Close Menu
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Facebook X (Twitter) Instagram
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Қазақ тілі
    • Қазақ тілі
    • Русский
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Тарих
    • Қазақ шежіресі
    • Қазақ хандары
    • Қазақ рулары
    • Тұлғалар
  • Тағылым
  • Руханият
    • Әдебиет әлемі
  • Ғылым-білім
  • Спорт
  • Сұхбаттар
  • Media
    • Бейнежазбалар
    • Фоторепортаж
  • Кітапхана
Nomadtimes.kz ақпараттық агенттігіNomadtimes.kz ақпараттық агенттігі
Басты бет»Тарих»Еуропа Қазақстандағы ашаршылық туралы енді біліп жатыр
Тарих

Еуропа Қазақстандағы ашаршылық туралы енді біліп жатыр

25/03/20151

Сталин кезеңіндегі ашаршылық бір жарым миллион қазақтың өмірін жалмады. 1930 және 1933 жылдары Қазақстан халқының төрттен бірі көз жұмды. Бұл туралы Die Welt неміс басылымында жуырда жарық көрген мақалада жазылады.

Неміс тарихшысы және Шығыс Еуропа бойынша сарапшы-маман Роберт Киндлер таяуда жарық көрген зерттеуінде Қазақстандағы ашаршылық туралы кеңінен жазған. «Сталиннің көшпенділері» атты диссертациясында ол «социализм және коммунизмнің күштеу идеологиясына тән, ұмыт боп бара жатқан қылмысты әшкерелеп, суреттейді» делінеді Die Welt басылымында.

«Украинадағыдай, Қазақстанда да кеңестік ұжымдастырудың мақсаты байырғы жүйені түбегейлі жойып, оны басып-жаншуда коммунистік билікті орнату болды. Сүйенген қағидасы да қарапайым. Бай-кулактармен күресуді себеп етіп, Кеңес одағының шеткері территорияларындағы ауыл халқына үлкен көлемде алым-салық салынды. Талап етілген көлемдегі бидайды әкеліп өткізбегендер қамауға алынып, ұрып-соққыға жығылды немесе бірден ату жазасына кесілді. Шаруалардың көбісі келесі жылға егуге сақтап отырған дәнді-дақылдарын да мемлекетке өткізуге мәжбүр болған» деп жазылады тарихшының диссертациясында.

«Қазақстанның тұрғылықты халқы, негізінен, мал баққандықтан көшпелі салт құрып, байтақ даланың арғы жағынан бергі жағына жыл мезгіліне қарай көшіп-қонып жүрген. 1929 жылы, яғни Сталиннің қуғын-сүргін саясатына дейін статистика бойынша Қазақстан аумағында 36 миллион бас мал болған, оның 24 миллионы қой мен ешкі, 6,8 миллионы сиыр болған. Орташа есеппен әрбір отбасына 41 бас мал тиесілі еді. Мемлекетке бидай өткізу туралы талап барлық қазақ халқы үшін (көшпелісі болсын, отырықшысы болсын) үлкен апат алып келді.

Малшылар бидай сатып алу үшін малын сатуға мәжбүр болды. Сондықтан базарда бидайдың бағасы шарықтап, ал малдың бағасы құнсызданып кетті. Талап етілген көлемдегі бидайды өткізбеген малшылар бірден қамауға алынды, ал малдары кәмпескеленді. Осылайша қысқа мерзім ішінде Қазақстанның барлық өңірі бойынша бағуға, қарауға келмейтін мал қарасы көбейіп шыға келді» деп жазады Die Welt.

Неміс тарихшысы келтірген мәлімет бойынша, Қазақстандағы қолдан ұжымдастырудың төрт жылында ел аумағындағы бар ірі-қараның 90 пайызының көзі жойылды немесе сыртқа жіберілді: 1,6 млн ірі-қара мен 2,15 млн қой мен ешкі қалды. Енді орташа есеппен әрбір отбасында 2,2 бас мал болды. Ал бұл көлем әрі қарай тіршілік ету үшін жеткіліксіз еді.

«Салдарынан бір жарым миллион адам ашаршылықтан қырылды: әрбір төртінші малшы және республиканың әрбір төртінші азаматы осылайша құрбандыққа ұшырады. Басқаша айтқанда, Сталиннің ессіздігі жергілікті халықтың басым бөлігінің өмірін жалмады. Бұл арадағы сандар 1975 және 1979 жылдарғы Камбоджадағы Пол Поттың басшылығындағы «қызыл кхмерлер» террорының нәтижесіне сайма сай келеді» деп топшылайды Роберт Киндлер.

Роберт Киндлердің бұл диссертациясы Иоганн Густав Дройзен атындағы сыйлыққа ұсынылып жатыр. Жас тарихшы өз зерттеуінде, негізінен, қазақстандық және ресейлік мұрағаттардың құжаттарын пайдаланған.

Dimash Turlibekov facebook парақшасынан алынды

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleБАЛУАН ЖӘКӨ
Next Article Ресейдің жалаушалары Қазақстан жерінде қайдан жүр?

Оқи отырыңыз...

Нұралы батыр 1730 –1794

19/11/20263

Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды?  

06/10/20261

ЖАЗУШЫЛЫҚ ҰЛЫЛЫҒЫНА ҚАРАМАСТАН, ТІРЛІКТЕ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ

03/10/20262
Фоторепортаж

Бейнежазба









Серіктестер
Бізбен байланыс
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіруге болмайды.. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
Demo
Top Posts

Есте қалар ел тарихы

20/07/201473

Шежіре — Оймауыт пен Бөгежіл руы

13/11/201463

Самырат шежіресі

30/09/201346
Stay In Touch
  • Facebook
  • YouTube
  • TikTok
  • WhatsApp
  • Twitter
  • Instagram
Latest Reviews

Subscribe to Updates

Get the latest tech news from FooBar about tech, design and biz.

Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp Telegram
©2025 - 2026 / Nomadtimes.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Демеушілер

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.