Автор: admin

Енді бір бес жыл өткен соң… – Президенттік сайлауға тізімделген үміткерлердің ішінде (Назарбаевтан басқа) елге сыйлы, беделді азамат бар ма? Кімнің кандидатурасы осы сайлауға ұялмай ұсынуға лайық деп танисыз? – Менің бір байқағаным, билік қоғам ішінде айтылып жатқан ұсыныстарға, сыни пікірлерге қанша дегенмен көңіл аударып жатқан сияқты. Үміткерлерді ұсыну, дауыс жинау науқандарынан кейін тізімге ілігетіндердің барлығы бірдей осы сайлауда ағымдағы Мемлекет басшысынан озып, жеңіске жетуі ықтимал дегенге мен, әрине, сенбеймін. Бірақ, өткен жылдардағы сайлау науқандарына қарағанда өзгеріс бар. Және де осы жылдың бір ерекшелігі – сайлауға қазақ тұғырында тұрған, қазақ мемлекетшілдерінің белсенділік танытуы. Мысалы, сайлауға Жарылқап Қалыбай мырзаның түсуі оң…

Read More

Қазақстан Президенті үш ел экономикасының биылғы дамуы бұдан арғы  ықпалдастықтың мәселелерін егжей-тегжейлі қарастыруды және туындайтын мәселелерді шешуді қажет ететінін атап өтті-деп хабарлайды президент баспа сөз қызметі. – Экономикаларымыздағы дағдарыс құбылыстарын еңсеру жөніндегі іс-қимылдардың бірлескен жоспарын әзірлеу маңызды. Бүгінгі кездесу нақ осы тақырыпқа арналды. Біз сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға уағдаластық. Үкіметтерімізге өзара сауда өсімін қайта жаңғырту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырдық, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты реттеу мәселесі де талқыланғанын айтты. – Бұл мәселе жөнінде мемлекеттеріміздің әрқайсысының ұстанымы белгілі. Біз мәселеге нақты қараймыз. Украинада қалыптасқан ахуалдан дипломатиялық жолмен шығу қажет,  бұл мәселе әскери жолмен шешімін таппайды. Осы…

Read More

ҚҰРМЕТТІ ҰЛТ ЖАНАШЫРЛАРЫ Мен – «Жұлдыздар отбасы» мен «АҢЫЗ АДАМ» журналдарының бас редакторы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде тіркелдім. Ел ішінде ұлтыма, мемлекетіме қалай қызмет етсем деп жүрген ұлтжанды, мемлекетшіл, ойлы азаматтар өте көп. Менің бұл сайлау додасына қатысудағы басты мақсатым – осы мүмкіндікті пайдаланып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілегін, сол ойлы азаматтардың бүгінгі қоғамдағы қордаланып қалған проблемаларға көзқарасы мен оны шешу жолдарын, болашақта Қазақстан қандай ел болуы керек екенін, келе жатқан дағдарысқа қалай қарсы тұрамыз, одан шығу жолдары қандай деген ұсыныс-пікірлерін билікке жеткізу. Сонымен қатар ұлт патриоттары мен ұлтшыл азаматтардың ұлт мүддесі үшін алдына қойған бағыт-бағдарламасын халыққа жеткізу. Бұл мақсатымды…

Read More