Автор: admin

     Режиссер Ақан Сатаев соңғы он жылдағы қазақстандық фильмдердiң арасында үздiк атанған «Рэкетир» фильмiнiң екiншi бөлiгiн түсiрiп бiттi. Оның елдегi кинотеатрлардағы алғашқы көрсетiлiмi 28 мамырда басталады. Бұл туралы фильмге түскен актрисалардың бiрi Аружан Жазылбекова өзiнiң Instagram-дағы парақшасында хабарлады. «Танымал драманың жалғасы 28 мамырдан бастап барлық кинотеатрларда көрсетіледі», — деп жазады актриса. Киноның түсiрiлiмі Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өттi. Басты кейiпкерлердiң рөлдерiн Саят Исембаев, Әсел Сағатова, Жан Байжанбаев, Фархад Әбдірайымов, Дастен Шәкіров, Аян Өтепберген, Аружан Жазылбекова мен Максим Акбаров сомдады. Еске сала кетейiк, «Рэкетирдiң» алғашқы фильмi 2007 жылы жарыққа шықты. Фильм тоқсаныншы жылдары бандыларға қосылып кеткен жас боксшы Саян…

Read More

Мемлекеттік тіл бойынша ұлттық комиссияның мүшелері ел үшін орыс тілінің қажеті шамалы деп санайды. Сондай-ақ, Ата Заңдарында жазылған орыс тілінің ресми деген мәртебесін алып тастауды ұсынуда. Соңғы жылдары ел ішінде мемлекеттік тіл мәселесі қызу талқыланып, «Бір ел – бір тіл» деген ұран пайда болды. Білім және ғылым саласында жүрген мамандар мен БАҚ өкілдері осы мәселені жиі көтеріп, ел арасында елең еткізерліктей пікірталас тудырды. Соңында түйткілді мәселенің нүктесін ел президенті Алмазбек Атамбаев қойып: «Қырғызстанда тұрып қырғыз тілін білмеу – арсыздық және надандық», – деді. сыдан кейін елде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыруға негізделген Ұлттық бағдарлама дайындалып, 2020 жылға дейін…

Read More

Нұрлан бауырымыздың өз ажалынан өлгеніне күмәнмен қарайтынымды жасырмаймын. Ол соңғы кездерде Қазақстандағы атом электр стансасын салу жөнінде Жапонияның Toshiba компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқан болатын. В. Школьник «Қазатомпром» АҚ басқарып тұрғанда Ресей мүддесін ашық қолдап, тіпті екі ел арасындағы келісімге қол қоюға да зор ықпал еткен еді. Ал Ұлттық компания басшылығына Н. Қаппаровтың келуімен М. Жәкішев бастап кеткен Жапониямен келіссөздер жүргізу жалғасын тапқан еді. Бұл жағдайдың министр В. Школьникке ұнамауы бек мүмкін… Атом стансасын жапондардың салуын қалаған Мұхтар Жәкішевтің түрмеде екенін де еске сала кеткен жөн. Осыған қарап «Қазатомпром» АҚ келесі басшысы В. Школьник пен оның құдасы қалаған біреудің басшылыққа келуі…

Read More