2015 жылғы 1 сәуірден бастап «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы мен 2015 жылғы 20 ақпандағы №1011 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша іс-шаралар басталды-деп хабарлайды ҚМ баспа сөз қызметі. 2015 жылдың көктемінде әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және…
Автор: admin
Ресей Федерациясында жалда тұрған 25 мың шаршы метр жерді қайтарып алуға байланысты алдын-ала келісім жасалды. Мәселе оңынан шешілсе, бұл жердің 3579 гектары Төретам кентіне беріліп, көптеген өндірістік инфрақұрылымдық мақсатта пайдаланылмақ. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың Байқоңыр қаласына жұмыс сапары барысында Федералдық ғарыш агенттінің төрағасы И.А.Комаровпен кездесуінде мәлім болды. Оның 184 гектары жаңадан кент орталығын салуға, 90 га кәсіпкерлікті дамытуға, 145 га жер кенттің аумағын кеңейтуге бағытталмақ. Ал, 122 га Ақайдың аумағын кеңейтуге пайдаланылады. Сондай-ақ, 21344 га Халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің бойында көліктік-логистикалық инфрақұрылым салуға және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін өткізу мақсатына қолданылады. Сондай-ақ, басқосуда…
Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі — Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі «Наурыз» мейрамын атап өтті. Мерекеге орай, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылған қонақасы өтті-деп хабарлайды СІМ баспа сөз қызметі. Мерекелік іс-шараға Аустрия сыртқы саяси мекемесінің және дипломатиялық корпусының өкілдері, Вена қаласында тіркелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, Аустрияда оқып жатқан қазақстандық студенттер, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. Қазақстанның Аустриядағы Елшісі – Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай қонақтар алдында сөз сөйлеп, жоғарғы деңгейдегі достастық қатынастың арқасында мүмкін болған қазақстан-аустрия байланыстарының серпінді дамуын, Қазақстан мен Аустрия астаналарында орналасқан халықаралық ұйымдардың өзара ықпалдастығының жоғарғы деңгейін атап өтті. Қазақстан Орталық…

