндегі Парламент қаулысына сәйкес, 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы деп танылды.
1997 жылдың 20 қазан айында – Көлік және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Ақпарат және қоғамдық келісім министрліктері, Қазақстан телерадио корпорациясы, Қоныс аудару жөніндегі комиссия аппараты, Қорғаныс министрлігінің оперативтік тобы, Республикалық Ұлан мен Президентті қорғау қызметінің жекеленген құрлымдары, Сыртқы істер, Ішкі істер және Әділет министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті аппаратының жекеленген бөлімшелері жаңа астанаға көшіп келді.
1997 жылдың 8 қарашасында Ақмола қаласына салтанатты түрде Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік рәміздері жеткізілді. Ал, 3 желтоқсанда жаңа астанада Премьер Министрінің канцеляриясы жұмысқа кірісіп, бір жұмадан кейін Парламент депутаттары көшіп келді.
1998 жыл, 10 маусымда – Астананың халықаралық тұсаукесері болып өтті
Елорданың тұсаукесер рәсіміне қысқа мерзімді бағдарлама әзірленіп, мұны іске асыруға 217 қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысты. Осы үлкен шараға бірінші болып Түрік Республикасының президенті Сүлеймен Демирель келді.
Ресми шараға бір күн қалғанда Әзербайжан, Қырғыз, Өзбекстан, Украина елдерінің президенттері келіп жетті. Өткізілген барлық мәдени шаралар «Бүгіннен бастап, ғасырлар бойы, ел жүрегі – Астана» деген әуезді ұранның астында өтті.
Осындай театрландырылған мәдени һәм спорттық іс-шаралар жаңа астаналықтардың көңілінен шықты. Мереке қарсаңында Конгрес-холл сарайы пайдаға беріліп, қазақстандық мәдениет және өнер қайраткерлерінің үлкен концерті болып өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған мәртебелі меймандар келіп қатысты.
Кешкісін мереке бағдарламасы орталық алаңда жалғасын тапты. Осы жиынға келген халықты күшті динамик арқылы тікелей ғарыштан естілген адам дауысы үлкен әсерге бөледі. Бұл дауыс ғарыштағы «Мир» орбиталық стансасында жұмыс істеп жүрген қазақ азаматы Талғат Мұсабаевтың үні болатын.
Ғарышкер бауырымыз орталық алаңда тұрған Елбасымен тікелей тілдесіп, жаңадан тұсауы кесіліп жатқан Астана қаласына ақжол тіледі. Ғарыш стансасының ішінде көкте желбіреп тұрған көк байрағымызды күллі жұрт көрді.
2001 жыл, 16 желтоқсан – ҚР-сы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тойланды
Тәуелсіздіктің 10 жылы қазақстандықтар үшін тұтас дәуір болды. Халқымыз сан ғасырлық арманын жүзеге асырды, өз мемлекеттігін құрды. Бүгінде Қазақстанды дүние қауымдастығы таныды. Ол БҰҰ-ның толық құқылы мүшесі болды, әлемнің көптеген мемлекетерімен елшілік қарым – қатыныс жолға қойылды. Қазақстан халқы өркениетті демократия жолын тандады. Сенат пен Мәжілістен тұратын қос палаталы Парламент жұмыс істей бастады. Қазақстан Парламентінің негізгі қызметті – заң шығару, оның заңнамалық қаракетін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган ретіндегі мәртебесі айқындалды.
1995 жылы 25 қыркүйекте бүкіл қоғамдық өмірді тәртіптейтін жаңа Конституция қабылданды. Нарықтық экономиканы нығайтып, орнықтыруға арналған негіз қаланды. Экономикалық тұрақты өсу бағытты байқалды, ішкі жалпы өнім өндірісі қарқындап өсті. Халыққа дәрігерлік және әлеуметтік қызметтерді жақсарту жөнінде шаралар қарастырылды.
Тәуелсіз Қазақстан егемен мемлекеттің барлық атрибутына ие: Елтаңбасы, Байрағы, Әнұраны, Атазаңы, әскері, астанасы бар елге айналып үлгерді.
Он жыл ішінде Қазақстан Республикасы аталатын ортақ үйді мекендейтін алуан түрлі ұлт өкілдері өзара түсінік тапты, тату-тәтті достық нәтижесінде саяси тұрақтылыққа, бейбітшілік пен берекелі ынтымаққа қол жеткізді.
Қазақстан халықаралық аренада өркен жайып келе жатқан демократиясы, нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде орнықты.

