Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Спорт»Қазақ жігітінің әлемдік велосаяхаты соңына таяды
Спорт

Қазақ жігітінің әлемдік велосаяхаты соңына таяды

29/03/20151

Жер жүзін велосипедпен шарлап жүрген қазақстандық Мағжан Сағымбаев Наурыз мейрамын Қытайда қарсы алды. Ол үш құрлыққа саяхаты туралы Азаттыққа айтып берді.

Cаяхатшы Мағжан Сағымбаев велосипедінің жанында отыр.

Cаяхатшы Мағжан Сағымбаев велосипедінің жанында отыр.

Мағжан Сағымбаевтың әлемдік велосаяхаты

Руслан МЕДЕЛБЕК

 

27 жастағы Мағжан Сағымбаев велосипедпен 2014 жылы 1 мамырда 28 мың километрлік жолға шығып, Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка және Австралияға Bike The Earth деп аталатын саяхатын бастаған.

«ЖИЫРМА ЕЛДІ АРАЛАП ШЫҚТЫМ»

Мағжан Сағымбаев велосипедімен Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан арқылы Иранға өтіп, кейін Еуропаға жеткен. Еуропадан Америкаға ұшақпен жеткен Мағжан Сағымбаев қос Американы велосипедпен аралап шыққан.Саяхатшы сапар алдында тек Солтүстік Американы аралауды жоспарлаған екен. Кейін жоспары өзгеріп, Оңтүстік Америкаға да саяхаттады.

Одан кейін Австралияны аралап шыққан Мағжан Сағымбаев бұл күндері Қытайда жүр.

Мағжан Сағымбаев Азаттыққа берген сұхбатында саяхатының негізгі бөлігі аяқталғанын, бірнеше айдан кейін елге оралатын айтты.

Мағжан Сағымбаевтың Эквадорда саяхаттап жүрген кезі.
Мағжан Сағымбаевтың Эквадорда саяхаттап жүрген кезі.

– 20 елді аралап шықтым. 164 ірі қалада, 200-ден астам шағын ауылдарда болдым, — дейді саяхатшы.

Сағымбаев Қытайды екі айдай аралап, Қазақстан шекарасына өтпек. Қытайға дейін Лаос, Камбоджа, Таиланд елдерін аралап шыққан. Саяхатшы Камбоджада жергілікті балаларға ағылшын тілін оқытып, Лаостағы бірнеше тайпаларда қонақта болған. Эквадордағы Сumbre Rucu Pichincha шыңына шығып, Колумбияның Богота, Кали қалаларында Латын Америкасының мәдениетімен де танысқан.

— Еуропалықтар велосипедпен жиі саяхат жасайды. Таиландта англиялық, Австралияда швейцариялық велосипедшілерді кездестірдім. Арасында 65 жастағы ер адам да бар, — дейді ол.

БІР МИЛЛИОН 730 МЫҢ ТЕҢГЕЛІК САЯХАТ

Мағжан Сағымбаев сапарының түрлі хикаяға толы болғанын айтады. Ол саяхаты кезінде бірнеше рет велосипед сатып алған. Бір жолы Барселонада оның велосипедін ұрлап кеткен. Иранда саяхатшыны автобус қағып кетіп, жарақат алған.

– Биылғы ақпанда Австралияда 38-39 градус ыстық болып, суға түскенмін. Құлағыма инфекция түсіп, ауырып қалдым. Дәрігерге 70 доллар беріп тексерілдім, — дейді Мағжан Сағымбаев.

Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев Қытайда Қазақстан туын ұстап тұр.
Велосаяхатшы Мағжан Сағымбаев Қытайда Қазақстан туын ұстап тұр.

Саяхатшы жолда шатырда түнеп, тамақты арнайы газды ыдыста пісіріп жүре берген. Ол өзімен 30 килограмм жүк алып жүргенін айтты.

Мағжан Сағымбаев елге оралған соң біраз демалатынын, кейінірек келесі саяхаты туралы ойластыра бастайтынын айтады.

Мағжан Сағымбаевтың бұл сапарына қажет 1 миллион 730 мың теңгені (шамамен 9,5 мың доллар) демеушілер жинап берген.

Мағжан Сағымбаевтың әлемдік велосаяхаты туралы фотогалерея

Мағжан Сағымбаев әлемді велосипедпен аралаған саяхатында Қазақстан туын бірге алып жүрді.

Әуесқой саяхатшы осыған дейін Қазақстан тауларын да жалғыз аралап шыққан. Жолшыбай кездескен көлікке мініп бірнеше шет елге саяхат та жасап көрген. 2013 жылы автостоппен 20 мың километр жол жүріп, Ресей, Солтүстік Осетия, Грузия, Армения, Украина, Молдова мен Түркияны аралап шыққан соң велосипедпен саяхат жасау идеясы туған.

Қазақстанда әлемді жылдар бойы велосипедпен аралауға құмар басқа да азаматтар бар. Азаттық солардың бірі – әлемнің жиырма шақты елін велосипедпен аралап шыққан Түгелбек Қасымұлы туралы да жазған еді. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жамбыл ауылындағы мұғалім бұл сапарына 12 жылын арнаған.

azattyq.org

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақ тарихындағы 6 қателік
Next Article Миллиардты мойындатқан қазақ

Оқи отырыңыз...

Қырғыз блогеріне жауап

06/09/20260

ҚФФ «БАТЫР ЖОЛЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ КІРІСТІ

17/08/20262

Қазақстандық балуандар Дортмундта топ жарды

17/08/20261
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.