Қазақстандық 14-15 жастағы 26 жасөспірім Бразилиядағы «Крузейро» футбол академиясына білім алуға бара жатыр. Іріктеу қалай өтті? Әр балаға қанша қаржы жұмсалады? Бұған дейін ол жақта 50 бала оқып келген. Бразилиядағы футбол академиясына баратын 26 қазақстандық жасөспірімді шығарып салу салтанаты. Алматы. 19 наурыз 2015 жыл. Руслан МЕДЕЛБЕК Тараздық 14 жастағы Мирас Әбдібеков футболдың қыр-сырын үйрену үшін Белу-Оризонти қаласына үш жылға кетіп бара жатыр. Оның өміріндегі алғашқы шетелдік сапарына шығарып салуға ата-анасы, туысқандары арнайы Алматыға келіпті. Мирас Бразилияға жолдама алу үшін екі айлық іріктеуден өткенін айтады. Бразилияға оқуға баратын тараздық Мирас Әбдібеков. Алматы. 19 наурыз 2015 жыл «Іріктеу ақпанда басталды. Алғашқы кезең…
Автор: admin
Қазақ «текті жерден шыққан» деп кімдерге қаратып айтқан? Тек ақсүйектер тұқымына ма? Олай дейін десең, қазақ қарадан оза шапқандарды да «текті» санаған. Би-шешендер, батырлар, ақын-жыраулар, әнші-күйші, сал-серілер, ауқатты адамдар дәріптелген. Яғни, қашанда қасиет-қабілетті қадір тұтқан. Қасиеті күшті, қабілеті мол жандардан тараған тұқымды «текті» деп түсінген. «Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар» демекші, әр аймақ, өңірде атағы шыққан әулеттер болған ғой… Айтып-айтпай не керек, орыс отаршылдығы хан тұқымдарын айтпағанның өзінде, сол мыңдаған текті тұқымдарды тұздай құртты. Қазіргі тілмен айтқанда, бұрынғы қазақ элитасы күйреді, дағдарысқа ұшырады. Әрине, бұл із-түзсіз жоғалды деген сөз емес. Бүгінгі таңда сол мыңдаған әулеттердің жұқа жұрнағы ғана қалып…
Қазақстан азаматы Малайзия премьер-министрінің қызына үйленеді Бүгін, 19 наурыз күні Қазақстан азаматы Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрі Наджиб Разактың қызы Нуриана Наджве шаңырақ көтереді. Бұл туралы The Straits Times-қа сілтеме жасай отырып NUR.KZхабарлайды. Bernama news agency мәліметіне сәйкес, той Путраджая қаласындағы премьер-министрдің ресми резиденциясында өтеді. Наджиб қызы мен қазақстандық 27 жастағы азамат Данияр Кесікбаевтің арасындағы тойды жеке өзі өткізетін болады. Той екі жерде: Куала-Лумпур мен Нуриананың туған жері Пеканда жалғасады. Тойға шақырылғандардың арасында Малайзия королі Абдул Халим Муадзам Шах, министрлер, елшілер және т.б. лауазымды тұлғалар бар. Нуриана Наджве мен Данияр Кесікбаев бір-бірімен АҚШ-та оқып жүргенде танысқан. Премьер-министрдің қызы Вашингтонның Джорджтаун университетінде білім…

