Александр Лурия деген ғалым болған. Сол кісі 1930жж Өзбекстан халқын сәл-пәл зерттеп, білім алмаған кісілердің ойлау жүйесі дәстүрлі іске жақын әрі практичный болады, абстрактно ойлап, иллюзия құрмайды деген тұжырымға келеді. Осы ойы үшін кезінде қуғындалған. Мысалы, ақ қар басқан Солтүстікте ақ аюлар өмір сүреді. Олардың түсі қандай деген сұраққа көп шаруа «ол жақта болмадым, білмеймін» деп жауап берген. Ал енді білім алған адам кең ойлап, қиял-ғажайыпқа берілу мүмкіндігіне ие болады. Бір мәселеге басқаша қарайды. Әсіресе, музыкамен айналысып, көркем әдебиетті көп оқығандарда мидың осы қабілетке жауапты бөлігі дамиды. Себебі интеллект — догмаларға сенбейді, балама жауап іздейді. Соның арқасында адамзат өркениеті, ғылымы…
Автор: admin
Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің…
Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып,…

