Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, украин халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі-деп хабарлайды nomadtimes.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтағаны үшін алғыс айтты.
«Құрметті президент Тоқаев, ыстық ықыласты құттықтауыңыз үшін алғыс айтамын. Украина Қазақстанмен өзара құрметке, түсіністікке және халықтарымыз арасындағы көпжылдық байланыстарға негізделген достық қарым-қатынастарды жоғары бағалайды. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Сізге барлық бастамаңызға сәттілік, ал достас Қазақстанның халқына бейбітшілік, амандық және өркендеу тілеймін», — деп жазды Зеленский сейсенбі күні X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.


