Футболдан Қазақстан құрамасы Евро-2016 жылғы чемпионаты іріктеуіндегі кезекті матчын Астанада өткізді. Матчтың бірінші таймында Қазақстан қарсыластар қақпасына төрт соққы, Исландия сегіз соққы жасап үлгерген. Өкінішке орай, біздің жігіттердің соққысы нәтиже берген жоқ. Ал қарсыластарымыз екі мәрте Сидельников қорғаған қақпадан саңылау тапты. 20-минутта 36 жастағы «Барселона» мен «Челсиде» ойнаған Эйдур Гудионсен қорғаушылардың қателігін пайдаланып, Сидельниковке жақындай келе оң қапталға шірене тепкен. Біздің қақпашы Гудионсен тепкен доптың бағытын анықтаған, бірақ үлгермеді. 32-минутта Биркир Бьярнасон командаласы тастаған айып добын сәтті пайдаланып, есепті еселеп кетті. 55-минутта Красножан Азат Нұрғалиевтің орнына Ұлан Қонысбаевты шығарып, тактикалық өзгеріс енгізуді ойлаған. Қазақстан есепті қысқартуға барын салған. 62-минутта Бауыржан Исламхан шығарған…
Автор: admin
2015 жылдың 24 наурызында Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ғылымның ғажайып әлемі» тақырыбында V «Наурыз кездесулері» іс-шарасының ресми ашылуы өтті. Жыл сайынғы Наурыз кездесуіне қатысушыларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады. Дәстүрлі ғылыми кездесуге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 160-тан астам оқушысы, сондай-ақ жалпы білім беру мектептеріндегі балалар қатысуда. Үстіміздегі жылы Наурыз кездесулері бесінші рет өткізіліп жатыр, бұл бүгінгі таңда балалардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтарының артуының айғағы. V Наурыз кездесуі төрт секцияға бөлініп жұмыс жасайды. Наурыз кездесулері шеңберінде өтетін барлық іс-шаралар, баяндамалар, секциялар мен көрмелер мектеп оқушылары алдында ғылымның жан-жақты әлемін толықтай ашуға бағытталған. Қазақстан, Ресей,…
Шымкент қаласында жыл басы, «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі ҚМДБ-ның ОҚО өкілдігінің орталық мешітінде аталып өтілді. Осынау айтулы іс-шараның өткізілуіне ҚМДБ-ның ОҚО өкілдігі мұрындық болды. Салтанатты іс-шараны ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары М. Естеміров ашып, жүргізіп отырды. Сан ғасырлардан бері халқымыздың ұлттық құндылығымыз Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған іс-шарада алғашқылардың бірі болып ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Б. Құрманғали және ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А. Керімбек сөз сөйлеп, келген қонақтарды «Наурыз мерекесімен» құттықтады. ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Б. Құрманғали: «Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе…

