Сезінем деп, Сезілсін деп Наурыз, Естігенін жасап жатыр кәрі қыз! Көргеніміз көп емес пе, Көпіртіп, Жол көрсеттік бәріміз! Жеті дәмді санап жатыр базарлап, Жетпей қалса болмайтындай соған нақ. Телеарналар жасап қойған өлшемін Естігенін, білгендерін бағамдап. Көрсетем деп ата-баба дәстүрін, Оқалы тон, қошқар мүйіз тақтырдың. Екі күнде қайта салды сандыққа, Есік жаққа іліп қойған басқұрын! Көрсетем деп мерекенің бейнесін, Телеарналар көрсетуде термесін. Ұлттық ою – европаланып кетіпті Әшекейлеп жүргізуші кеудесін! Көңіл толар мерекенің түрі ме? Кіре алмадық көршінің де үйіне! Сырты қазақ, іші басқа – туыс көп, Айтшы мұның сыры не? Әз Наурыз келген кезде ашылып,…
Автор: admin
Ulugbek Yesdauletтің facebook парақшасынан алынды Жақында Қарағанды қаласында ММА жарысы өткен кезде оны ұйымдастырушылар спорт залға біздің көк туымызды қара креспен айқыштап ілгенін Sports.kz сайтынан көріп, шамырқанып отырмын. Бұл шектен шыққан заң бұзушылыққа ресми орындар әлі назар аудармаған көрінеді. Аталған сайттың жазуынша турнирді ұйымдастырғандар Ресейліктер екен. Қазақстанға жасаған өздерінше «Крест жорығы»-мыс. «Ресей» десе біздің дүмбілездердің дымы құрып қалатын болған жоқ па? Мұндай салғырттықтың бір жауабы осында жатқан сияқты. Өткен жолы Геннадий Головкиннің жеңісіне қуанған азамат өз үйіне ұлттық туымызды ілгені үшін «ит көрген ешкі көзденіп» шыға келгендер, сотқа тартып, айып тартқызып, жазалаған «қырағы көздер» мына масқараны неге көрмейді?
Жеделхатта Қазақстан Президенті Сингапур мемлекетінің негізін қалаған жаһандық ауқымдағы көрнекті саяси қайраткер Ли Куан Юдың қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. «Біз жиі кездесіп тұрдық. Мен оны жақын дос санадым, одан көп тәжірибе алдым. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Сингапур халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Сингапурдың әлемдік беделін нығайтып, оның Азиядағы жетекші ел ретінде қалыптасуы үшін Ли Куан Юдың орасан күш-жігер жұмсағанын және сол арқылы артына өшпес мұра қалдырғанын атап өткен. «Қазақстан халқы Ли Куан Юдың біздің елдеріміздің арасындағы берік…

